Белгілеу
- Суреттерді белгілеу
- Нобайларды сұрыптау
- RAW+JPEG суреттерін бір нобаймен көрсету
- Сурет ақпаратын тексеру
Суреттерді белгілеу
Сұрыптауға оңай болу үшін суреттерді құсбелгілер қосу немесе рейтингтер орнату ([] таңбаларымен көрсетіледі) арқылы белгілеуге болады.
Құсбелгілер қосу
-
Жылдам тексеру терезесінде немесе басқа жерде құсбелгі қосылатын суретті экранға шығарыңыз (), содан кейін [
] және [
] арасындағы бір опцияны таңдаңыз.
- Терезенің жоғарғы сол жағында таңдалған құсбелгі көрсетіледі.
- Құсбелгілерді жою үшін [Clear/Өшіру] опциясын басыңыз.
Ескертпе
- Digital Photo Professional 4 бағдарламалық жасақтамасынан бұрынғы нұсқаларда қосылған құсбелгі мәндері кейінгі нұсқаларға тасымалданбайды.
- Сондай-ақ суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен басу (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен басу (macOS жүйесінде) арқылы да құсбелгілерді қосуға болады.
Рейтингтерді орнату
-
Бағаланатын суретті таңдаңыз, содан кейін [
] таңбаларының бірін таңдаңыз.
- Рейтинг орнатылып, терезенің жоғарғы сол жағында таңдалған [
] таңбасының белгішелері көрсетіледі. (Төмендегі мысалда терезеде үш [
] рейтингі көрсетілген.)
- [Reject/Қабылдамау] рейтингін орнату үшін [Reject/Қабылдамау] түймесін басыңыз. Бас тарту үшін [Reject/Қабылдамау] түймесін қайта басыңыз.
- Рейтингті өшіріп, [
] белгісін жою үшін терезенің оң жағында тұрған ағымдағы [
] таңбасын басыңыз.
Ескерту
- Рейтинг орнатылса, ол үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасында сурет ақпаратын тексеруге кедергі келтіруі мүмкін.
- Рейтинг орнатылып, терезенің жоғарғы сол жағында таңдалған [
Ескертпе
- Бірнеше суретті таңдау үшін әр суретті Control-тінтуір түймесімен (Windows) немесе
-тінтуір түймесімен (macOS) басыңыз.
- Бірнеше бірізді суретті таңдау үшін бірінші суретті басыңыз, одан кейін Shift пернесін басып тұрып соңғы суретті тінтуірмен таңдаңыз.
- Рейтингтің көрсетілуін қолдайтын камераларда орнатылған рейтингтерді DPP бағдарламасында көруге немесе өзгертуге болады.
- Сондай-ақ [Label/Белгі] мәзірінде де құсбелгілер қосып, рейтингтерді орнатуға болады.
- DPP бағдарламасында орнатылған рейтингтерді басқа EOS бағдарламалық жасақтамасында және төмендегі үлгілерден басқа камераларда көруге немесе өзгертуге болады.
- Төмендегі үлгілерден басқа камераларда орнатылған рейтингтерді DPP бағдарламасында көруге немесе өзгертуге болады.
-
DPP бағдарламасында орнатылған рейтингтерді төмендегі үлгілерден басқа камералардың ойнату экрандарында көрсетуге болады. Бұл рейтингтерді өзгертуге болады, бірақ [Reject/Қабылдамау] рейтингтерін көрсету немесе өзгерту мүмкін емес.
- EOS-1D Mark IV, EOS-1Ds Mark III, EOS-1D Mark III, EOS-1D Mark II N, EOS-1Ds Mark II, EOS-1D Mark II, EOS-1D, EOS-1Ds, EOS 5D Mark II, EOS 5D, EOS 7D (микробағдарламасы 2.0.0 нұсқасынан ескі), EOS 50D, EOS 40D, EOS 30D, EOS 20D/EOS 20Da, EOS 10D, EOS D2000, EOS D30, EOS D60, EOS 550D, EOS 500D, EOS 450D, EOS 1000D, EOS 400D, EOS 350D және EOS 300D
Нобайларды сұрыптау
Суреттерді құсбелгісі, түсіру күні/уақыты немесе басқа шарттар бойынша сұрыптауға және жекелеген суреттердің ретін еркін өзгертуге болады.
Түрі бойынша сұрыптау
-
[Thumbnails/Нобайлар] мәзіріндегі [Sort/Сұрыптау] тармағынан бір шартты таңдаңыз.
Негізгі сұрыптау элементтері Сипаттамасы Файл аты: артуы бойынша Суреттер файл аты бойынша әліпби-сан ретімен сұрыпталады (0 – 9 → A – Z). Кеңейтім: артуы бойынша Суреттер мына ретпен сұрыпталады: RAW суреттері → JPEG суреттері → TIFF суреттері → MOV фильмдері → MP4 фильмдері. Түсіру күні/уақыты: артуы бойынша Суреттер түсіру күні мен уақыты бойынша ең ескісінен бастап сұрыпталады. Құсбелгі: артуы бойынша Құсбелгі қойылған суреттер тізімде басқалардан бұрын және сан ретімен артуы бойынша көрсетіледі. Бағалау: артуы бойынша Ең аз [ ] белгісінен бастап ең көбіне қарай сұрыпталады.
Камера үлгісінің аты: артуы бойынша Камера үлгісінің аты бойынша арту ретімен сұрыпталады.
(Мыс.: EOS-1D X → EOS 6D)Объектив: артуы бойынша Объективтің фокустау ұзындығы бойынша ең қысқанынан бастап сұрыпталады. ISO көрсеткіші: артуы бойынша ISO көрсеткіші бойынша ең баяуынан бастап сұрыпталады. Ысырма жылдамдығы: артуы бойынша Ысырма жылдамдығы бойынша ең баяуынан бастап сұрыпталады. Апертура мәні: артуы бойынша Апертура мәні бойынша ең төменінен бастап сұрыпталады. Фокустау ұзындығы: артуы бойынша Объективте орнатылған фокустау ұзындығы бойынша ең қысқасынан бастап сұрыпталады. Бұлыңғыр/фокустан тыс суретті анықтау Суреттерді [Blur/Out-of-Focus image detection/Бұлыңғыр/фокустан тыс суретті анықтау] деңгейлері арқылы сұрыптауға болады. Қатты бұлыңғыр/фокустан тыс суреттер үшін [*] бастап минималды бұлыңғыр немесе фокусы жеткіліксіз суреттер үшін [****] аралығында төрт анықтау деңгейі қолжетімді. - Сондай-ақ суреттерді [Image Size/Сурет өлшемі], [RAW Type/RAW түрі] және [Recipe editing status/Әдістің өңдеу күйі] параметрлері бойынша да реттеуге болады.
Ретті еркін өзгерту
-
Суреттерді жылжыту үшін оларды сүйреңіз.
- Сондай-ақ бірнеше суретті таңдап, барлығын бір-ақ жылжытуға да болады.
- Реті еркін өзгертілген суреттердің сұрыпталу реті [Filter/Sort pane/Сүзу/Сұрыптау панелі] панелінде [Custom/Икемделген] ретінде уақытша тіркеледі және DPP бағдарламасы жабылғанша немесе қалта аймағынан басқа бір қалта таңдалғанша сақталады.
- Әдепкі сұрыптау ретін қалпына келтіру үшін [Thumbnails/Нобайлар] мәзіріндегі [Sort/Сұрыптау] тармағынан [File name/Файл атауы] және [Ascending/Артуы бойынша] опцияларының екеуін бірдей таңдаңыз.
Ескертпе
- Сурет файлдарының аттарын өзгертпей, суреттің сұрыпталу ретін сақтап қалу үшін [Preferences/Таңдаулы параметрлер] терезесіндегі [View settings/Көрініс параметрлері] қойындысын пайдалануға болады ().
- Суреттердің сұрыпталу ретін сақтай отырып, сурет файлдарының барлығының атын ағымдағы реті бойынша бір-ақ өзгерту үшін атын өзгерту функциясын пайдалануға болады ().
RAW+JPEG суреттерін бір нобаймен көрсету
[Thumbnails/Нобайлар] мәзірінен [Group RAW and JPG versions/RAW және JPG нұсқаларын топтастыру] тармағын таңдау арқылы бір уақытта түсірілген RAW суреті мен JPEG суретін бір сурет түрінде көрсетуге болады.
Бұл суреттерді тексеруді оңайлатады, өйткені бұл нобайлардың жалпы санынан жартысы ғана көрсетіледі.
-
[Thumbnails/Нобайлар] мәзірінен [Group RAW and JPG versions/RAW және JPG нұсқаларын топтастыру] тармағын таңдаңыз.
- Бірге түсірілген RAW және JPEG суреттері үшін [
] таңбасымен () белгіленген бір-ақ сурет көрсетіледі.
Ескерту
- Бір нобаймен көрсету мүмкіндігі RAW суреттерін .CRW немесе .TIF файл кеңейтімімен сақтайтын камералар арқылы бірге түсірілген суреттерде қолданылмайды.
- Бір нобаймен көрсету мүмкіндігі арқылы RAW суреті барлық терезелерде көрсетіледі. DPP бағдарламасындағы өңдеу тек RAW суретіне қолданылатынын ескеріңіз.
-
Төмендегі функциялар RAW суреттеріне де, JPEG суреттеріне де қолданылады.
Ескертпе
- Бір сурет түрінде көрсетіліп тұрған RAW және JPEG суреттерін [Collection/Топтама] терезесіне қосса, [Collection/Топтама] қойындысының парағында көрсетілетін суреттердің саны екі есе артады.
- Бірге түсірілген RAW және JPEG суреттері үшін [
Сурет ақпаратын тексеру
-
Суретті таңдаңыз.
-
[View/Көрініс] мәзірінен [Info/Ақпарат] тармағын таңдаңыз.
-
Қойындыны таңдаңыз.
[Exif Information/Exif ақпараты] қойындысы
- Түсіру ақпаратын көрсетеді. Көрсетілетін мәліметтер әр камера үлгісінде әртүрлі болатынын ескеріңіз.
[XMP/IPTC Information/XMP/IPTC ақпараты] қойындысы
-
Түсіргеннен кейін суреттерге тегтері қосылатын IPTC* метадеректерін көрсетеді.
International Press Telecommunications Council (Баспасөз және телекоммуникациялар жөніндегі халықаралық кеңес) метадеректерінде субтитрлер, титрлер және түсіру орны сияқты сурет туралы түсініктемелер болады. Тізім терезесінен [Description/Сипаттама], [IPTC Contact/IPTC контактісі], [IPTC Image/IPTC суреті], [IPTC Content/IPTC мазмұны] немесе [IPTC Status/IPTC күйі] опциясын таңдау арқылы бес бөлімге дейін көруге болады.
[Recipes/Әдістер] қойындысы
- Суреттерге қолданылған әдістер туралы егжей-тегжейлі мәліметті көрсетеді.
Ескертпе
- Сурет ақпарат терезесі көрсетіліп тұрғанда басқа бір сурет таңдалса, сол сурет бойынша сурет ақпараты көрсетіледі.
- Әр суреттің түсіру мәліметі сурет ақпаратының терезесінде беріледі.
- Жалпы түсіру ақпаратын көру үшін [Thumbnails/Нобайлар] мәзірінен [With shooting info/Түсіру ақпаратымен] тармағын таңдауға болады ().