Қате туралы хабарларға жауап беру
Қате орын алғанда, төмендегі процедуралардың біреуін орындау арқылы қате мәліметтерін көрсетіңіз. Одан кейін, осы тарауда көрсетілген мысалдарға сүйене отырып қате салдарын жойыңыз.
- [View info/Ақпаратты қарау] экранында түймесін басыңыз.
- [Wi-Fi on/Wi-Fi қосулы] терезесінде [Error details/Қате мәліметтері] параметрін таңдаңыз.
11 | 12 | ||||||
21 | 22 | 23 | |||||
61 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 |
91 | |||||||
121 | 125 | 126 | 127 | ||||
130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | ||
141 | 142 |
Ескертпе
- Қате орын алғанда, [Err**/Қате**] белгішесі [Wi-Fi/Bluetooth connection/Wi-Fi/Bluetooth қосылымы] экранының жоғарғы оң жағында көрсетіледі. Ол камераның қуаты күйіне орнатылған кезде жоғалады.
11: Connection target not found (Қосылым мақсаты табылмады)
-
[] жағдайында Camera Connect іске қосылым тұр ма?
-
[] жағдайында EOS бағдарламалық жасақтамасы жұмыс істеп тұр ма?
-
[] жағдайында принтер қуаты қосылған ба?
- Принтерді қосыңыз.
-
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей құпия сөзді пайдалану үшін орнатылған ба?
12: Connection target not found (Қосылым мақсаты табылмады)
-
Мақсатты құрылғы және кіру нүктесінің қуаты қосылған ба?
- Мақсатты құрылғыны және кіру нүктесін қосыңыз, одан кейін біраз күтіңіз. Қосылым әлі де орнатылмаса, қосылымды орнату процедураларын қайтадан орындаңыз.
21: No address assigned by DHCP server (DHCP сервері арқылы ешқандай мекенжай тағайындалмады)
Камерада тексерілуі керек нәрсе
-
Камерада IP мекенжайы [Auto setting/Авто орнату] параметріне орнатылады. Осы дұрыс параметр ме?
DHCP серверінде тексерілетін нәрсе
-
DHCP сервер қуаты қосылған ба?
- DHCP серверін қосыңыз.
-
DHCP сервері арқылы тағайындау үшін жеткілікті мекенжайлар бар ма?
- DHCP сервері арқылы тағайындалған мекенжайлар санын арттырыңыз.
- Пайдаланудағы мекенжайлар санын азайту үшін құрылғылардың DHCP сервері арқылы тағайындалған мекенжайларын желіден алып тастаңыз.
-
DHCP сервері дұрыс жұмыс істеп тұр ма?
- DHCP сервері ретінде дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін DHCP сервер параметрлерін тексеріңіз.
- Қажет болса, DHCP сервері қолжетімді екеніне көз жеткізу үшін желілік әкімшіден сұраңыз.
22: No response from DNS server (DNS серверінен жауап жоқ)
Камерада тексерілуі керек нәрсе
-
Камерада DNS серверінің IP мекенжай параметрі сервердің нақты мекенжайына сәйкес пе?
DNS серверінде тексерілетін нәрсе
-
DNS сервер қуаты қосылған ба?
- DNS серверін қосыңыз.
-
IP мекенжайлары үшін DNS сервер параметрлері және тиісті атаулар дұрыс па?
- DNS серверінде IP мекенжайлар және тиісті атаулар дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
-
DNS сервері дұрыс жұмыс істеп тұр ма?
- DNS сервері ретінде дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін DNS сервер параметрлерін тексеріңіз.
- Қажет болса, DNS сервері қолжетімді екеніне көз жеткізу үшін желілік әкімшіден сұраңыз.
Жалпы алғанда желіде тексерілетін нәрсе
-
Желі құрамында шлюз қызметін атқаратын жол бағыттағыштар не ұқсас құрылғылар бар ма?
23: Device with same IP address exists on selected network (Таңдалған желіде IP мекенжайы бірдей құрылғы бар)
-
Камера желісіндегі басқа құрылғы камерамен бірдей IP мекенжайын пайдалануда ма?
- Желідегі басқа құрылғымен бірдей мекенжайдың пайдалануын болдырмау үшін камераның IP мекенжайын өзгертіңіз. Олай болмаса, көшірме мекенжайы бар құрылғының IP мекенжайын өзгертіңіз.
- Камераның IP мекенжайы DNS серверін пайдаланатын желі орталарында [Manual setting/Қолмен орнату] параметріне орнатылса, параметрді [Auto setting/Авто орнату] параметріне өзгертіңіз ().
Ескертпе
-
21–23-ші қате туралы хабарларға жауап беру
-
21–23-ке дейін нөмірленген қателерді қарастыру кезінде келесі тармақтарды да тексеріңіз.
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей құпия сөзді пайдалану үшін орнатылған ба?
61: Selected SSID wireless LAN network not found (Таңдалған SSID сымсыз LAN желісі табылмады)
-
Камера және кіру нүктесі антеннасының байланысу сызығын жауып қойған кедергілер бар ма?
Камерада тексерілуі керек нәрсе
-
Камерада орнатылған SSID идентификаторы тиісті кіру нүктесіне сәйкес пе?
- SSID идентификаторын кіру нүктесінде тексеріңіз, одан кейін дәл сол SSID идентификаторын камераға орнатыңыз.
Кіру нүктесінде тексерілуі керек нәрсе
-
Кіру нүктесі қосылған ба?
- Кіру нүктесінің қуатын қосыңыз.
-
Егер MAC мекенжайының фильтрлеуі белсенді болса, қолданыстағы камераның MAC мекенжайы кіру нүктесінде тіркелген бе?
63: Wireless LAN authentication failed (Сымсыз LAN желісінің түпнұсқалығын растау орындалмады)
-
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей шифрлау кілтін пайдалану үшін орнатылған ба?
- Камера келесі аутентификация әдістерін қолдайды: [Open system/Ашық жүйе], [Shared key/Ортақ кілт] және [WPA/WPA2-PSK].
-
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей құпия сөзді пайдалану үшін орнатылған ба?
- Үлкен және кіші әріптерді тексеріңіз және камерада түпнұсқалықты растау үшін дұрыс құпия сөздің орнатылғанын тексеріңіз.
-
Егер MAC мекенжайының фильтрлеуі белсенді болса, қолданыстағы камераның MAC мекенжайы кіру нүктесінде тіркелген бе?
64: Cannot connect to wireless LAN termina (Сымсыз LAN ұясына қосылу мүмкін емес)
-
Камера және кіру нүктесі бірдей шифрлау кілтін пайдалану үшін орнатылған ба?
- Камера келесі шифрлау әдістерін қолдайды: WEP, TKIP және AES.
-
Егер MAC мекенжайының фильтрлеуі белсенді болса, қолданыстағы камераның MAC мекенжайы кіру нүктесінде тіркелген бе?
65: Wireless LAN connection lost (Сымсыз LAN қосылымы жоғалды)
-
Камера және кіру нүктесі антеннасының байланысу сызығын жауып қойған кедергілер бар ма?
- Кіру нүктесі антеннасын камераға анық көрінетін бұрышқа жылжытыңыз.
-
Wi-Fi қосылымы, белгілі себептер бойынша, жоғалып кетті және қосылымды қайта қалпына келтіру мүмкін емес.
66: Incorrect wireless LAN password (Сымсыз LAN құпия сөзі дұрыс емес)
-
Камера және кіру нүктесі аутентификацияға арналған бірдей құпия сөзді пайдалану үшін орнатылған ба?
-
Үлкен және кіші әріптерді тексеріңіз және камерада түпнұсқалықты растау үшін дұрыс құпия сөздің орнатылғанын тексеріңіз.
-
67: Incorrect wireless LAN encryption method (Сымсыз LAN шифрлау әдісі дұрыс емес)
-
Камера және кіру нүктесі бірдей шифрлау кілтін пайдалану үшін орнатылған ба?
- Камера келесі шифрлау әдістерін қолдайды: WEP, TKIP және AES.
-
Егер MAC мекенжайының фильтрлеуі белсенді болса, қолданыстағы камераның MAC мекенжайы кіру нүктесінде тіркелген бе?
68: Cannot connect to wireless LAN terminal. Retry from the beginning. (Бірнеше сымсыз LAN ұялары табылды. Қосылу мүмкін емес. Басынан қайталаңыз.)
-
Кіру нүктесінің WPS (Wi-Fi желісін қауіпсіз орнату) түймесін уақыттың көрсетілген мерзімі үшін басып тұрдыңыз ба?
- WPS түймесін кіру нүктесінің нұсқаулығында көрсетілген уақытқа басып ұстап тұрыңыз.
-
Кіру нүктесінің жанындағы қосылымды орнатуға талпынып тұрсыз ба?
- Екі құрылғы бір бірінің жету аясында болған кезде қосылым орнатуға тырысыңыз.
69: Multiple wireless LAN terminals have been found. Cannot connect. Retry from the beginning. (Бірнеше сымсыз LAN ұялары табылды. Қосылу мүмкін емес. Басынан қайталаңыз.)
-
Байланыс WPS (Wi-Fi желісін қауіпсіз орнату) түйме басу қосылым режиміндегі (PBC режимі) басқа қол жеткізу нүктесі арқылы орындалуда.
- Қосылымды орнатуға әрекет етпестен бұрын біраз күтіңіз.
91: Other error (Басқа қате)
-
11- 69 қат кодының нөмірінен басқа проблема орын алды.
- Камераның қуат қосқышын өшіріп, қосыңыз.
121: Not enough free space on server (Серверде жеткілікті бос орын жоқ)
-
Мақсатты веб серверде жеткілікті бос орын жоқ.
- Веб сервердегі қажетсіз суреттерді жойыңыз, ондағы бос орынды тексеріңіз, одан кейін деректер қайтадан жіберіп көріңіз.
125: Check the network settings (Желі параметрлерін тексеру)
-
Желі қосылған ба?
- Желінің қосылым күйін тексеріңіз.
126: Could not connect to server (Серверге қосылу мүмкін болмады)
-
Веб-қызметке қосылу мүмкін болмады.
- Қызметке кейінірек кіріп көріңіз.
-
Желі қосылған ба?
- Желінің қосылым күйін тексеріңіз.
127: An error has occurred (Қате орын алды)
-
Камера веб-қызметке қосылып тұрғанда 121-126 қате коды нөмірінен басқа проблема орын алды.
- Image.canon қызметіне Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.
130: The server is currently busy
Please wait a moment and try again (Сервер қазір бос емес. Бір сәт күтіңіз және әрекетті қайталаңыз)
-
image.canon сайты қазір бос емес.
- image.canon сайтына Wi-Fi арқылы кейінірек қайтадан кіріп көріңіз.
131: Try again (Әрекетті қайталаңыз)
-
image.canon сайтына Wi-Fi арқылы қосылу кезінде қате орын алды.
- Image.canon қызметіне Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.
132: Error detected on server
Try again later (Серверде қате анықталды. Әрекетті кейінірек қайталаңыз)
-
image.canon сайты техникалық қызмет көрсету үшін қазір офлайн.
- image.canon сайтына Wi-Fi арқылы кейінірек қайтадан кіріп көріңіз.
133: Cannot log in to Web service (Веб-қызметке кіру мүмкін емес)
-
image.canon жүйесіне кіру кезінде қате орын алды.
- image.canon параметрлерін тексеріңіз.
- image.canon сайтына Wi-Fi арқылы кейінірек қайтадан кіріп көріңіз.
134: Set the correct date and time (Дұрыс күн мен уақытты орнату)
-
Күн, уақыт және уақыт белдеуі параметрлері дұрыс емес.
- [: Date/Time/Zone/: Күн/Уақыт/Белдеу] параметрлерін тексеріңіз.
135: Web service settings have been changed (Веб-қызмет параметрлері өзгертілген)
-
image.canon үшін параметрлер өзгерген.
- image.canon параметрлерін тексеріңіз.
141: Printer is busy. Try connecting again. (Принтер бос емес. Қосылуды қайта көріңіз.)
-
Принтер басып шығару жұмысын орындауда ма?
- Басып шығару процесі аяқталғаннан кейін принтерге Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.
-
Принтерге басқа камера Wi-Fi арқылы қосылған ба?
- Басқа камераға Wi-Fi қосылымы тоқтатылғаннан кейін принтерге Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.
142: Could not acquire printer information. Reconnect to try again. (Принтер ақпаратын алу мүмкін болмады. Әрекетті қайталау үшін қайта қосыңыз.)
-
Принтер қуаты қосулы ма?
- Принтерді қосқаннан кейін Wi-Fi қосылымын қайтадан орнатып көріңіз.