Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы (IS режимі))

Объектив арқылы суретті тұрақтандыру түсіру кезінде камераның шайқалуын азайтады. IS қосқышы жоқ IS объективтерін пайдалану кезінде объективтің IS функциясын белсендіру үшін, [IS mode/IS режимі] опциясын келесідей жолмен [On/Қосулы] мәніне орнатыңыз. IS қосқышы бар IS объективтерін пайдалану кезінде [IS mode/IS режимі] параметрі көрсетілмейтінін ескеріңіз. Мұндай жағдайда, объективтің IS қосқышын ON күйіне орнату объектив арқылы тұрақтандыруды белсендіреді.

  1. [Түсіру: IS (Image Stabilizer) mode/Түсіру: IS (Сурет тұрақтандырғышы) режимі] параметрін таңдаңыз.

  2. [IS mode/IS режимі] опциясын таңдаңыз.

    • [Off/Өшірулі]

      Суретті тұрақтандыруды өшіреді.

    • [On/Қосу]

      Камераның шайқалуы түзетіледі.

Ескерту

  • Кейбір жағдайларда, бұл белгілі бір объективтер үшін жеткілікті тұрақтандыруды қамтамасыз етпеуі мүмкін.

Ескертпе

  • Фильм жазу үшін сурет тұрақтандыруы туралы мәліметтерді Сандық фильм IS бөлімінен қараңыз.