Теледидарда ойнату
Камераны HDMI кабельді теледидармен жалғау арқылы түсірілген фотосуреттер мен фильмдерді теледидарда ойнатуға болады. HTC-100 HDMI кабелін (бөлек сатылады) пайдаланған жөн.
Сурет теледидар экранында пайда болмаса, [: Video system/
:Видео жүйесі] параметрінің [For NTSC/NTSC үшін] немесе [For PAL/PAL үшін] мәніне (теледидардың видео жүйесіне байланысты) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
-
HDMI кабелін камераға қосыңыз.
- Ашаның
HDMI MINI логотипін камераның алдына қаратып оны
ұясына кіргізіңіз.
- Ашаның
-
HDMI кабелін теледидарға қосыңыз.
- HDMI кабелін теледидардың HDMI КІРІС ұясына қосыңыз.
-
Теледидарды қосып, жалғанған ұяшықты таңдау үшін теледидардың бейне кірісін ауыстырыңыз.
-
Камераның қуат қосқышын
күйіне орнатыңыз.
-
түймесін басыңыз.
- Суреттер енді теледидарда көрсетіледі, камера экранында ешнәрсе көрсетілмейді.
- Суреттер қосылған теледидардың сәйкес ажыратымдылығында автоматты түрде көрсетіледі.
Ескерту
- Фильмнің дыбыс деңгейін теледидармен реттеңіз. Дыбыс деңгейін камера арқылы реттеуге болмайды.
- Камера мен теледидар арасындағы кабельді жалғау немесе ажырату алдында камера мен теледидарды өшіріңіз.
- Теледидарға байланысты көрсетілген сурет бөлігі кесіліп қалуы мүмкін.
- Камераның
ұясына басқа құрылғының шығысын жалғамаңыз. Ол ақаулық тудыруы мүмкін.
- Белгілі бір теледидарлар суреттерді үйлесімсіздікке байланысты көрсетпеуі мүмкін.
- Суреттер көрсетілместен бұрын біраз уақыт кетуі мүмкін. Кідірісті болдырмау үшін [
: HDMI resolution/
:HDMI ажыратымдылығы] параметрін [1080p] мәніне () орнатыңыз.
- Сенсорлы экран операцияларына камера теледидарға қосулы кезде қолдау көрсетілмейді.