Батареяны зарядтау

  1. Батареямен берілген қорғаныс қақпағын ажыратыңыз.

  2. Батареяны зарядтау құрылғысына толық кіргізіңіз.

    • Батареяны шығарып алу үшін керісінше жасаңыз.
  3. Батареяны зарядтаңыз.

    • Зарядтағыштың істікшелерін суретте көрсетілгендей жолмен ажыратып, зарядтағышты қуат розеткасына жалғаңыз.
    • Зарядтау автоматты түрде басталады және зарядтау шамы (1) қызғылт сары болып жанады.
    • Батарея толығымен зарядталған кезде, толық зарядталу шамы (2) жасыл болып жанады.
    • Заряды толығымен өшкен батареяны бөлме температурасында (23°C) зарядтау шамамен 2 сағ. уақытты алады.

      Батареяны зарядтауға жұмсалатын уақыт орта температурасына және батареяның қалған зарядына байланысты әр түрлі болады.

    • Қауіпсіздік үшін төмен температураларда (5–10°C) зарядтау үшін ұзақ уақыт (шамамен 4 сағатқа дейін) кетеді.
  • Сатып алынған кезде батарея толығымен зарядталмаған болады.

    Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз.

  • Батареяны пайдаланудан бір күн бұрын немесе пайдаланылатын күні зарядтаңыз.

    Зарядталған батареялар өздерінің зарядын олар пайдаланылмаған кезде де біртіндеп жоғалтады.

  • Батареяны зарядтағаннан кейін оны шығарып алыңыз және зарядтау құралын розеткадан алыңыз.

  • Камераны пайдаланбаған кезде батареяны алып тастаңыз.

    Егер батарея камера ішінде ұзақ уақытқа қалса, қуат тогының аз бөлігі босатылады және ол зарядтың жылдам таусылуына және батареяның жарамдылық мерзімінің қысқаруына себеп болады. Батареяның қорғаныс қақпағын бекітіп сақтаңыз. Батареяны толығымен зарядтап сақтау оның өнімділігін нашарлатуы мүмкін.

  • Сондай-ақ, зарядтау құрылғысын басқа елдерде де пайдалануға болады.

    Зарядтау құрылғысы 100 В АТ - 240 В АТ 50/60 Гц қуат көзімен үйлесімді болып табылады. Қажет болса, тиісті ел немесе аймақ үшін сатып алуға болатын аша адаптерін жалғаңыз. Зарядтау құрылғысына ешқандай тасымалды кернеу трансформаторын жалғамаңыз. Осылай істеу зарядтау құрылғысын зақымдауы мүмкін.

  • Егер батарея толығымен зарядталғаннан кейін де жылдам таусылатын болса, ол батареяның қызмет көрсету мерзімінің аяқталғандығын білдіреді.

    Жаңа батарея сатып алыңыз.

Ескерту

  • Зарядтау құрылғысының қуат вилкасын ажыратқаннан кейін айырға шамамен 5 сек. тимеңіз.
  • Берілген зарядтау құрылғысы LP-E17 батарея жинағынан басқа ешқандай батареяны зарядтай алмайды.