Картаны пішімдеу
Егер карта жаңа болса немесе алдында басқа камера немесе компьютер тарапынан пішімделген (баптандырылған) болса, картаны камера арқылы пішімдеңіз.
Ескерту
- Карта пішімделіп болғанда картадағы барлық суреттер мен деректер жойылады. Тіпті қорғалған суреттер де өшіріледі, сол себептен сақтағыңыз келген нысанның жоқтығын тексеріңіз. Қажет болса, картаны пішімдеудің алдында суреттерді және деректерді компьютер, т.б. жерге тасымалдаңыз.
-
[: Format card/:Картаны пішімдеу] параметрін таңдаңыз.
-
Картаны таңдаңыз.
- [] 1-картаны, ал [] 2-картаны көрсетеді.
-
Картаны пішімдеңіз.
- [OK] түймесін таңдаңыз.
- Төмен деңгейлі пішімдеу үшін түймесін басып [Low level format/Төмен деңгейлі пішімдеу] параметріне құсбелгісін қойыңыз, одан кейін [OK] тармағын таңдаңыз.
Карта пішімдеуді талап ететін жағдайлар
- Карта жаңа.
- Карта басқа камера немесе компьютерде пішімделген.
- Карта суреттерге немесе деректерге толған.
- Картаға қатысты қате көрсетіледі ().
Төмен деңгейлі пішімдеу
- Картаның жазу немесе оқу жылдамдығы төмен болып көрінсе немесе картадағы барлық деректерді толығымен жойғыңыз келсе, төмен деңгейлі пішімдеуді орындаңыз.
- Төмен деңгейлі пішімдеу картадағы барлық жазуға келетін бөліктерді пішімдейтіндіктен, ол қалыпты пішімдеуден көбірек уақыт алады.
Картаның файл пішімдері
CFexpress карталары exFAT пішімделген.
Фильм жазуда 4 Гб-тан асатын фильмдер оларды бірнеше файлдарға бөлудің орнына бір файл (4 Гб-тан үлкен фильм файлын беретін) ретінде жазылады.
Ескерту
- Осы камерамен пішімделген Cfexpress карталарын басқа камераларда пайдалану мүмкін емес.
- Картада деректерді пішімдеу немесе өшіру деректерді толығымен өшірмейді. Картаны сатқан немесе қоқысқа тастаған кезде осыны есіңізде сақтаңыз. Карталарды тастау кезінде қажет болса, жеке ақпаратыңызды қорғау үшін карталарды физикалық түрде бұзу сияқты қадамдарды орындаңыз.
Ескертпе
- Картаны пішімдеу экранында көрсетілген карта сыйымдылығы картада көрсетілген сыйымдылықтан аздау болуы мүмкін.
- Бұл құрылғы Microsoft тарапынан лицензияланған exFAT технологиясын қамтиды.