IPTC ақпаратын тіркеу

EOS-1D X Mark III1D X Mark II (микробағдарлама нұсқасы 1.1.0 немесе одан кейінгі)5D Mark IVR3R5R5 Mark IIR5 CR6R/Ra

Суреттерге IPTC* ақпаратын қоса алатын камераларда IPTC ақпаратын өзгертуге және тіркеуге болады. Суреттерді камераға тіркелген IPTC ақпаратымен белгілеуге болады.

IPTC ақпараты тақырыптар, титрлер және түсіру орындары сияқты түсініктеме ақпаратынан тұрады.

International Press Telecommunications Council (Баспасөз және телекоммуникациялар жөніндегі халықаралық кеңес)

  1. Камера мен компьютерді жалғаңыз.

  2. EU бағдарламасын іске қосыңыз ().

  3. [Register IPTC information/IPTC ақпаратын тіркеу] түймесін басыңыз.

  4. Ақпаратты қажетінше өңдеңіз және тіркеңіз.

    • [Register IPTC information/IPTC ақпаратын тіркеу] қазір камерада орнатылған ақпаратты көрсетеді.

      IPTC ақпараты орнатылмаса да, камерада тіркелген жағдайда [Author/Автор] және [Copyright/Авторлық құқық] ақпараты көрсетіледі.

    • [Apply to camera/Камераға қолдану] түймесін басып IPTC ақпаратын камераға қолданыңыз да, камераның икемделетін функциясының [Add IPTC information/IPTC ақпаратын қосу] опциясын [ON/Қосулы] күйіне орнатып, [Register IPTC information/IPTC ақпаратын тіркеу] диалог терезесін жабыңыз.
    • [Delete from camera/Камерадан жою] түймесін басып камерада тіркелген барлық IPTC ақпаратын өшіріңіз де, камераның икемделетін функциясының [Add IPTC information/IPTC ақпаратын қосу] опциясын [OFF/Өшірулі] күйіне орнатып, [Register IPTC information/IPTC ақпаратын тіркеу] диалог терезесін жабыңыз. [Delete from camera/Камерадан жою] түймесін басқаннан кейін, түсірілген суреттерге IPTC ақпараты қосылмайды.
    • [Register IPTC information/IPTC ақпаратын тіркеу] диалог терезесіндегі ақпаратты XMP файлы етіп сақтау үшін [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
    • Осы функцияның көмегімен файл етіп сақталған IPTC ақпаратын жүктеу үшін [Load/Жүктеу] түймесін басуыңызға болады.