Желі параметрлері
- Желі параметрлері функциясы
- Қосылым параметрлері
- Файлдармен орындалатын операциялар
- Камерамен орындалатын операциялар
Камераның желі параметрлерінде төмендегі операцияларды орындауға болады.
- Желі параметрлерін жасау, өңдеу және жою
- Желі параметрлерін файлдарға және олардан жазу және жүктеу
- Желі параметрлерін камераға және одан жазу және жүктеу
- LAN параметрлері
- FTP параметрлері
Ескерту
- Бұл функцияны қолдану үшін EOS Network Setting Tool (EOS желісін орнату құралы) бағдарламасын орнату қажет.
- Бұл функция үшін сымды LAN және FTP серверінің параметрлерін реттеу бойынша жеткілікті білім қажет. Canon компаниясы сымды LAN желілерін немесе FTP серверлерінің параметрлерін реттеу үшін қолдауды қамтамасыз ете алмайды.
- Canon компаниясының қате желіден немесе FTP серверінің параметрлерінен туындаған барлық шығын немесе залал үшін жауапты болмайтынын ескеріңіз. Оған қоса, Canon компаниясы осы функцияны пайдаланудан туындаған барлық басқа шығын немесе залал үшін жауапты емес.
- LAN функцияларын пайдаланған кезде, өзіңіз қажет деп есептейтін қауіпсіздік шараларын қолданыңыз. Canon рұқсатсыз қол жеткізуден немесе басқа да қауіпсіздік ережелерін бұзудан туындаған барлық шығын немесе залал үшін жауапты емес.
Ескертпе
- EOS Network Setting Tool бағдарламасының өзін ғана іске қосуға да болады.
Желі параметрлері функциясы
-
Басты терезедегі [Camera settings/Камера параметрлері] түймесін басыңыз.
-
[Network settings/Желі параметрлері] түймесін басыңыз.
- Желі параметрлері басты терезесі пайда болады.
Желі параметрлері басты терезесі
EOS желі параметрлерін орнату құралы
- Қосылым параметрлері
- Файлды басқару құралдары
- Камераны басқару құралдары
-
MAC мекенжайын тексеру түймесі
Бөлек терезеде жалғанған камералар мен басқа құрылғылардың MAC мекенжайларын көрсету үшін басыңыз. Терезедегі [Copy/Көшіру] түймесін басу арқылы MAC мекенжайларын көшіріп алуға да болады.
-
Параметрлерді баптандыру
Бағдарламалық жасақтамада сақталған [Connection settings/Қосылым параметрлері], [Comm settings/Байланыс параметрлері] және [Function settings/Функция параметрлері] ақпаратының барлығын өшіреді. Ақпаратты өшіру үшін [Initialize settings/Параметрлерді баптандыру] түймесін, одан кейін экранға шыққан диалог терезесіндегі [Delete/Жою] түймесін басыңыз.
-
Ақпарат дисплейі
Таңдалған қосылым параметрінің ақпаратын көрсетеді.
- Қосылым параметрлерін таңдау
Қосылым параметрлері
Жаңа параметрді реттеу
-
[Connection settings/Қосылым параметрлері] терезесіндегі [New/Жаңа] түймесін басыңыз.
-
[Comm settings/Байланыс параметрлері] терезесіндегі [New/Жаңа] түймесін басыңыз.
-
Қажет болған жағдайда параметрлерді реттеңіз.
-
Бұл диалог терезесінде төмендегі параметрлерді орнатуға болады.
- Байланыс параметрлерінің атауын өңдеу
- LAN параметрін таңдау
- TCP/IP параметрлерін орнату
- Сымсыз LAN (Wi-Fi, WFT) параметрлерін орнату
- Болғаннан кейін, [Connection settings/Қосылым параметрлері] диалог терезесіне қайту үшін [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
-
-
[Function settings/Функция параметрлері] терезесіндегі [New/Жаңа] түймесін басыңыз.
-
Қажет болған жағдайда параметрлерді реттеңіз.
-
Бұл диалог терезесінде төмендегі параметрлерді орнатуға болады.
- Функция параметрлері атауын өңдеу
- FTP режимін таңдау
- FTP / SFTP / FTPS параметрлерін өңдеу
- Қабылдаушы серверінің параметрлері
- FTP серверінің атауы (IP мекенжайы) параметрі
-
Мақсатты қалтаны шолу
Шолу үшін [Browse/Шолу] түймесін басыңыз. [Browse/Шолу] түймесін басқаннан кейін, EU көрсетілген FTP серверіне қосылады.
- Болғаннан кейін, [Connection settings/Қосылым параметрлері] диалог терезесіне қайту үшін [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
-
-
Желі параметрлерінің басты терезесіне қайту үшін [Connection settings/Қосылым параметрлері] диалог терезесіндегі [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
- Параметрлер бағдарламалық жасақтамада сақталады.
Параметрлерді өзгерту
Параметрлерді жою
Файлдармен орындалатын операциялар
Параметрлерді файл етіп сақтау
-
Сақталатын параметрлерді ашыңыз.
-
[Save to file/Файлға сақтау] опциясын басып, диалог терезесінде қажет болған жағдайда параметрлерді реттеңіз де, файлды сақтаңыз.
- Параметрлер NIF пішіміндегі файл болып сақталады.
- Камераға параметрлер жазу туралы егжей-тегжейлі мәліметті Камераға параметрлер жазу бөлімінен қараңыз.
Ескерту
- Бұл функциямен жасалған NIF файлдары тек EOS-1D X Mark III, R3, R5, R5 Mark II және R5 C камераларымен ғана үйлесімді.
Файлдарды ашу
-
[Open file/Файлды ашу] түймесін басыңыз да, одан кейін диалог терезесінен файлды таңдап, файлды ашыңыз.
- Таңдалған параметрлер файлы желі параметрлері негізгі терезесінде ашылады.
Ескерту
- Ашуға болатын файлдар тек осы функциямен немесе EOS-1D X Mark III, R3, R5, R5 Mark II немесе R5 C камерасымен жасалған NIF файлдарымен шектелген.
Камерамен орындалатын операциялар
Камераға параметрлер жазу
-
Камераға жазылатын параметрлерді ашыңыз.
-
[Save settings/Параметрлерді сақтау] түймесін басыңыз.
-
Диалог терезесінен параметрлер жазылатын [SET/Орнату] файлын таңдаңыз да, [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
- Дисплей мәліметтері жалғанған камераға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Камерадан параметрлерді жүктеу
-
[Load settings/Параметрлерді жүктеу] түймесін басыңыз.
-
Диалог терезесінен жүктелетін параметрлер орналасқан [SET/Орнату] файлын таңдаңыз да, [Load/Жүктеу] түймесін басыңыз.
- Параметрлер желі параметрлері негізгі терезесінде пайда болады.
- Дисплей мәліметтері жалғанған камераға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.