Tv: Ысырма артықшылығы бар AE
Бұл режимде сіз ысырма жылдамдығын орнатқан кезде, камера, нысанның ашықтығын сәйкестеу мақсатымен стандартты экспозицияға қол жеткізу үшін апертура мәнін автоматты түрде орнатады. Жылдам ысырма жылдамдығы жылжыған нысанның қозғалысын қатыра алады. Баяу ысырма жылдамдығы өңдік әсер жасап, қозғалыс сезімін береді.
Tv Уақыт мәнін (Time value) білдіреді.
Бұлыңғыр қимыл
(Жай ысырма жылдамдығы: 1/30 сек.)
Қатқан қозғалыс
(Тез ысырма жылдамдығы: 1/2000 сек.)
-
Режим дискісін Tv күйіне орнатыңыз.
-
Қажетті ысырма жылдамдығын орнатыңыз.
- Оны орнату үшін дискісін бұраңыз.
-
Нысанға фокустаңыз.
- Ысырма түймесін жартылай басыңыз.
-
Дисплейді тексеріңіз және түсіріңіз.
- Апертура мәні жыпылықтамаған кезде стандартты экспозицияға қол жеткізіледі.
Ескерту
-
Егер минималды апертура мәні жыпылықтаса, ол жеткіліксіз экспозицияны білдіреді.
дискісін апертура мәні жыпылықтауын тоқтатқанша баяу ысырма жылдамдығын орнату үшін бұраңыз немесе жоғарғы ISO көрсеткішін орнатыңыз.
-
Егер ең жоғарғы апертура мәні жыпылықтаса, ол жарықта көп ұсталуды білдіреді.
дискісін апертура мәні жыпылықтауын тоқтатқанша жылдам ысырма жылдамдығын орнату үшін бұраңыз немесе төменгі ISO көрсеткішін орнатыңыз.
Ескертпе
-
Ысырма жылдамдығының көрінісі
- 1/4 секундтан жай ысырма жылдамдықтары үшін дисплей деноминатор пішімінен “ күйіне өзгереді. Мысалы, «0"5» белгісі 0,5 сек. дегенді, ал «15"» белгісі 15 сек. дегенді білдіреді.