Сурет файлдарының атын өзгерту
-
Басты терезеде аты өзгертілетін бірнеше суретті таңдаңыз.
-
[Tools/Құралдар] мәзірінен [Start Rename tool/Атауды өзгерту құралын іске қосу] тармағын таңдаңыз.
-
Қажет параметрлерді реттеңіз, одан кейін [Execute/Орындау] түймесін басыңыз.
- Процесс басталып, файлдардың аттары өзгертіледі.
Ескерту
- [Modified File Name/Өзгертілген файл атауы] тізіміндегі қызыл түсті файл аттары — қайталанған атаулар. Қайталанған атаулар бар болса, файлдардың аттарын өзгерту мүмкін болмайды. Қайталанған атауларды жою үшін параметрлерді өзгертіңіз.
Ескертпе
- Басты терезедегі жекелеген файлдардың атын өзгерту үшін нобайды тінтуірдің оң жақ түймесімен басып, [Rename/Атын өзгерту] тармағын таңдаңыз.
- [Collection/Топтама] терезесі көрсетіліп тұрған кезде атауды өзгерту құралын қолдану мүмкін емес (). Оның үстіне жекелеген файлдардың атын өзгерту мүмкін емес.
Сурет файлдарының аттарын негізгі терезеде сұрыпталған реті бойынша өзгерту
Сурет файлдарының атын басты терезеде сұрыпталған реті бойынша топтап өзгертуге болады.
-
Аты өзгертілетін бірнеше суретті таңдаңыз.
-
[Tools/Құралдар] мәзірінен [Start Rename tool/Атауды өзгерту құралын іске қосу] тармағын таңдаңыз.
-
[Fit to main window/Басты терезеге шақтау] тармағын таңдаңыз.
-
Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
- Суреттердің көшірмелерін жасау үшін [Copy and Rename/Көшіру және атауын өзгерту] ұяшығына құсбелгі қойыңыз.
-
[Execute/Орындау] түймесін басыңыз.
- Файлдардың аты өзгертіліп, басты терезедегі сұрыптау реті сақталып қалады.