Ұзақ (Шам) экспозициялар
Бұл режимде, ысырма түймесін толық басып тұрған кезде ысырма ашық күйінде тұрады және ысырма түймесін жібергенде жабылады. Шам экспозицияларын түнгі көріністер, отшашулар, астрофотография және ұзақ экспозицияны талап ететін басқа нысандар үшін пайдаланыңыз.
-
Режим дискісін M күйіне орнатыңыз.
-
Ысырма жылдамдығын [BULB/ШАМ] параметріне орнатыңыз.
- [BULB/ШАМ] параметріне орнату үшін дискісін солға бұраңыз.
-
Қажетті апертура мәнін орнатыңыз.
- Апертура мәнін таңдау үшін пернесін басыңыз, одан кейін мәнді орнату үшін дискісін бұраңыз.
-
Суретке түсіріңіз.
- Экспозиция ысырма түймесін толық басып ұстап жібергенше жалғасады.
- Өткен экспозиция уақыты экранда көрсетіледі.
Ескерту
Ескертпе
- Ұзақ экспозициялар кезінде шығарылатын шуды [: Long exp. noise reduction/: Ұзақ эксп. шуын азайту] параметрін () пайдалану арқылы азайтуыңызға болады.
- Шам экспозициялары үшін мосы пайдалану ұсынылады.
- Шам экспозицияларын RS-60E3 қашықтық ауыстырып-қосқышымен (бөлек сатылады, ) де түсіре аласыз.
- Шам экспозицияларын BR-E1 сымсыз қашықтан басқару құралын (бөлек сатылады, ) пайдалану арқылы түсіруіңізге де болады. Қашықтықтан басқару пультінің босату (өткізу) түймесін басқан кезіңізде, шам экспозициясы бірден немесе 2 сек. кештеу іске қосылады. Шам экспозициясын тоқтату үшін түймені қайта басыңыз.