Реттестіру
Суреттерді жою
Суретті жойған соң, оны қалпына келтіру мүмкін емес.
-
Жойылатын суретті таңдаңыз.
-
Windows
[File/Файл] мәзірінен [Move to Recycle Bin/Себетке жылжыту] тармағын таңдаңыз.
- Жұмыс үстеліндегі [Recycle Bin/Себет] мәзірінен [Empty Recycle Bin/Себетті босату] тармағын таңдағанда, суреттер компьютерден толық жойылады.
macOS
[File/Файл] мәзірінен [Move to Trash/Қоқыс себетіне жылжыту] тармағын таңдаңыз.
- [Finder/Іздеу] мәзірінен [Empty Trash/Қоқыс себетін босату] тармағын таңдағанда, суреттер компьютерден толық жойылады.
Суреттерді жылжыту
Суреттерді бөлек қалтаға жылжытып немесе көшіріп, түсіру күні немесе тақырыбы бойынша сұрыптауға болады.
-
Суреттерді жылжыту немесе көшіру үшін оларды сүйреңіз.
- Жылжыту үшін: суреттерді мақсатты қалтаға сүйреп апарыңыз.
- Көшіру үшін: Ctrl пернесін (Windows) немесе Option пернесін (macOS) басып тұрып, суреттерді мақсатты қалтаға сүйреп апарыңыз.
Суреттерді қалтасымен жылжыту
Сурет қалталарын жылжытып немесе көшіріп, суреттерді қалталар бойынша сұрыптауға болады.
-
Қалталарды жылжыту немесе көшіру үшін оларды сүйреңіз.
- Жылжыту үшін: қалталарды мақсатты қалтаға сүйреп апарыңыз.
- Көшіру үшін: Ctrl пернесін (Windows) немесе Option пернесін (macOS) басып тұрып, қалталарды мақсатты қалтаға сүйреп апарыңыз.
Қалталарға бетбелгілер қою
Жиі пайдаланылатын қалталарға бетбелгі қоюға болады.
Бетбелгі қойылған қалталардың тізімі басты терезедегі [Bookmark/Бетбелгі] қойындысында көрсетіледі.
-
Бетбелгі қойылатын қалтаны таңдаңыз.
-
[File/Файл] мәзірінен [Bookmark/Бетбелгі] тармағын таңдаңыз.
- 1-қадамда таңдалған қалта басты терезедегі [Bookmark/Бетбелгі] қойындысына тіркеледі.
Ескертпе
- Бетбелгілерді жою үшін [Bookmark/Бетбелгі] қойындысына тіркелген қалтаны таңдап алыңыз да, [File/Файл] мәзірінен [Remove bookmark/Бетбелгіні жою] тармағын таңдаңыз.