Веб-қызмет параметрлері

EOS 5D Mark IV6D Mark II6D80D77D760D800D200D750D2000D1300D

EU бағдарламасында камераға веб-қызметтер тіркеуге болады.

Веб-қызметтерді пайдалану үшін алдымен сол қызметтерде аккаунттар жасаңыз. Қосымша ақпаратты әр веб-қызметке арналған веб-сайттардан қараңыз.

Ескерту

  • Бұл функцияны қолдану үшін EOS Web Service Registration Tool (EOS веб-қызмет тіркеу құралы) бағдарламасын орнату қажет.
  • Веб-қызметтерді пайдалану үшін провайдермен келісімшарт жасасу, браузер орнату және қолданыстағы желілік қосылым болуы қажет.
  • Браузер нұсқалары және веб-қызметтерге кіруге қажет параметрлер туралы егжей-тегжейлі мәліметті қызмет провайдерінен сұрап біліңіз.
  • Қосылым немесе кіру нүктесі үшін ақы алынуы мүмкін.
  1. Басты терезедегі [Camera settings/Камера параметрлері] түймесін басыңыз.

  2. [Web Service Settings/Веб-қызмет параметрлері] түймесін басыңыз.

    • Көрсетілген экранда қажет параметрлерді реттеңіз.