Карталарды салу/шығарып алу
Бұл камера екі картаны қабылдайды. Жазу камерада кемінде бір карта бар кезде мүмкін.
Екі карта салынып тұрғанда, бір картаны жазу үшін таңдауыңызға болады немесе бірдей суретті екі картаға да бірден жазуыңызға болады ().
Салу
-
Қақпақты ашыңыз.
- Карта ұяшығының қақпағын босату тұтқасын (1) көтеріңіз және қақпақты ашу үшін оны көрсеткімен көрсетілгендей бұраңыз.
-
Картаны салыңыз.
1-карта
2-карта
- Сол жақ карта ұяшығындағы карта — [], ал оң жақ карта ұяшығындағы карта — [].
- Карта жапсырмасын өзіңізге қаратып картаның ашық жағын (2) карта ұяшығына салыңыз. Картаны дұрыс емес жолмен салу камераны зақымдауы мүмкін.
- Сұр картаны шығару түймесі сыртқа шығады.
-
Қақпақты жабыңыз.
- Қақпақты сарт етіп жабылғанша басыңыз.
-
Қуат қосқышын күйіне () орнатыңыз.
- (3) Қолжетімді түсірілімдер саны
- (4) Картаны таңдау белгішесі
- (5) 1-карта
- (6) 2-карта
- Жоғарғы СКД панелі қолжетімді түсірілімдер санын көрсетеді.
-
Артқы СКД панелі салынған карталарды көрсетеді.
Белгісі бар карталар жазу үшін таңдалады.
Ескерту
- Тек CFexpress карталарын пайдалануға болады.
Шығарып алу
-
Қақпақты ашыңыз.
- Қуат қосқышын күйіне орнатыңыз.
- Қатынасу шамының (1) өшірілгенін тексеріңіз, одан кейін қақпақты ашыңыз.
- [Saving.../Сақталуда...] терезесі экранда көрсетілсе, қақпақты жабыңыз.
-
Картаны алыңыз.
- Картаны шығару үшін карта шығару түймесін басыңыз.
- Картаны тартып алып, одан кейін қақпақты жабыңыз.
Ескерту
Live View арқылы түсіруде немесе фильм жазуда қызыл белгішесі көрсетілгеннен кейін карталарды бірден шығарып алмаңыз. Камераның жоғары ішкі температурасына байланысты карталар ыстық болуы мүмкін. Қуат қосқышын күйіне орнатыңыз және карталарды шығарып алмастан бұрын түсіруді біраз уақытқа тоқтатыңыз. Ыстық карталарды түсіруден кейін бірден шығарып алу оларды түсіріп алуыңызға және зақымдауыңызға әкелуі мүмкін. Карталарды шығарып алу кезінде абайлаңыз.
Ескерту
-
Қатынасу шамы жанса немесе жыпылықтаса, бұл суреттердің картаға жазылып немесе оқылып жатқандығын, өшіріліп немесе деректердің тасымалданып жатқандығын білдіреді. Осы уақытта карта ұяшығын ашпаңыз. Сурет деректерін бүлдіруді немесе карталарды немесе камераны зақымдауды болдырмау үшін қатынасу шамы жанып немесе жыпылықтап тұрғанда келесі әрекеттердің ешқайсысын ешқашан орындамаңыз.
- Картаны алу.
- Батареяны шығарып алу.
- Камераны шайқау немесе соғу.
-
Қуат сымын ажырату немесе қосу
(қосымша тұрмыстық қуат розеткасының қосалқы құралдарын пайдалану кезінде).
- Егер картада әлдеқашан жазылған суреттер бар болса, сурет нөмірі 0001 болып басталмауы мүмкін ().
-
Экранда картаға қатысты қате туралы хабар көрсетілетін болса, картаны шығарып алып, қайта салыңыз. Егер қате түзетілмесе басқа картаны пайдаланыңыз.
Егер сіз картадағы суреттерді компьютерге тасымалдай алсаңыз, барлық суреттерді тасымалдаңыз және картаны камера арқылы пішімдеңіз (). Карта одан кейін қалыпты күйге оралуы мүмкін.