Қуатты қосу
- Күнді, уақытты және уақыт белдеуін орнату
- Интерфейс тілін өзгерту
- Сенсорды авто тазалау
- Батарея деңгейінің көрсеткіші
-
Камера іске қосылады.
-
Камера іске қосылады. Мулти функция құлпы байланыстырылған ().
-
Камера өшіріледі және жұмыс істемейді. Камераны пайдаланбаған кезде қуат қосқышын осы күйге орнатыңыз.
Ескертпе
- Сурет картаға жазылып жатқан кезінде қуат қосқышын күйіне орнатсаңыз, [Saving.../Сақталуда...] көрсетіледі және қуат суретті жазу аяқталғаннан кейін өшеді.
Күнді, уақытты және уақыт белдеуін орнату
Камераны қоссаңыз және күн/уақыт/белдеу орнату экраны пайда болса, күнді/уақытты/белдеуді орнату үшін Күн/уақыт/белдеу бөлімін қараңыз.
Интерфейс тілін өзгерту
Интерфейс тілін өзгерту үшін Тіл бөлімін қараңыз.
Сенсорды авто тазалау
- Қуат қосқышы / немесе күйіне орнатылған кезде, сенсор автоматты түрде тазаланады (ол жай дыбыс шығаруы мүмкін). Сенсорды тазалау кезінде экран белгішесін көрсетеді.
- Сенсорды тазалау кезінде де тазалауды тоқтатып, ысырма түймесін жартылай басу () арқылы бірден түсіре аласыз.
- Қуат қосқышын қысқа уақыт мерзімінде / немесе күйіне қайталап бұрасаңыз, белгішесі көрсетілмеуі мүмкін, бірақ бұл камераның бұзылғанын білдірмейді.
Батарея деңгейінің көрсеткіші
Қуат қосқышы күйіне орнатылатын кезде, батарея деңгейі көрсетіледі.
Дисплей | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Деңгей (%) | 100–70 | 69–50 | 49–20 | 19–10 | 9–1 | 0 |
Ескертпе
- Келесілердің кез келгенін орындау батарея зарядын тез тауысады:
- Ысырма түймесін ұзақ уақыт жартылай басып тұру.
- AF функциясын суретке түсірмей жиі белсендіру.
- Объективтің Image Stabilizer (Сурет тұрақтандырғышы) функциясын пайдалану.
- Wi-Fi функциясын немесе Bluetooth функциясын пайдалану.
- Экранды жиі пайдалану.
- Нақты түсіру шарттарына байланысты қолжетімді түсірілімдер саны азаюы мүмкін.
- Объектив операциялары камера батареясынан қуатталады. Белгілі бір объективтер батарея зарядын басқаларға қарағанда тезірек тауысады.
- Батарея күйін тексеру үшін [: Battery info./: Батарея туралы ақпарат] бөлімін қараңыз ().