Батареяларды салу/шығарып алу

Толығымен зарядталған LP-E19 батарея жинағын камераға салыңыз.

Көріністапқыш ашықтығы батарея салынған кезде артады, ал шығарып алынған кезде азаяды.

Салу

  1. Батарея бөлімінің қақпағын алыңыз.

  2. Батареяны салыңыз.

    • Батареяны мықтап толығымен кіргізіңіз, одан кейін батареяны босату тұтқасын көрсеткімен көрсетілгендей бұраңыз.

Ескерту

  • Батарея камерада бірінші рет пайдаланылған кезде камера қосылмастан бұрын аздап кідіріс болуы мүмкін.
  • LP-E19 батарея жинағынан басқа батареяларды пайдалануға болмайды.

Ескертпе

  • Батареяның су өткізбейтін резеңке төсемдеріндегі (1) барлық шаңды ылғал мақта тампонмен сүртіп тастаңыз.

Шығарып алу

  1. Батареяны босату тұтқасын бұраңыз және батареяны шығарып алыңыз.

    • Қуат қосқышының Қуатты өшіру күйіне () орнатылғанын тексеріңіз.
    • Батареяны босату тұтқасын сыртқа көтеріңіз, оны көрсеткімен көрсетілгендей бұраңыз және батареяны шығарып алыңыз.
    • Қысқа тұйықталуларды болдырмау үшін батареяға берілген қорғаныс қақпағының () тіркелгенін әрқашан тексеріңіз.
    • Камераны пайдаланбаған кезде батарея бөлімінің қақпағын () тіркеңіз.