RAW суреттерін Photoshop бағдарламасына тасымалдау
Жекелеген RAW суреттерін 16 биттік TIFF суреттеріне түрлендіріп, Photoshop бағдарламасына тасымалдауға болады.
-
Тасымалданатын RAW суретін таңдаңыз.
-
[Tools/Құралдар] мәзірінен [Transfer to Photoshop/Photoshop бағдарламасына тасымалдау] тармағын таңдаңыз.
-
Photoshop іске қосылады да, тасымалданған суретті көрсетеді.
-
Ескерту
- Суреттерді тек бір-бірден тасымалдауға болады. Бірнеше суретті бірден жіберу жолдарын Суреттерді басқа сурет өңдеу бағдарламалық жасақтамасына тасымалдау бөлімінен қараңыз.
- Photoshop 7.0 немесе одан кейінгі нұсқасы қажет.
- Тасымалданған суреттер автоматты түрде 16 биттік TIFF суреттеріне түрлендіріліп, оларға ICC профилі қосылады (). ICC профилінде [Preferences/Таңдаулы параметрлер] () немесе төменде сипатталғандай әр сурет үшін орнатылған жұмыс түстік кеңістігі () туралы ақпарат болады және тиісті түс ақпараты Photoshop бағдарламасына беріледі.
- Photoshop бағдарламасынан шыққан жағдайда тасымалданған сурет тасталып, тек түпнұсқа RAW суреті қалады. Photoshop бағдарламасында тасымалданған суретті бөлек сурет етіп сақтаған жөн.