Жылдам тексеру терезесі
Жылдам тексеру терезесі қарап шығуға және белгілеуге оңайырақ болу үшін басты терезеде нобайлар түрінде суреттердің үлкенірек көрінісін береді.
-
Қарап шығу үшін бірнеше суретті таңдаңыз.
-
[Quick Check/Жылдам тексеру] опциясын басыңыз.
-
Тексеріліп жатқан суреттердің арасында ауысу үшін [
] немесе [
] түймесін басыңыз.
Жылдам тексеру терезесі
- Бірінші суретке өту үшін [
] түймесін, ал соңғы суретке өту үшін [
] түймесін басыңыз.
- Басты терезеге қайту үшін [
] түймесін басыңыз.
- Түсіру кезінде пайдаланылған автофокус нүктелерін көрсету үшін [AF points/Автофокус нүктелері] опциясын таңдаңыз.
- Бірінші суретке өту үшін [
-
Үлкейту үшін бір аймақты басыңыз.
- Сіз басқан жердің (1) айналасында сурет 100% өлшемінде болып, іс жүзіндегі пискельдер көрсетіледі.
- Дисплей аймағын ауыстыру үшін суреттің үстінде курсорды сүйреңіз.
- Суретті жартылай өлшемде көрсету үшін [
] түймесін басыңыз. Бүкіл суретті көрсету үшін қайтадан басыңыз.
- Үлкейту шамасын реттеу үшін [
] опциясының жанындағы [
] түймесін басыңыз.
- Жылдам тексеру терезесін жабу үшін [
] түймесін басыңыз.
Ескерту
- Жылдам тексеру терезесінде фильм файлдары көрсетілмейді.
- AF нүктелері мына суреттерде көрсетілмейді:
- Өлшемі өзгертіліп, басқа пішімге түрлендірілгеннен кейін сақталған суреттер
- Камерадағы RAW суретін өңдеу параметрлері бұрмалануды түзетуге немесе хроматикалық аберрацияны түзетуге орнатылған суреттер
- Бірнеше экспозициялы суреттер
- HDR суреттері
- Нейрондық желі суретін өңдеу құралының () нәтижелері Жылдам тексеру терезесінде тексерілмейді.
Ескертпе
- Жылдам тексеру терезесінде тек таңдалған суреттерді қарап шығу үшін басты терезеден нобайларды таңдаңыз да, [Quick Check/Жылдам тексеру] опциясын басыңыз.
- Бұл операциялардың көбін суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен басу (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен басу (macOS жүйесінде) арқылы да орындауға болады.
Дисплейді пернетақтамен ауыстырып қосу
Көрсетіліп тұрған суретті ауыстыру
Windows
- Суреттерді ауыстыру үшін → немесе ← пернесін басыңыз.
- Толық экранда көрсету мен қалыпты көрсету арасында ауысу үшін Alt+Enter пернелерін басыңыз.
macOS
- Суреттерді ауыстыру үшін
+→ немесе
+← пернелерін басыңыз.