[Camera settings/Камера параметрлері] мәзірінде реттелетін параметрлер

Камера функцияларының көбін камера параметрлері терезесінде реттеуге болады.

  • Реттеуге болатын функциялар жалғанған камераға байланысты әртүрлі болады.
  • Қолдануға болатын функциялар туралы егжей-тегжейлі мәліметті жалғанған камераның нұсқаулығынан қараңыз.

Реттеуге болатын функциялар

  • Микробағдарламаны жаңарту

    Камера микробағдарламасының нұсқасын тексеріп, жаңартып тұрыңыз. Микробағдарламаны жаңарту туралы мәліметтер алу үшін Canon веб-сайтына кіріңіз.

  • Күн/Уақыт/Белдеу параметрі

    Бұл параметрлерді қажетінше реттеңіз.

    • Камераның күнін/уақытын және сурет түсірілген жердің уақыт белдеуін орнатыңыз
    • Камераның күнін/уақытын компьютердің уақытымен синхрондаңыз
    • Жазғы уақытты орнатыңыз немесе одан бас тартыңыз
  • Объектив аберрациясын түзету деректерін тіркеу ()
  • Picture Style файлын тіркеу ()
  • Иесінің аты/Автор/Авторлық құқық иесі

    Иесінің аты: камера иесінің аты-жөнін енгізіңіз.

    Автор: фотографтың аты-жөнін енгізіңіз.

    Авторлық құқық иесі (авторлық құқық туралы ақпарат): суретке авторлық құқық иелері туралы ақпаратты енгізіңіз.

  • Жеке ақ түс балансының параметрлері ()
  • WFT тақырыптары ()
  • Фондық музыка тіркеу ()
  • IPTC ақпаратын тіркеу ()
  • Веб-қызмет параметрлері ()
  • Желі параметрлері ()
  1. Камера мен компьютерді жалғаңыз.

  2. EU бағдарламасын іске қосыңыз ().

  3. [Camera settings/Камера параметрлері] тармағын басыңыз.

  4. Реттелетін функцияны басыңыз.

    Камера параметрлері терезесі

Picture Style файлын тіркеу

Камерадағы пайдаланушы анықтайтын параметрлерде Canon веб-сайтынан жүктеп алынған немесе Picture Style Editor бағдарламасында (PSE; Picture Style файлдарын жасауға арналған бағдарламалық жасақтама) жасалып, компьютерге сақталған Picture Style файлдарын тіркеуге болады.

Ескерту

  • [Fine Detail/Ұсақ деталь] мәніне орнатылған [Base Picture Style/Негізгі Picture Style] арқылы жасалған Picture Style файлдарын алдын ала орнатылған Picture Style ретінде [Fine Detail/Ұсақ деталь] опциясы жоқ камераларға тіркеу мүмкін емес.
  • [Sharpness/Айқындық] мәзірінде [Fineness/Дәлдік] немесе [Threshold/Шек] параметрлері орнатылған Picture Style файлдарын алдын ала орнатылған Picture Style ретінде [Fine Detail/Ұсақ деталь] опциясы жоқ камераларға тіркеу мүмкін емес.
  1. [Register Picture Style File/Picture Style файлын тіркеу] тармағын басыңыз.

  2. [User Def. 1/Пайд. анықт. 1] және [User Def. 3/Пайд. анықт. 3] арасындағы бір қойындыны таңдаңыз.

  3. [Файлды ашу] түймесін басыңыз.

  4. Бір Picture Style файлын таңдап, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.

    Windows

    macOS

  5. [OK] түймесін басыңыз.

Ескертпе

  • Picture Style файлдары (файл кеңейтімі .PF2 немесе .PF3) Picture Style мәнерлерінің функциялық мүмкіндіктерін кеңейтеді. Picture Style файлдары туралы мәліметтер алу үшін Canon веб-сайтына кіріңіз.
  • PSE нұсқауларын PSE нұсқаулығынан қараңыз.

Объектив аберрациясын түзету деректерін тіркеу

Егер жалғанатын камералардың [Lens aberration correction/Объектив аберрациясын түзету] экранында [Correction data not available/Түзету деректері жоқ], [Түзету деректері жоқ] немесе [Invalid correction data for Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыштың түзету деректері жарамсыз] хабарламасы көрсетілсе, объективті түзету деректерін немесе Digital Lens Optimizer (Сандық объективті оңтайландырғыш) (DLO) құралына арналған объектив деректерін камераларға [Register lens aberration correction data/Объектив аберрациясын түзету деректерін тіркеу] опциясы арқылы қосуға болады.

EOS-1D X Mark III90D850D250DR3R5R5 Mark IIR5 CR6R7R8R10R50R100R/RaRPM6 Mark IIM200M50 Mark IIM50

Бұл функцияны қолдану үшін EOS Lens Registration Tool (EOS объективін тіркеу құралы) (1.8.20 немесе одан кейінгі нұсқасы) бағдарламасын орнату қажет.

  1. [Register lens aberration correction data/Объектив аберрациясын түзету деректерін тіркеу] түймесін басыңыз.

  2. Тіркелетін түзету деректері бар объективтерді таңдаңыз.

    • Тіркелетін түзету деректері бар объективтерге құсбелгілер (1) қойыңыз.
    • Объективіңіз тізімде болмаса, өңдеу түймесін (2) басыңыз. Көрсетілген бөлек экранда тіркелетін объективтерді таңдаңыз, содан кейін [OK] түймесін басып экранды жабыңыз.
    • Қазір камераға тіркелген объективтердің саны және тіркеуге болатын объективтердің жалпы саны (3) ішінде көрсетіледі. Егер тіркеу үшін жаңа объективтерді таңдай алмасаңыз, пайдаланылмайтын объективтердің құсбелгісін алып тастаңыз да, тіркелетін объективтерді таңдаңыз.
    • Объективті түзету/DLO объективті түзету деректерін тіркеп, EU бағдарламасынан шығу үшін [OK] түймесін басыңыз.
EOS-1D X Mark II1D X1D C5Ds/5Ds R5D Mark IV5D Mark III5D Mark II6D Mark II6D7D Mark II7D80D77D800D750D200D2000D1300DM6M5M3M10M100

Бұл функцияны қолдану үшін EOS Lens Registration Tool (EOS объективін тіркеу құралы) (1.4.20 немесе одан кейінгі нұсқасы) бағдарламасын орнату қажет.

  1. [Register lens aberration correction data/Объектив аберрациясын түзету деректерін тіркеу] түймесін басыңыз.

  2. Объективтерді таңдаңыз.

    • Тіркелетін түзету деректері бар объективтерге құсбелгілер (1) қойыңыз.
    • Жалғанған камераға байланысты (2) және (3) элементтері де көрсетілуі мүмкін. Егер (2) немесе (3) үшін тиісінше [1-объектив белгішесі] немесе [2-объектив белгішесі] көрсетілсе, объективтің атауын басыңыз. [There is no lens data for the digital lens optimizer for *****. Do you want to download the data?/***** сандық объективті оңтайландырғышы үшін объектив деректері жоқ. Деректерді жүктеп алу керек пе?] деген хабарламасы бар диалог терезесі шыққаннан кейін [OK] түймесін бассаңыз, диалог терезесі жабылады.
    • Таңдалған объективтер үшін объективті түзету деректерін тіркеп, EU бағдарламасынан шығу үшін [OK] түймесін басыңыз.

Ескертпе

  • [Register lens data/Объектив деректерін тіркеу] терезесінде қолдануға болатын функциялар туралы егжей-тегжейлі мәліметті Объективтер/объектив аберрациясын түзету үшін деректерді тіркеу функциялары бөлімінен қараңыз.
  • [Register lens data/Объектив деректерін тіркеу] терезесінде кей объектив түрлері үшін объектив атаулары қысқартып көрсетілуі мүмкін.
  • EF15mm f/2.8 Fisheye немесе EF8-15mm f/4L USM Fisheye объективтері үшін қолданылмайды.
  • EF Cinema (CN-E) объективін түзету деректерін микробағдарламасының нұсқасы 1.3.0 немесе одан жаңа EOS-1D C камерасында тіркеуге болады.

Жеке ақ түс балансының параметрлері

EOS-1D X Mark III1D X Mark II1D X1D CR3R5 Mark II

Ақ түс балансын орнату бөлімінде сипатталғандай камераға тіркелген жеке ақ түс балансын компьютерге .WBD кеңейтімімен жеке ақ түс балансы етіп сақтауға болады. Компьютерге сақталған жеке ақ түс балансы файлдарын жүктеу арқылы оларды камераға тіркеуге де болады.

Жеке ақ түс балансы файлдарын сақтау

  1. [Personal white balance settings/Жеке ақ түс балансының параметрлері] тармағын басыңыз.

  2. Сақталатын жеке ақ түс балансын таңдаңыз.

    • [Select personal white balance/Жеке ақ түс балансын таңдау] тізімінен сақталатын жеке ақ түс балансын таңдап, [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.

  3. Сақтаңыз.

    • Келесі экранда мақсатты орынды орнатыңыз.
    • Файл атауын енгізіп, оны компьютерге сақтаңыз.

Ескертпе

  • Сондай-ақ жеке ақ түс баланстарын камерадан жоюға болады: бір балансты таңдаңыз, содан кейін [Delete from camera/Камерадан жою] опциясын басыңыз.

Жеке ақ түс балансы файлдарын тіркеу

  1. [Personal white balance settings/Жеке ақ түс балансының параметрлері] тармағын басыңыз.

  2. Тіркелетін жеке ақ түс балансын таңдаңыз.

    • [Select personal white balance/Жеке ақ түс балансын таңдау] тізімінен тіркелетін жеке ақ түс балансын таңдап, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.
  3. Бір файлды таңдаңыз.

    • Келесі экранда жеке ақ түс балансы файлын (.WBD кеңейтімі) таңдап, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.
    • [Title/Атауы] жолында файл үшін пайдаланылатын атауды енгізіңіз.
    • [Apply to camera/Камераға қолдану] түймесін басыңыз. Тағы бір жеке ақ түс балансын тіркеу үшін осы процедураны 2-қадамнан бастап қайталаңыз.
    • [Close/Жабу] түймесін басыңыз.