Ақаулықтарды жою нұсқауы
- Қуатқа қатысты проблемалар
- Түсіруге қатысты проблемалар
- Сымсыз мүмкіндіктердегі проблемалар
- Операция проблемалары
- Көрсету проблемалары
- Ойнату проблемалары
- Сенсорды тазалау проблемалары
- Компьютердің қосылым проблемалары
Егер камерада бір ақаулық орын алса, алдымен осы «Ақаулықтарды жою нұсқауын» қараңыз. Егер осы «Ақаулықтарды жою нұсқауы» мәселені шешпесе, дилеріңізге не жақын Canon қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қуатқа қатысты проблемалар
Батарея зарядталмайды.
- Берілген LC-E19 батареяны зарядтау құрылғысы тек LP-E19 батарея жинағына арналған.
- Зарядтау немесе зарядтау құрылғысы ақауларының жағдайында Батареяны зарядтау бөлімін қараңыз.
Қуат қосқышы күйіне орнатылатын болса, камера іске қосылмайды.
- Батареяның камераға тиісті түрде салынғанын тексеріңіз ().
- Карта ұяшығының қақпағы жабылғандығына көз жеткізіңіз ().
- Батареяны зарядтаңыз ().
Қуат қосқышы күйіне орнатылған кезде де қатынасу шамы әлі де жанады немесе жыпылықтайды.
- Егер суреттің картаға жазылуы барысында қуат өшірілген болса, қатынасу шамы бірнеше секунд қосулы болады немесе жыпылықтауын жалғастырады. Суретті жазу аяқталған кезде қуат автоматты түрде өшіріледі.
[Battery communication error. Does this battery/do these batteries display the Canon logo?/Батареяның байланыс қатесі. Осы батарея/батареялар Canon логотипін көрсетеді ме?] сұрағы көрсетіледі.
- Түпнұсқалы Canon LP-E19 батарея жинағынан басқа ешқандай батарея жинақтарын пайдаланбаңыз.
- Батареяны алып, қайта орнатыңыз ().
- Егер электр байланыстары кір болса, оларды тазалау үшін жұмсақ матаны қолданыңыз.
Батарея заряды жылдам таусылады.
- Толық зарядталған батареяны пайдаланыңыз ().
- Батареяның өнімділігі азаюы мүмкін. Батарея зарядының өнімділік деңгейін тексеру үшін [: Battery info./:Батарея туралы ақп.] тармағын қараңыз (). Батарея өнімділігі нашар болса, батарея жиынын жаңасымен алмастырыңыз.
-
Қолжетімді түсірілімдер саны төмендегі операциялардың кез келгенімен азаяды:
- Ысырма түймесін ұзақ уақыт жартылай басып тұру.
- AF функциясын суретке түсірмей жиі белсендіру.
- Объективтің Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) функциясын пайдалану.
- GPS пайдалану.
- Экранды жиі пайдалану.
- Ұзақ уақыт мерзімі үшін Live View арқылы түсіруді немесе фильм жазуды жалғастыру.
- Сымсыз байланыс функциясын пайдалану.
Камера өздігінен өшеді.
- Автоматты қуат өшіру қосулы. Автоматты қуат өшіруді ажырату үшін [: Auto power off/:Автоматты қуат өшіру] параметрін [Disable/Өшіру] күйіне () орнатыңыз.
- [: Auto power off/:Автоматты қуат өшіру] параметрі [Disable/Өшіру] мәніне орнатылса да, экран камера шамамен 30 мин. әрекетсіз болғаннан кейін әлі де өшеді. (камераның өзі қосулы тұрса да).
Түсіруге қатысты проблемалар
Объективті тіркеу мүмкін емес.
Көріністапқыш қараңғы.
Сурет түсірілмейді немесе жазылмайды.
- Картаның тиісті түрде орнатылғандығына көз жеткізіңіз ().
- Карта толы болса картаны ауыстырыңыз немесе орын босату үшін керек емес суреттерді жойыңыз (, ).
- Түсіру Бір түсірілім AF кезінде фокустау көрсеткіші көріністапқышта жыпылықтап тұрғанда немесе Live View арқылы түсіру немесе фильм жазу кезінде AF нүктесі қызғылт сары кезде мүмкін болмайды. Автоматты түрде қайта фокустау не қолмен фокустау үшін ысырма түймесін жартылай қайта басыңыз ().
Картаны пайдалану мүмкін емес.
- Карта қатесі туралы хабар көрсетілсе, Карталарды салу/шығарып алу және Қате кодтары бөлімдерін қараңыз.
Суретке түсіру үшін, ысырма түймесін екі рет бастым.
- [: Mirror lockup/:Айнаны блоктау] параметрін [Disable/Өшіру] мәніне орнатыңыз.
Сурет фокустан тыс немесе бұлыңғыр.
- Объектив фокустау режимінің қосқышын күйіне () орнатыңыз.
- Камера шайқалуын болдырмау үшін ысырма түймесін ақырындап басыңыз (, ).
- Егер объектив Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) функциясымен жабдықталған болса, Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) қосқышын күйіне орнатыңыз.
- Төмен жарықтылықта ысырма жылдамдығы баяу болуы мүмкін. Ысырманың жоғарырақ жылдамдығын пайдаланыңыз (), жоғарырақ ISO көрсеткішін орнатыңыз (), жарқылды пайдаланыңыз () немесе мосыны пайдаланыңыз.
- Бұлдыраған фотосуреттерді азайту бөлімін қараңыз.
AF нүктелері аз немесе AF аймағы жақтауының кескіні басқаша.
- Пайдаланылған объективке байланысты, пайдаланылатын AF нүктелері саны, AF нүктесінің өрнектері саны, AF жақтауының кескіні, т.б. әртүрлі болады ().
AF нүктесі жыпылықтайды немесе екі AF нүктесі көрсетіледі.
- түймесі басылған кезде AF нүктесінің жыпылықтауы немесе жануы туралы мәліметтерді AF аймағы мен AF нүктесін таңдау (Көріністапқышпен түсіру) бөлімінен қараңыз.
- Тіркелген орындардағы AF нүктелері жыпылықтауда (, ).
- Қолмен таңдалған AF нүктелері (немесе аймақтары) және тіркелген AF нүктелері көрсетіледі (, ).
Фокусты құлыптау және түсірілімді қайта ұйымдастыру мүмкін емес.
- AF операциясын One-Shot AF (Бір түсірілім AF) параметріне орнатыңыз (). Фокус құлыптаулы кезде түсіру AI Servo AF/Servo AF функциясымен мүмкін емес ( ).
Үздіксіз түсіру жылдамдығы төмен.
- Жоғары жылдамдықты үздіксіз түсіру пайдаланылған қуат түріне, батарея деңгейіне, орта температурасына, ISO көрсеткiшiне, жыпылықтауды азайтуға, ысырма жылдамдығына, апертура мәніне, үздіксіз түсіру кезіндегі апертура күйіне, нысан жағдайларына, ашықтыққа, объектив түріне, жарқыл қолданысына, түсіру функциясының параметрлеріне және басқа жағдайларға байланысты жайлау болуы мүмкін. Мәліметтерді Жетек режимін таңдау бөлімінен қараңыз.
Үздіксіз түсіру барысындағы максималды жарқыл төменірек.
- Ұсақ бөліктері бар нысанды түсірсеңіз (өріс немесе шөп сияқты), файл өлшемі үлкенірек болады және максималды жарқыл Өнімділік деректері бөлімінде көрсетілген саннан төменірек болуы мүмкін.
Картаны өзгерткеннен кейін де үздіксіз түсіру үшін көрсетілген максималды жарқыл өзгермейді.
- Көріністапқышта көрсетілген шамаланған максималды жарқыл карталарды ауыстырған кезіңізде жоғары жылдамдықты картаға ауыссаңыз да өзгермейді. Өнімділік деректері бөліміндегі кестеде көрсетілген максималды жарқыл стандартты Canon сынақ картасына негізделген, картаның жазу жылдамдығы жылдамырақ болса, нақты максималды жарқыл соғұрлым жоғары болады.). Осы себептен, көріністапқышта көрсетілгендей шамаланған максималды жарқыл нақты максималды жарқылдан басқаша болуы мүмкін.
ISO көрсеткіштерін фотосуреттер түсіру үшін таңдау мүмкін емес.
- ISO көрсеткішінің ауқымында минималды жылдамдық [: Highlight tone priority/:Ашық реңк артықшылығы] параметрі [Enable/Қосу] немесе [Enhanced/Жақсартылған] мәніне орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
Кеңейтілген ISO көрсеткіштерін фотосуреттер түсіру үшін таңдау мүмкін емес.
- [ISO speed range/ISO көрсеткiшiнің ауқымы] параметрін [: ISO speed settings/:ISO көрсеткішінің параметрлері] астында тексеріңіз.
- Кеңейтілген ISO көрсеткіштері [: Highlight tone priority/:Ашық реңк артықшылығы] параметрі [Enable/Қосу] немесе [Enhanced/Жақсартылған] мәніне орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
- Кеңейтілген ISO көрсеткіштері [: HDR shooting /:HDR арқылы түсіру ] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
Азайтылған экспозиция компенсациясы орнатылса да, сурет ашық болып шығады.
- [: Auto Lighting Optimizer/:Авто жарықтылықты оңтайландырғыш] параметрін [Disable/Өшіру] мәніне () орнатыңыз. [Low/Төмен], [Standard/Стандартты] немесе [High/Жоғары] орнатылған кезде, азайтылған экспозиция компенсациясын немесе жарқыл экспозициясының компенсациясын орнатқанның өзінде сурет ашық болып шығуы мүмкін.
Қол экспозициясы және ISO авто екеуі де орнатылғанда, экспозиция компенсациясын орната алмаймын.
- M: Қол экспозициясы бөлімін экспозиция компенсациясын орнату үшін қараңыз.
- Экспозиция компенсациясы жарқылмен суретке түсіруде орындалмайды.
Объектив аберрациясын түзету параметрлерінің барлығы көрсетіле бермейді.
- [Chromatic aberr corr/Хроматикалық аберрацияны түзету] және [Diffraction correction/Бұрмалануды түзету] параметрлері [Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] параметрі [Enable/Қосу] мәніне орнатылғанда көрсетілмесе де, екі функция да түсіруде [Enable/Қосу] мәніне орнатылғандағыдай қолданылады.
- Фильм жазу кезінде [Digital Lens Optimizer/Сандық объектив оңтайландырғышы] немесе [Distortion correction/Бұрмалануды түзету] параметрі көрсетілмейді.
Суреттер бірнеше экспозициялы түсіруде түсіргеннен кейін көрсетілмейді.
- [On:ContShtng/Қосу:Басқ.Ауыс.] параметрі орнатылған кезде, суреттер түсіруден кейін қарап шығу үшін көрсетілмейді және суретті ойнату қолжетімді болмайды ().
режимінде жарқылды пайдалану ысырма жылдамдығын төмендетеді.
- Нысандар мен өңдер үшін қолайлы экспозицияны қамтамасыз ету үшін ысырма жылдамдығы түнгі көріністерде немесе ұқсас өңдерде көмескі жарық астындағы түсірілімдер үшін автоматты түрде азайтылады (жай синхр. түсіру). Жай ысырма жылдамдығын болдырмау үшін [Flash sync. speed in Av mode/Av режимі астындағы жарқылды синх.жылд.] параметрін [: External Speedlite control/:Сыртқы Speedlite басқару элементі] терезесінде [1/250-1/60sec. auto / 1/250-1/60 сек. авто] немесе [1/250 sec. (fixed) / 1/250 сек. (бекітілген)] мәніне () орнатыңыз.
Жарқыл жанбайды.
- Жарқыл құрылғысының (немесе синхрондау сымы) камераға мықтап тіркелгенін тексеріңіз.
- Жарқылды Live View арқылы түсіруде пайдалану кезінде [: Shutter mode/:Ысырма режимі] параметрін [Electronic/Электронды] параметрінен () басқа параметрге орнатыңыз.
Жарқыл әрқашан толық күшімен жанады.
- Автожарқыл режимінде пайдаланылған EL/EX сериялы Speedlite құралдарынан басқа жарқыл құрылғылары әрқашан толық күшпен жанады ().
- [Flash metering mode/Жарқыл өлшеу режимі] үшін жарқылдың теңшелетін функциясының параметрі [TTL flash metering/TTL жарқылын өлшеу] (авто жарқыл) күйіне орнатылған кезде, жарқыл әрқашан толық күшімен жанады ().
Жарқыл экспозициясының компенсациясын орнату мүмкін емес.
- Егер жарқыл экспозициясының компенсациясы әлдеқашан Speedlite жарқылымен орнатылған болса, жарқыл экспозициясының компенсациясы камерамен орнатылмайды. Сыртқы Speedlite жарқыл экспозициясының компенсациясы болдырылмаған кезде (0 болып орнатылған), жарқыл экспозициясының компенсациясын камерамен орнатуға болады.
Жоғары жылдамдықты синхрондау режимінде қолжетімді емес.
- [Flash sync. speed in Av mode/Av режимі астындағы жарқылды синх.жылд.] параметрін [: External Speedlite control/:Сыртқы Speedlite құралын басқару] терезесінде [Auto/Авто] мәніне () орнатыңыз.
Live View арқылы түсіре алмаймын.
- [: Live View shoot./:Live View арқылы түсіру] параметрін [Enable/Қосу] мәніне орнатыңыз.
Live View арқылы түсіру кезінде ақ немесе қызыл белгішесі көрсетіледі.
- Бұл камераның ішкі температурасы жоғары екенін білдіреді. Фотосуреттердің сурет сапасы ақ [] белгішесі көрсетілгенде нашар болуы мүмкін. Ал, қызыл [] белгішесі көрсетілетін болса, бұл Live View арқылы түсірудің автоматты түрде өшетінін білдіреді ().
Фильм жазу кезінде қызыл белгішесі көрсетіледі.
- Бұл камераның ішкі температурасы жоғары екенін білдіреді. Ал, қызыл [] белгішесі көрсетілетін болса, бұл фильм жазудың автоматты түрде өшетінін білдіреді ().
Фильмге жазу өздігінен тоқтайды.
- Егер картаның жазу жылдамдығы төмен болса фильм жазу автоматты түрде тоқтауы мүмкін. Фильмдерді жаза алатын карталар үшін Өнімділік деректері бөлімін қараңыз. Картаның жазу жылдамдығын анықтау үшін, карта өндірушісінің веб-торабын, т.б. қараңыз.
- Картаның жазу немесе оқу жылдамдығы жай болып көрінсе, картаны баптандыру үшін төмен деңгейлі пішімдеу әрекетін орындаңыз ().
- Жазу фильміңіз 29 мин. 59 сек.-қа (немесе кадр жиілігі жоғары фильм үшін 7 мин. 29 сек.) жеткеннен кейін автоматты түрде тоқтайды.
ISO көрсеткішін фильм жазу үшін орнату мүмкін емес.
- ISO көрсеткіші // жазу режимінде автоматты түрде орнатылады. режимінде ISO көрсеткішін қолмен орната аласыз ().
- ISO көрсеткішінің ауқымында минималды жылдамдық [: Highlight tone priority/:Ашық реңк артықшылығы] параметрі [Enable/Қосу] немесе [Enhanced/Жақсартылған] мәніне орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
Кеңейтілген ISO көрсеткіштерін фильм жазу үшін таңдау мүмкін емес.
- [ISO speed range/ISO көрсеткiшiнің ауқымы] параметрін [: ISO speed settings/:ISO көрсеткішінің параметрлері] астында тексеріңіз.
- Кеңейтілген ISO көрсеткіштері [: Highlight tone priority/:Ашық реңк артықшылығы] параметрі [Enable/Қосу] немесе [Enhanced/Жақсартылған] мәніне орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
- Кеңейтілген ISO көрсеткіштері камера RAW фильмдері үшін орнатылған кезде қолжетімді болмайды.
Экспозиция фильм жазу кезінде өзгереді.
- Егер ысырма жылдамдығын немесе апертура мәнін фильм жазу кезінде өзгертсеңіз, экспозиция өзгерістері жазылуы мүмкін.
- Фильм жазу кезінде масштабтау орындайтын болсаңыз, бірнеше сынақ фильмдерін жазу ұсынылады. Фильм жазу кезінде масштабтау экспозиция өзгерістерін немесе объектив дыбыстарының жазылуын, тегіс емес дыбыс деңгейін, нақты емес объектив аберрациясын түзетуді немесе фокустың жоғалуын тудыруы мүмкін.
Фильмге жазу кезінде сурет жыпылықтайды немесе көлденең сызықтар пайда болады.
- Жыпылықтау, көлденең сызықтар (шу) немесе дұрыс емес экспозициялар фильм жазу кезінде флюоресцентті жарық, ЖШД жарығы немесе басқа жарық көздерінен пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, экспозиция өзгерістері (ашықтық) немесе түс реңкі өзгерістері де жазылуы мүмкін. немесе режимінде жай ысырма жылдамдығын пайдалану проблеманы азайтуы мүмкін.
Фильмге жазу кезінде нысан бұрмаланған болып көрінеді.
- Егер камераны солға немесе оңға (панорамалау) қозғалтсаңыз немесе қозғалыстағы нысанды түсірсеңіз, сурет бұрмаланған болып көрінуі мүмкін.
Дыбыс фильмдерде жазылмайды.
- Дыбыс кадр жиілігі жоғары фильмдерде жазылмайды.
Уақыт коды қосылмайды.
- Уақыт кодтары Кадр жиілігі жоғары фильмдерді [Count up/Санау] параметрі [: Time code/:Уақыт коды] терезесінде [Free run/Еркін іске қосу] мәніне орнатылып жазғанда қосылмайды (). Оған қоса, ешқандай уақыт коды HDMI бейне шығысына қосылмайды ().
Уақыт кодтары нақты уақытқа қарағанда алға жылдамырақ жылжиды.
Фильм жазу кезінде фотосуреттер түсіре алмаймын.
- Фильм жазу кезінде фотосуреттерді түсіру мүмкін емес. Фотосуреттер түсіру үшін фильм жазуды тоқтатыңыз және көріністапқышпен түсіру немесе Live View арқылы түсіру әрекеттерін орындаңыз.
Сымсыз мүмкіндіктердегі проблемалар
Смартфонмен жұптау мүмкін емес.
- Bluetooth Specification 4.1 немесе одан кейінгі нұсқасымен үйлесімді смартфонды пайдаланыңыз.
- Смартфон параметрлері экранында Bluetooth параметрін қосыңыз.
- Камерамен жұптау смартфонның Bluetooth параметрлері экранында мүмкін емес. Арнайы Camera Connect қолданбасын (тегін) смартфонға орнатыңыз ().
- Бұрын жұпталған смартфонмен жұптау басқа камераға тіркелген жұптау ақпараты смартфонда қалған жағдайда мүмкін емес. Бұл жағдайда, смартфондағы Bluetooth параметрлерінде сақталған камераның тіркеуін жойыңыз және әрекетті қайталаңыз ().
Wi-Fi функцияларын орнату мүмкін емес.
- Егер камера компьютерге немесе басқа құрылғыға интерфейс кабелімен қосылса, Wi-Fi функцияларын орнату мүмкін емес. Қандай да бір функцияларды орнатпастан бұрын интерфейс кабелін ажыратыңыз.
Интерфейс кабелімен қосылған құрылғыны пайдалану мүмкін емес.
- Компьютерлер сияқты басқа құрылғыларды камера құрылғыларға Wi-Fi арқылы қосылып тұрғанда оларды интерфейс кабелімен қосу арқылы камерамен пайдалану мүмкін емес. Интерфейс кабелін қоспастан бұрын Wi-Fi қосылымын тоқтатыңыз.
Түсіру және ойнату сияқты операциялар мүмкін емес.
- Wi-Fi қосылымы орнатылғанда түсіру және ойнату сияқты әрекеттер мүмкін болмайды. Wi-Fi қосылымын аяқтаңыз, одан кейін операцияны орындаңыз.
Смартфонды қайта қосу мүмкін емес.
- Бірдей камера мен смартфон тіркесінде де параметрлерді өзгертсеңіз немесе басқа параметрді таңдасаңыз, қайта қосылым бірдей SSID таңдалғаннан кейін де орнатылмауы мүмкін. Бұл жағдайда камера қосылымының параметрлерін смартфондағы Wi-Fi параметрлерінен жойыңыз және қосылымды қайтадан орнатыңыз.
- Қосылым параметрлерін қайта теңшеген кезіңізде Camera Connect қолданбасы іске қосылмай тұрса, қосылым орнатылмауы мүмкін. Бұл жағдайды Camera Connect қолданбасын біраз уақытқа жабыңыз, одан кейін оны қайта іске қосыңыз.
Операция проблемалары
Параметрлер фотосуретке түсіруден фильм жазуға немесе керісінше ауысқан кезімде өзгереді.
- Бөлек параметрлер фотосуреттер түсіру және фильмдер жазу кезінде пайдалану үшін сақталады.
Параметрді , , , немесе көмегімен өзгерту мүмкін емес.
- Қуат қосқышын күйіне () орнатыңыз.
- [6: Multi function lock/6:Мульти функция құлпы] параметрін () тексеріңіз.
Параметрлерді тік түсіру үшін , немесе көмегімен өзгерту мүмкін емес.
- Тік тұтқалы Қосу/Өшіру қосқышын күйіне орнатыңыз ().
- [7: Smart controller/7:Смарт басқару құралы] параметрін [Enable/Қосу] мәніне () орнатыңыз.
Сенсорлы операция мүмкін емес.
- [: Touch control/:Тиюді басқару] параметрінің [Standard/Стандартты] немесе [Sensitive/Сезімтал] мәніне () орнатылғанын тексеріңіз.
Камера түймесі немесе диск күтілгендей жұмыс істемейді.
Көрсету проблемалары
Дисплей [] Менің мәзірім мәзірімен немесе [] қойындысының өзімен басталады.
- [] қойындысындағы [Menu display/Мәзір дисплейі] параметрі [Display from My Menu tab/«Менің мәзірім» қойындысынан көрсету] немесе [Display only My Menu tab/Тек «Менің мәзірім» қойындысын көрсету] мәніне орнатылады. [Normal display/Қалыпты көрсету] параметрін () орнатыңыз.
Файл атының бірінші таңбасы астыңғы сызық болып табылады («_»).
- [: Color space/:Түстік кеңістік] параметрін [sRGB] мәніне орнатыңыз. [Adobe RGB] орнатылған болса, бірінші таңба астыңғы сызық болады ().
Файл атының төртінші таңбасы өзгереді.
- [: File name/:Файл атауы] параметрі [*** + image size/*** + сурет өлшемі] мәніне орнатылады. Камераның бірегей файл атауын немесе 1-пайдаланушы параметрі астында тіркелген файл атауын таңдаңыз ().
Файлды нөмірлеу 0001 санынан басталмайды.
Көрсетілген түсіру күні мен уақыты дұрыс емес.
Күн мен уақыт суретте жоқ.
- Түсіру күні мен уақыты суретте пайда болмайды. Сурет деректеріне түсіру ақпараты ретінде күн мен уақыт жазылады. Басып шығарған кезде түсіру ақпаратында жазылған күн мен уақытты пайдаланып суретке күн мен уақытты басуға болады ().
[###] көрсетіледі.
- Егер картаға жазылған суреттер саны камера көрсете алатын суреттер санынан асып кетсе, [###] көрсетіледі.
Экран таза суретті көрсетпейді.
- Экран кір болса, оны тазалау үшін жұмсақ матаны қолданыңыз.
- Экран дисплейі аздап төмен температурада баяу немесе жоғары температурада қара болып көрінуі мүмкін, бірақ ол бөлме температурасында қалыпты күйге оралады.
Ойнату проблемалары
Суреттің бір бөлігі қара болып жыпылықтайды.
Суретте қызыл терезе көрсетілген.
Сурет ойнату кезінде AF нүктелері көрсетілмейді.
- AF нүктелері қиылған суреттерді ойнатуда көрсетілмейді.
Суретті өшіру мүмкін емес.
Фотосуреттер мен фильмдерді ойнату мүмкін емес.
- Камера басқа камерамен алынған суреттерді ойната алмауы мүмкін.
- Компьютерде өңделген фильмдерді камерада ойнату мүмкін емес.
Тек бірнеше суретті ойнатуға болады.
- Суреттер ойнату үшін [: Set image search conditions/:Суретті іздеу шарттарын орнату] көмегімен сүзгіленген (). Суретті іздеу шарттарын тазалаңыз.
Механикалық дыбыстар немесе камера операцияларының дыбыстары фильм ойнату кезінде естілуі мүмкін.
- AF операциялары орындалса немесе камераны немесе объективті фильм жазу кезінде басқарсаңыз, камераның кірістірілген микрофоны объективтің механикалық дыбыстарын немесе камера/объектив операцияларының дыбыстарын да жазуы мүмкін. Бұл жағдайда сыртқы микрофон осы дыбыстарды азайтуы мүмкін. Дыбыстар сыртқы микрофонмен әлі де кедергі жасаса, сыртқы микрофонды камерадан шығарып алып, оны камера мен объективтен алыс орналастыру тиімдірек болуы мүмкін.
Фильм ойнату өздігінен тоқтайды.
-
Ұзартылған фильм ойнату немесе жоғары орта температурасында фильм ойнату камераның ішкі температурасының көтерілуіне әкелуі мүмкін және фильм ойнату автоматты түрде тоқтауы мүмкін.
Бұл орын алса, ойнату камераның ішкі температурасы төмендемегенше өшіріледі, сондықтан қуатты өшіріңіз және камераның салқындауын біраз күтіңіз.
Фильм бірден қатып пайда болады.
- Бағдарламалық AE арқылы жазу кезінде экспозиция деңгейіндегі айтарлықтай өзгеріс жазудың ашықтық тұрақтанғанша бірден тоқтауына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда режимінде түсіріңіз ().
Фильм жай қимылда ойнатылады.
- Кадр жиілігі жоғары фильмдер 29,97 кадр/сек. немесе 25,00 кадр/сек. жылдамдығында жазылатындықтан, олар 1/4 жылдамдығында жай қимылда ойнатылады.
Теледидарда сурет көрінбейді.
- [: Video system/:Видео жүйесі] параметрінің [For NTSC/NTSC үшін] немесе [For PAL/PAL үшін] мәніне теледидарыңыздың видео жүйесі үшін дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
- HDMI кабелінің ашасы толық енгізілгеніне көз жеткізіңіз ().
Карта оқу құралы картаны анықтап танымайды.
- CFexpress карталары кейбір карта оқу құралдары арқылы немесе кейбір операциялық жүйелерде дұрыс анықталмауы мүмкін. Бұл жағдайларда, камераны компьютерге берілген интерфейс кабелімен жалғаңыз, одан кейін EOS Utility (EOS бағдарламалық жасақтамасы, ) арқылы суреттерді компьютерге импорттаңыз.
Суреттердің өлшемін өзгерту немесе оларды қиып алу мүмкін емес.
- JPEG суреттері, RAW суреттері, [: HDR shooting /:HDR арқылы түсіру] параметрі [: HDR PQ settings/:HDR PQ параметрлері] терезесінде [Enable/Қосу] мәніне орнатылып тұрғанда түсірілген суреттер және фотосуреттер ретінде сақталған 4K фильмдерінен кадрды алу суреттері өлшемдерін камерамен өзгерту мүмкін емес ().
- RAW суреттері, [: HDR shooting /:HDR арқылы түсіру] параметрі [: HDR PQ settings/:HDR PQ параметрлері] терезесінде [Enable/Қосу] мәніне орнатылып тұрғанда түсірілген суреттер және фотосуреттер ретінде сақталған 4K фильмдерінен кадрды алу суреттері камерамен қиылмайды ().
Суретте жарық нүктелері пайда болады.
- Шамның ақ, қызыл немесе көк нүктелері үлкен сәулелер немесе ұқсас факторлар әсер еткен жағдайда түсірілген суреттерде пайда болуы мүмкін. Олардың көрінуін [Clean now/Қазір тазалау] әрекетін [: Sensor cleaning/:Сенсорды тазалау] астында орындау арқылы азайтуға болады ().
Сенсорды тазалау проблемалары
Сенсорды тазалау барысында ысырма дыбыс шығарады.
- [Clean now/Қазір тазалау] параметрі таңдалғаннан кейін тазалау кезінде ысырмадан механикалық дыбыс болғанымен, ешқандай сурет картаға жазылмайды ().
Сенсорды авто тазалау жұмыс істемейді.
- Түсіру уақыты кезеңінде қуат қосқышын және күйлеріне қайталап бұрасаңыз, белгішесі көрсетілуі мүмкін ().
Компьютердің қосылым проблемалары
Суреттерді компьютерге импорттау мүмкін емес.
- EOS Utility бағдарламалық жасақтамасын (EOS бағдарламалық жасақтамасы) компьютерге орнатыңыз ().
- Негізгі EOS Utility терезесінің көрсетілгенін тексеріңіз.
- Камера Wi-Fi арқылы қосылып қойған болса, ол интерфейс кабелімен қосылған ешқандай компьютермен байланыса алмайды.
- Қолданбаның нұсқасын тексеріңіз.