AF операциясы
- Фотосурет нысандарға арналған бір түсірілім AF
- Қозғалыстағы нысандарға арналған AI Servo AF/Servo AF
- AF күйінің көрсеткіші (Көріністапқышпен түсіру)
Сіз түсіру жағдайларына немесе нысанға үйлестіру мақсатында AF операциясының сипаттамаларын таңдай аласыз.
-
Объектив фокустау режимінің қосқышын күйіне орнатыңыз.
-
түймесін басыңыз ().
-
AF операциясын таңдаңыз.
-
Жоғарғы СКД панеліне немесе көріністапқышқа қарап тұрып дискісін бұраңыз.
: Бір түсірілім AF
: AI Servo AF
-
Live View арқылы түсіруде дискісін бұраңыз.
: Бір түсірілім AF
: Servo AF
-
Ескертпе
- Автофокустау түймесін басу арқылы да орындалады.
- Live View арқылы түсіруде AF операциясын [: AF operation/:AF операциясы] терезесінен де таңдауға болады.
Фотосурет нысандарға арналған бір түсірілім AF
Бұл AF операциясы тұрақты нысандарға арналған. Ысырма түймесін жартылай басқан кезде камера бір-ақ рет фокусталады.
-
Көріністапқышпен түсіру
- Нысан фокусқа алынғаннан кейін фокустағы AF нүктесі (1) қызыл түспен жыпылықтайды, көріністапқыштағы фокустау көрсеткіші (2) жанады және камера дыбыстық сигнал шығарады. Камера фокустай алмаса, фокустау көрсеткіші жыпылықтайды.
-
Live View арқылы түсіру
- Нысан фокусқа алынғаннан кейін фокустағы AF нүктесі жасыл түске айналады және камера дыбыстық сигнал шығарады. Фокусталмаған болса, AF нүктесі қызғылт сары болады.
Ескертпе
- [: Beep/:Дыбыстық сигнал] функциясы [Disable/Өшіру] күйіне орнатылса, фокустау алынған кезде де бипер дыбысы шықпайды.
- Фокус сурет түсірместен бұрын суретті қайта жасауыңызға мүмкіндік беріп ысырма түймесі жартылай басулы кезде құлыптаулы қалады. Бұл «фокустау құлпы» деп аталады.
- Электронды қолмен фокустауды қолдайтын объективті пайдалану кезінде Объективтің электрондық MF функциясы бөлімін қараңыз.
Қозғалыстағы нысандарға арналған AI Servo AF/Servo AF
Бұл AF операциясы қозғалыстағы нысандарды арналған. Ысырма түймесін жартылай басып тұрған кезде, камера нысанға үздіксіз фокустауды жалғастырады.
-
Көріністапқышпен түсіру (AI Servo)
- Нысан фокусқа алынғаннан кейін фокустағы AF нүктесі көрсетіледі. Көріністапқыштағы фокустау көрсеткіші нысандар фокусқа алынған кезде жанбайды.
- Фокус алынғанда да бипер дыбысы шықпайды.
- Экспозиция суретке түсірілген уақытта орнатылады.
-
Live View арқылы түсіру (Servo AF)
- Нысан фокусқа алынғаннан кейін фокустағы AF нүктесі көк түске айналады.
- Фокус алынғанда да бипер дыбысы шықпайды.
- Экспозиция суретке түсірілген уақытта орнатылады.
Ескерту
- Пайдаланылған объективке, нысанға дейінгі қашықтыққа және нысан жылдамдығына байланысты, камера дұрыс фокус ала алмауы мүмкін.
- Үздіксіз түсіру кезінде масштабтау фокусты кетіруі мүмкін. Алдымен масштабтаңыз, одан кейін қайта жасап, түсіріңіз.
AF күйінің көрсеткіші (Көріністапқышпен түсіру)
Ысырма түймесін жартылай басқанда камера үздіксіз автофокустап жатқанда көріністапқыштың көрініс өрісінің төменгі оң жағында пайда болады.
Бір түсірілім AF режимінде белгіше камера нысанға фокусталғаннан кейін ысырма түймесін жартылай басқан кезіңізде де пайда болады.