Авторлық құқық туралы ақпарат

Авторлық құқық туралы ақпаратты орнатқан кезде, ол суретке Exif ақпараты ретінде жазылады.

  1. [Орнату: Copyright information/Орнату: Авторлық құқық туралы ақпарат] параметрін таңдаңыз.

  2. Параметрді таңдаңыз.

  3. Мәтін енгізіңіз.

    • Таңба таңдау үшін Жоғары пернесіТөмен пернесіСолға пернесіОңға пернесі пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін оны енгізу үшін Жылдам басқару/Орнату түймесі түймесін басыңыз.
    • [Кіріс режимі] тармағын таңдау арқылы кіріс режимін өзгерте аласыз.
    • Таңбаны жою үшін [Жою] параметрін таңдаңыз.
  4. Параметрден шығыңыз.

    • MENU түймесін басыңыз, одан кейін [OK] түймесін басыңыз.

Авторлық құқық туралы ақпаратты тексеру

2-қадамда [Display copyright info./Авторлық құқық туралы ақпаратты көрсету] тармағын таңдағанда сіз енгізген [Author/Автор] және [Copyright/Авторлық құқық] ақпаратын тексере аласыз.

Авторлық құқық туралы ақпаратты жою

2-қадамда [Delete copyright information/Авторлық құқық туралы ақпаратты жою] тармағын таңдағанда, [Author/Автор] және [Copyright/Авторлық құқық] ақпаратын жоя аласыз.

Ескерту

  • Егер «Автор» немесе «Авторлық құқық» жазбасы ұзын болса, [Display copyright info./Авторлық құқық туралы ақп.көрс.] параметрі таңдалған кезде толығымен көрсетілмеуі мүмкін.

Ескертпе

  • Сондай-ақ, авторлық құқық туралы ақпаратты EOS Utility (EOS бағдарламалық жасақтамасы) арқылы орната не тексере аласыз.