Құрал палитралары
- Негізгі реттеу құралдар палитрасы
- Реңкті реттеу құралдар палитрасы
- Түсті реттеу құралдар палитрасы
- Толық реттеу құралдар палитрасы
- Қию/бұрышты реттеу құралдар палитрасы
- Объективті түзету құралдар палитрасы
- Жартылай реттеу құралдар палитрасы
- Шаңды жою/көшірме мөрі құралдар палитрасы
- Параметрлер құралдар палитрасы
Өңдеу барысында қажет болған жағдайда DPP бағдарламасындағы алуан түрлі құрал палитраларының арасында ауысуға болады.

- (1)Негізгі реттеу құралдар палитрасы
- (2)Толық реттеу құралдар палитрасы
- (3)Реңкті реттеу құралдар палитрасы
- (4)Түсті реттеу құралдар палитрасы
- (5)Параметрлер құралдар палитрасы
- (6)Объективті түзету құралдар палитрасы
- (7)Қию/бұрышты реттеу құралдар палитрасы
- (8)Жартылай реттеу құралдар палитрасы
- (9)Шаңды жою/көшірме мөрі құралдар палитрасы
-
Негізгі реттеу құралдар палитрасы
-
Реңкті реттеу құралдар палитрасы
Түстің қисық сызығын реттейді және Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын қолданады ().
-
Түсті реттеу құралдар палитрасы
Суреттің көрсетілген гаммадағы реңкін, қанықтығын және жарығын реттейді. Бүкіл суреттің реңкі мен қанықтығын да реттеуге болады ().
-
Толық реттеу құралдар палитрасы
-
Қию/бұрышты реттеу құралдар палитрасы
-
Объективті түзету құралдар палитрасы
Суреттегі объектив аберрациясын түзетеді () және Digital Lens Optimizer (Сандық объектив оңтайландырғыш) функциясын қолданады ().
-
Жартылай реттеу құралдар палитрасы
-
Шаңды жою/көшірме мөрі құралдар палитрасы
Шаңды жояды және суреттің бір аймағынан басқасына пиксельдерді көшіру арқылы түзетеді ().
-
Параметрлер құралдар палитрасы
Ескертпе
- RAW суреттерін өңдеу үшін көбінесе Негізгі реттеу құралдар палитрасы жеткілікті.
- Негізгі реттеу құралдар палитрасымен бастапқы реттеу жеткілікті болмаса немесе Реңкі реттеу құралдар палитрасындағы () функцияларды пайдаланғыңыз келсе, Реңкі реттеу құралдар палитрасымен реттеулерді барынша аз жасауға тырысыңыз.
- Шуды азайту () және объективтің аберрациясын түзету () үшін Толық реттеу () және Объективті түзету () құрал палитраларын қолданардан бұрын Негізгі реттеу және Реңкті реттеу құралдар палитраларымен өңдеңіз.
- [Tool palette/Құралдар палитрасы] элементін көрсету немесе жасыру үшін басты терезенің төменгі сол жағындағы [
] түймесін басыңыз.
Негізгі реттеу құралдар палитрасы
- Ашықтықты реттеу
- Picture Style стильдерін ауыстыру
- Picture Style файлдарын пайдалану
- Ақ түс балансын өзгерту арқылы түс реңкін реттеу
- Ақ түс балансын басып таңдау арқылы түс реңкін реттеу
- Түс температурасын орнату арқылы ақ түс балансын реттеу
- Ақ түс балансын дәлдеп реттеу
- Контрастты реттеу
- Көлеңке/жарық аймақтардың ашықтығын реттеу
- Түс реңкі мен қанықтығын реттеу
- Динамикалық ауқымды реттеу
- Автоматты градация және жарықты реттеу
- Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын пайдалану
- Бетке түскен жарықты реттеу
- Суреттің айқындығын реттеу
- Анықтықты реттеу
Негізгі реттеу құралдар палитрасы RAW суреттерін өңдеуге мүмкіндік береді.
JPEG немесе TIFF суреттерінде тек Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын қолдануға немесе суреттің айқындығын реттеуге болатынын ескеріңіз.
Ашықтықты реттеу
Суреттің ашықтығын реттеуге болады. Суреттерді ашық немесе қараңғы ету үшін жүгіргілерді сүйреңіз.

- Болдырмау
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің жүздік үлестері түрінде)
- Солға немесе оңға сүйреңіз
Picture Style стильдерін ауыстыру
Picture Style стильдерін ауыстыру арқылы суреттерге басқаша келбет беруге болады. (2) тізімінде берілген бір Picture Style опциясын таңдаңыз. Бұл өзгерістен бас тарту үшін (1) түймесін басыңыз. Монохромды етіп өзгертілген суреттерді басқа бір Picture Style таңдау арқылы қайтадан түрлі түсті етіп өзгертуге болады.

- Болдырмау
- Таңдау
Ескертпе
- Picture Style стильдерін ауыстырған жағдайда да [Color tone/Түс реңкі], [Color saturation/Түс қанықтығы], [Contrast/Контраст], [Unsharp mask/Бұлдыр маска] мен [Sharpness/Айқындық] параметрлерін сақтап қалуға болады.
-
[Auto/Автоматты] параметрі төмендегі камералармен түсірілген суреттерге қолданылмайды.
- EOS-1D Mark IV, EOS-1Ds Mark III, EOS-1D Mark III, EOS-1D Mark II N, EOS-1Ds Mark II, EOS-1D Mark II, EOS-1D, EOS-1Ds, EOS 5D Mark II, EOS 5D, EOS 7D, EOS 60D/EOS 60Da, EOS 50D, EOS 40D, EOS 30D, EOS 20D/EOS 20Da, EOS 10D, EOS D2000, EOS D30, EOS D60, EOS 550D, EOS 500D, EOS 450D, EOS 1000D, EOS 1100D, EOS 400D, EOS 350D және EOS 300D
- PowerShot G3 X, PowerShot G1 X Mark II, PowerShot G7 X, PowerShot G9 X, PowerShot SX60 HS, PowerShot G5 X, PowerShot G16, PowerShot S120, PowerShot G1 X, PowerShot G15, PowerShot S110, PowerShot S100, PowerShot G9, PowerShot G10, PowerShot G11, PowerShot G12, PowerShot S90, PowerShot S95, PowerShot SX1 IS, PowerShot SX50 HS және PowerShot SX70 HS
-
[Fine Detail/Ұсақ деталь] параметрі төмендегі камералармен түсірілген суреттерге қолданылмайды.
- PowerShot G3 X, PowerShot G1 X Mark II, PowerShot G7 X, PowerShot G9 X, PowerShot SX60 HS, PowerShot G5 X, PowerShot G16, PowerShot S120, PowerShot G1 X, PowerShot G15, PowerShot S110, PowerShot S100, PowerShot G9, PowerShot G10, PowerShot G11, PowerShot G12, PowerShot S90, PowerShot S95, PowerShot SX1 IS және PowerShot SX50 HS
- [Auto/Автоматты] параметрі камерада жасалған бірнеше экспозициялы RAW суреттеріне қолданылмайды.
Picture Style файлдарын пайдалану
DPP бағдарламасында RAW суретін өңдеген кезде, Canon веб-сайтынан жүктеп алынған немесе Picture Style Editor (Сурет стилі редакторы) құралымен жасалған Picture Style файлдарын қолдануға болады.
-
[Picture Style/Сурет стилі] панеліндегі [Browse/Шолу] түймесін басыңыз.
-
Компьютеріңізге сақталған Picture Style файлын таңдап, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.
- Басқа бір Picture Style файлын қолдану үшін 2-қадамды қайталаңыз.
Ескертпе
- Қолдау көрсетілетін Picture Style файлдарының кеңейтімі .PF2 немесе .PF3 болады.
Ақ түс балансын өзгерту арқылы түс реңкін реттеу
Ақ түс балансын өзгерту арқылы сурет түстерінің табиғи көрінісін күшейтуге болады.

- Болдырмау
- Таңдау
-
Түсіру кезінде камерада орнатылған ақ түс балансы камера белгішесінен (
) кейін жақшаның ішінде көрсетіледі.
- Creative Zone (Шығармашылық аймағы) режимдеріндегі камераның ақ түс балансы жақшаның ішінде көрсетіледі.
- Камера Basic Zone (Негізгі аймақ) режимінде болған жағдайда [Shot settings/Түсіру параметрлері] көрсетіліп, таңдалған түсіру режиміне арналған сурет сипаттамалары қолданылады.
- Ақ түс балансы туралы егжей-тегжейлі мәліметті камераның нұсқаулығынан қараңыз.
Ескерту
Ескертпе
- Егер сурет түстері ақ түс балансын өзгерткеннен кейін де табиғи болып көрінбесе, оны ақ түс балансын басып таңдау арқылы өңдеп көріңіз ().
- Ақ түс балансын реттегеннен кейін түстерді дәлдеп реттеу үшін [Color tone/Түс реңкі] опциясын пайдалануға болады ().
- Терең ақ түс балансы туралы қосымша ақпаратты қолданылған камераның нұсқаулығынан қараңыз.
Ақ түс балансын басып таңдау арқылы түс реңкін реттеу
Суреттердің табиғи көрінісін күшейту үшін ақ түс негізі ретінде бір сурет аймағын іріктеп алу арқылы ақ түс балансын реттеуге болады. Бұл әдіс ақ түстің реңкі жарық көзінің әсерінен өзгерген сурет аймақтарынан үлгі іріктеп алған кезде тиімді болады.
-
[
] түймесін (1) басыңыз.
-
Ақ түске негіз болатын аймақты басыңыз.
- Курсор координаталары мен сәйкес RGB мәндері (8 битке түрлендірілген)
- Басып таңдау
- Болдырмау
- Ақ түс балансын қайтадан реттеу үшін басқа бір сурет аймағын басыңыз.
- Суретте ақ түс болмаса, сұр түсті бір аймақты басыңыз.
- Шығу үшін [
] түймесін қайтадан басыңыз. Windows жүйесінде тінтуірдің оң жақ түймесін басу арқылы да шығуға болады.
Ескертпе
- Ақ түс балансын камерада жасалған көп экспозициялы RAW суреттері үшін өзгерту немесе реттеу мүмкін емес.
Түс температурасын орнату арқылы ақ түс балансын реттеу
[White balance adjustment/Ақ түс балансын реттеу] тізім терезесінен [Color temperature/Түс температурасы] тармағын таңдаңыз.
-
Түс температурасын орнатыңыз.
- Бір параметр мәнін енгізіңіз
- Солға немесе оңға сүйреңіз
Ескертпе
- Реттеу ауқымы 2000 –10000 K аралығында (10 K қадамдармен).
Ақ түс балансын дәлдеп реттеу
Ақ түс балансын дәлдеп реттеу дүкендерден сатып алуға болатын түс температурасын түрлендіру сүзгісін немесе түстің орнын толтыратын сүзгіні пайдаланумен бірдей әсер береді.
-
[Fine-tune/Дәлдеп реттеу] панеліндегі реттеу аймағында нүктені сүйреу арқылы реттеңіз.
- Сүйреңіз
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
- B көк түсті, A сары түсті, M қызыл түсті, ал G жасыл түсті білдіреді. Ақ түс балансы сіз курсорды сүйреген бағытта реттеледі.
- Дәлдеп реттеу әрекетін жүгіргілерді қолдану немесе мәндерді енгізу арқылы да орындауға болады.
Ескерту
- Реттеу нәтижелерін жеке ақ түс балансы () ретінде тіркеу үшін ақ түс балансын дәлдеп реттеуден бұрын [White balance adjustment/Ақ түс балансын реттеу] тізім терезесінде [
( )] параметрінен басқа бір параметрді таңдаңыз. Тізім терезесінде [
( )] әуел бастан таңдалған болса, дәлдеп реттеу нәтижелерінен жеке ақ түс балансын тіркеу мүмкін болмайды.
- Ақ түс балансын камерада жасалған көп экспозициялы RAW суреттері үшін өзгерту немесе реттеу мүмкін емес.
Контрастты реттеу
Түс контрастын реттеуге болады.

- Болдырмау
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
Көлеңке/жарық аймақтардың ашықтығын реттеу
Суреттің көлеңкелеріне немесе жарық аймақтарына фокусталған реттеу көлеңкелер мен жарық жерлерде кішкентай бөлшектердің жоғалуын болдырмауға мүмкіндік береді.

- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
Ескерту
- Жарық немесе көлеңке аймақтарға айтарлықтай өзгерістер енгізілгеннен кейін суреттер табиғи көрінбеуі мүмкін.
Түс реңкі мен қанықтығын реттеу
Picture Style () параметрін [Monochrome/Монохромды] етіп орнатса, [Color tone/Түс реңкі] және [Color saturation/Түс қанықтығы] параметрлері [Filter effect/Сүзгі әсері] және [Toning effect/Реңк беру әсері] болып өзгеретінін ескеріңіз.

- Болдырмау
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
-
Color tone (Түс реңкі)
Түстерді сарғайту үшін жүгіргіні оңға қарай, ал қызарту үшін солға қарай сүйреңіз.
-
Color saturation (Түс қанықтығы)
Жалпы түс қанықтығын реттеңіз. Түстердің қанықтығын арттыру үшін жүгіргіні оңға қарай, ал азайту үшін солға қарай сүйреңіз.
Монохромды реттеу
Picture Style () параметрі [Monochrome/Монохромды] етіп орнатылса, сүзгілер қолдануға немесе монохромды фотосуреттер жасауға ұқсас әсерлермен фотосуреттерді монохромды етуге болады.
[Picture Style/Сурет стилі] тізім терезесінен [Monochrome/Монохромды] тармағын таңдаңыз.
-
Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
- Болдырмау
- Бір параметр мәнін енгізіңіз
-
Filter effect (Сүзгі әсері)
Сурет аймақтарын, мысалы, бұлттардың ақ түсін немесе ағаштардың жасыл түсін ерекшелей отырып монохромды фотосуреттер жасайды.
Сүзгі Әсердің мысалы None (Ешбірі) Сүзгі әсері жоқ қалыпты монохромды сурет. Yellow (Сары) Көк аспан көбірек табиғи, ал ақ бұлттар айқынырақ көрінеді. Orange (Қызғылт сары) Көк аспан сәл күңгірттеу болады. Күн шапағы жарқынырақ көрінеді. Red (Қызыл) Көк аспан толық күңгірттеледі. Күзгі жапырақтар жарқынырақ көрінеді. Green (Жасыл) Тері реңктері мен еріндер солғын болып көрінеді. Ағаштың жасыл жапырақтары жарқынырақ көрінеді. -
Toning effect (Реңк беру әсері)
Бір ғана түс қосылған монохромды фотосуреттер жасайды.
[No/Жоқ], [Sepia/Сепия], [Blue/Көк], [Purple/Күлгін] немесе [Green/Жасыл] опцияларының бірін таңдаңыз.
Ескертпе
- Сүзгі әсерін белгілеу үшін [Contrast/Контраст] жүгіргісін оңға қарай орнатыңыз.
Динамикалық ауқымды реттеу
Суреттің көлеңке аймақтарынан жарық аймақтарына дейінгі динамикалық ауқымды реттеуге болады.

- Солға немесе оңға сүйреу: кірістегі қара нүкте
- Солға немесе оңға сүйреу: кірістегі ортаңғы нүкте
- Солға немесе оңға сүйреу: кірістегі ақ нүкте
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің жүздік үлестері түрінде)
- Солға немесе оңға сүйреу: шығыстағы қара нүкте
- Солға немесе оңға сүйреу: шығыстағы ақ нүкте
- Көлденең ось кіріс деңгейлерін, ал тік ось шығыс деңгейлерін көрсетеді.
- Ортаңғы нүктені кірістегі ақ нүктелерге және қара нүктелерге жасалған реттеулермен байланыстыру үшін [Move midpoint to match/Сәйкестендіру үшін ортаңғы нүктені жылжыту] опциясын таңдаңыз.
- [Linear/Сызықтық] опциясын басқа жетілдірілген сурет өңдеу бағдарламалық жасақтамасымен пайдаланыңыз. [Linear/Сызықтық] таңдалса, суреттің ашықтығы азаятынын ескеріңіз.
- (4) жолында енгізілген мәндер кірістегі қара нүкте, ортаңғы нүкте және ақ нүкте ретінде қолданылады.
Автоматты градация және жарықты реттеу
Тартымды градация мен жарық үшін динамикалық ауқымды автоматты түрде реттеу үшін [Auto/Автоматты] опциясын таңдаңыз.

- [Gamma adjustment/Гамманы реттеу] тақтасындағы ақ нүктелер, ортаңғы нүктелер мен қара нүктелерді, сонымен қатар [Advanced/Кеңейтілген] тақтасындағы [Highlight/Жарық аймақ] және [Shadow/Көлеңке] параметрлерін автоматты түрде реттейді.
-
Параметрлерді бастапқы қалпына келтіруге немесе төмендегідей сақтап қалуға болады.
Бастапқы қалпына келтірілетін параметрлер
- Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш)
- [Advanced/Кеңейтілген] тақтасындағы [Contrast/Контраст]
Бастапқы қалпына келмейтін параметрлер
- Ашықтықты реттеу
- Ақ түс балансын реттеу
- Сызықтық*
Ақ түсті нүктелер мен қара түсті нүктелер автоматты түрде реттеледі.
Ескертпе
- Өңделген суреттерді табиғи көрінбесе, көлеңкені және жарық аймақты реттеу мөлшерін азайтыңыз.
Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын пайдалану
Қараңғы, контрасты төмен суреттердің ашықтығы мен контрастын түзету үшін Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын пайдаланыңыз.
Сондай-ақ камерада осы функция орнатылған күйде түсірілген суреттердің ALO параметрлерін де өзгертуге болады.
-
[Auto Lighting Optimizer/Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш] (1) опциясын таңдаңыз.
- ALO орнатылған камерамен түсірілген суреттерде [Auto Lighting Optimizer/Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш] алдын ала таңдалып қояды.
-
Параметрді қажетінше реттеңіз.
- (2) Үш деңгейдің бірін таңдаңыз: Төмен/Стандартты/Қатты
- Сурет параметрге байланысты автоматты түрде реттеледі.
- Көрсетілетін әдепкі мән ALO функциясымен түсіру кезінде камерада орнатылған мәнге сәйкес келеді.
- Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясынан бас тарту үшін [Auto Lighting Optimizer/Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш] құсбелгісін алып тастаңыз.
Ескерту
- [Highlight tone priority/Ашық реңк басымдығы] параметрі [Disable/Ажырату] опциясынан басқа бір мәнге қойылғанда, ALO мүмкіндігі EOS-1D Mark IV, EOS 5D Mark II, EOS R1, EOS R3, EOS R5 Mark II, EOS R6 Mark II, EOS R7, EOS R8, EOS R10 немесе EOS R50 үлгісінен басқа үйлесімді камералардағы RAW суреттері үшін қолданылмайды.
- ALO функциясы камерада жасалған бірнеше экспозициялы RAW суреттері үшін қолданылмайды.
- ALO функциясы бір уақытта түсірілген RAW+JPEG суреттеріне қолданылған кезде, түзету нәтижелері басқаша болуы мүмкін.
Бетке түскен жарықты реттеу
Қиғаш жарықпен түсірілген немесе жарқылдақпен жарықтандырылған суреттердегі беттерге түскен жарықты тиімді түзетуді қосу үшін [Adj face lighting/Бетке түскен жарықты реттеу] (1) опциясын таңдаңыз.
Оны төмендегі жағдайларда пайдалануға болады.
- EOS R1, EOS R3, EOS R5, EOS R5 Mark II, EOS R5 C, EOS R6, EOS R6 Mark II немесе EOS R7 камерасындағы RAW суреттері
- [Auto Lighting Optimizer/Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш] таңдалған

Ескерту
- Беттер толық анықталмаса және жарық жеткіліксіз болса, кейбір түсіру жағдайларында [Adj face lighting/Бетке түскен жарықты реттеу] опциясын қолдану және сәйкестендіру мүмкін болмайды.
- Бұл функция шуды арттыруы мүмкін.
- Реттеудің жоғары ISO көрсеткiштерінде тиімділігі аз болуы мүмкін.
- Бетке түскен жарықты реттеу опциясы RAW суреттерін сериямен түсіру режимінде түсірілген RAW суреттері үшін қолжетімді емес.
- EOS R1, EOS R5 Mark II және EOS R6 Mark II камерасымен түсірілген RAW суреттері үшін [Adj face lighting/Бетке түскен жарықты реттеу] опциясы жүйе талаптарында көрсетілген Windows 10 (1809 немесе кейінгі нұсқасы), Windows 11 және macOS нұсқаларында қолжетімді.
Суреттің айқындығын реттеу
Суреттердің атмосферасын анығырақ немесе жұмсағырақ қылуға болады.
Тізім терезесінен (2) [Sharpness/Айқындық] немесе [Unsharp mask/Бұлдыр маска] тармағын таңдаңыз.

- Болдырмау
- Бір элементті таңдаңыз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
- Солға немесе оңға сүйреңіз
-
[Sharpness/Айқындық]
Суреттің сұлбаларының ерекшеленуін реттеу арқылы суреттердің айқындығын бақылайды.
Мәнді арттыру, жиектерді ерекшелеу және суретті айқын ету үшін жүгіргіні (4) оңға қарай сүйреңіз.
-
[Unsharp mask/Бұлдыр маска] (тек RAW суреттері)
Суреттің айқындығын толығырақ реттеу.
-
[Strength/Қарқындылық]
Суреттің сұлбаларының ерекшелену деңгейін көрсетеді. Мәнді арттыру, жиектерді ерекшелеу және суретті айқын ету үшін жүгіргіні оңға қарай сүйреңіз.
-
[Fineness/Дәлдік]
Ерекшеленген сұлбаның айқын дәлдігін көрсетеді. Мәнді азайту және ұсақ детальдарды ерекшелеуді оңайлату үшін жүгіргіні солға қарай сүйреңіз.
-
[Threshold/Шек]
Сұлбалардың және жиектерді қашан күшейту керек екенін анықтайтын айналадағы сурет аймақтарының арасындағы контрасттың шектік деңгейін орнатады.
-
Ескертпе
- Суреттің айқындығын реттеген кезде үлкейтуді [400%], [200%] немесе [100%] мәніне орнатыңыз. Үлкейту [Fit to window/Терезеге шақтау] мәніне қойылған кезде (бүкіл суретті көрсетіп), реттеу нәтижелерін дұрыс анықтау қиын болуы мүмкін.
Анықтықты реттеу
Бұл функцияның көмегімен суреттің жиектеріндегі контрастты өзгертуге болады. Анықтық параметрі бар камералармен түсірілген суреттерге қолданылады.

- Болдырмау
- Бір параметр мәнін енгізіңіз
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Анықтықты арттыру үшін жүгіргіні сүйреңіз.
Реңкті реттеу құралдар палитрасы
- Ашықтықты және контрастты реттеу
- Ақ түс балансын басып таңдау арқылы түс реңкін реттеу
- Реңк қисық сызықтарын реттеу
- Динамикалық ауқымды реттеу
- Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын пайдалану
Ашықтықты және контрастты реттеу
Суреттің ашықтығы мен контрастын реттеуге болады. Артық реттеу суреттің түстерін тым қанық қылып жіберіп, суреттің сапасына әсер етуі мүмкін екенін ескеріңіз.

- Болдырмау
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
- Солға немесе оңға сүйреңіз
-
Brightness (Ашықтық)
Суреттерді ашық немесе қараңғы ету үшін жүгіргілерді сүйреңіз.
-
Contrast (Контраст)
Түс контрастын реттеуге болады. Контрастты жоғарылату үшін жүгіргіні оңға, ал төмендету үшін солға сүйреңіз.
Ақ түс балансын басып таңдау арқылы түс реңкін реттеу
Суреттердің табиғи көрінісін күшейту үшін ақ түс негізі ретінде бір сурет аймағын іріктеп алу арқылы ақ түс балансын реттеуге болады. Бұл әдіс ақ түстің реңкі жарық көзінің әсерінен өзгерген сурет аймақтарынан үлгі іріктеп алған кезде тиімді болады.
-
[
] түймесін басыңыз.
-
Ақ түске негіз болатын аймақты (1) басыңыз.
- Курсор координаталары мен сәйкес RGB мәндері (8 битке түрлендірілген)
- Ақ түс балансын қайтадан реттеу үшін басқа бір сурет аймағын басыңыз.
- Суретте ақ түс болмаса, сұр түсті бір аймақты басыңыз.
- Шығу үшін [
] түймесін қайтадан басыңыз. Windows жүйесінде тінтуірдің оң жақ түймесін басу арқылы да шығуға болады.
Ескертпе
- Суреттерді өңдеп жатқан кезде гистограмманың көрсетілуі жаңарып отырады және бастапқы суреттің гистограммасын экранға шығаруға болады.
Реңк қисық сызықтарын реттеу
Реңк қисық сызығын өзгерту арқылы нақты бір сурет аймақтарының ашықтығы, контрасты мен түсін реттеуге болады ().
-
Реңк қисық сызығының режимін және интерполяция әдісін таңдаңыз.
-
Реңк қисық сызығын реттеңіз.
-
RGB: R, G және B түстерін бірге реттейді
R, G, B: жекелеген арналарды реттейді
- Бастапқы және өңделген суреттің гистограммасын көрсетеді
- Ең жақында орнатылған реттеу нүктесінің ([
]) координаталары
- Көлденең ось кіріс деңгейін, ал тік ось шығыс деңгейін көрсетеді.
- Сегіз реттеу нүктесіне [
] дейін орнатуға болады.
- Реттеу нүктесін [
] жою үшін не нүктені екі рет басыңыз, не Delete пернесін басыңыз.
-
Реңк қисық сызығын реттеу мысалы
Ортаңғы реңктерді ашық қылады

Ортаңғы реңктерді күңгірттейді

Суреттің айқындығын арттырады

Суреттің айқындығын азайтады

Динамикалық ауқымды реттеу
Суреттің көлеңке аймақтарынан жарық аймақтарына дейінгі динамикалық ауқымды реттеуге болады.

- Оңға сүйреу: кірістегі қара нүкте
- Солға сүйреу: кірістегі ақ нүкте
- Кірістегі қара нүктенің мәні
- Кірістегі ақ нүктенің мәні
- Жоғары сүйреу: шығыстағы қара нүкте
- Төмен сүйреу: шығыстағы ақ нүкте
- Шығыстағы қара нүктенің мәні
- Шығыстағы ақ нүктенің мәні
- Болдырмау
- Көлденең ось кіріс деңгейлерін, ал тік ось шығыс деңгейлерін көрсетеді.
Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын пайдалану
ALO нұсқауларын Негізгі реттеу құралдар палитрасы бөлімінің Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) функциясын пайдалану тармағынан қараңыз.
Түсті реттеу құралдар палитрасы
Түсті реттеу құралдар палитрасына сегіз бөлек түс гаммасындағы реңкті, қанықтықты және жарықты реттеу үшін қолдануға болады: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін және магента. Жалпы реңк пен қанықтықты реттеуге және суреттерді әрі қарай өңдеу үшін монохромды етіп өзгертуге болады.
Нақты түс гаммаларын реттеу
- H: Hue (Түс реңкі)
- S: Saturation (Қанықтық)
- L: Luminosity (Жарықтық)

- Болдырмау
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
- Жекелеген түс гаммаларына енгізілген өзгерістерді болдырмау
Жалпы реңк пен қанықтықты реттеу
- Түс реңкі: түстерді сарғайту үшін жүгіргіні оңға қарай, ал қызарту үшін солға қарай сүйреңіз.
- Қанықтық: жалпы түс қанықтығын реттеңіз. Түстердің қанықтығын арттыру үшін жүгіргіні оңға қарай, ал азайту үшін солға қарай сүйреңіз.

- Болдырмау
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
- Солға немесе оңға сүйреңіз
Монохромды реттеу
Сегіз түс гаммасының барлығы ең төмен қанықтыққа (-10) орнатылған монохромды сурет жасау үшін [Monochrome/Монохромды] опциясын басыңыз. Содан кейін реңк пен ашықтықты реттеу үшін әр түс гаммасының H және L жүгіргілерін сүйреу арқылы монохромды суретті өңдеуге болады.

- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Болдырмау
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
Толық реттеу құралдар палитрасы
Кешкі көріністердегі немесе жоғары ISO көрсеткіштерімен түсірілген суреттегі шуды азайту үшін Толық реттеу құралдар палитрасын пайдалануға болады. Бұл құралдар палитрасын айқындықты реттеу функцияларымен бірге пайдалануға да болады.
Шуды азайту
Жоғары ISO көрсеткіштерінен немесе басқа факторлардан болатын суреттегі шуды азайтуға болады.

- Ұлғайтылған аймақ орны
- Ірі масштаб терезесі
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бірліктің ондық үлестері түрінде)
- Шуды қаттырақ азайту үшін жоғарырақ мәндерді орнатыңыз.
- [Reduce luminance noise/Жарық шуын азайту] және [Reduce chrominance noise/Түстілік шуын азайту] параметрлерін реттеу алдында суреттердің барлығын таңдау арқылы бірнеше суретті бір уақытта бірдей әдіспен өңдеуге болады.
Ескерту
- [Reduce luminance noise/Жарық шуын азайту] реттеулері шумен бірге ажыратымдылықты төмендетуі мүмкін.
- [Reduce chrominance noise/Түстілік шуын азайту] реттеулері шу азайған сайын түспен көмкерілу тудыруы мүмкін.
Суреттерде түс ауытқуын азайту
Түс ауытқуы деп аталатын түс бұрмалануларын азайтуға болады.

- Болдырмау
- Таңдау
- Солға немесе оңға сүйреңіз
- Бір параметр мәнін енгізіңіз (бір бірлік арту қадамдарымен)
Ескерту
- Кей суреттерде түс ауытқуын азайта алмауыңыз мүмкін.
- Кей суреттерде реңктер өзгеруі мүмкін. Егер реңктер тым қатты өзгерсе, реттеу деңгейін төмендетіңіз.
Қию/бұрышты реттеу құралдар палитрасы
Суреттерді қиюға, бұрышты реттеуге және пропорцияны өзгертуге болады.

- Болдырмау
-
Қиып алу пропорциясын орнатыңыз (бірліктің жүздік үлесі түрінде енгізуге болады)
- [Free/Еркін]: пропорцияның параметрлерін еркін реттеу
- [Custom/Икемделген]: өзіңіз анықтаған пропорцияда қию
- Қып алу жақтауының өлшемін орнатыңыз (бір бірлік қадамдарымен енгізуге болады)
- Бұрышты реттеңіз (бірліктің жүздік үлесі түрінде енгізуге болады)
- Қию жақтауының сұлбасын ерекшелейді
- Қию жақтауынан тыс сурет көмескілігін реттейді
- Қию жақтауының ішінде торды көрсетеді
- Тор сызықтарының арасындағы бос аралықты орнатыңыз
- Қию жақтауын экранның ортасына туралайды
- Қию жақтауын көшіреді
- Қию жақтауын басқа суретке қояды
- Қию жақтауын тазалайды
Ескертпе
- [Aspect ratio/Пропорция] опциясын реттеу арқылы көлденеңінен түсірілген суреттерде тік түсірілімдер сияқты көрінетін етіп қиюға болады.
Қиып алу
Қию жақтауын орынға сүйреп апарыңыз.

- Қию жақтауын жылжыту үшін оны сүйреңіз.
- Қию жақтауының төрт бұрышын сүйреу арқылы оның өлшемін өзгертуге болады.
Бұрыштарды реттеу
Реттеу үшін жүгіргіні (4) сүйреңіз.

- Суреттер сіз көрсеткен пропорциядағы ең үлкен өлшемде қиылады.
- Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін бұрыштарды реттеуден бұрын объектив аберрациясын түзетіңіз.
Суретті бұру
Суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен басыңыз да, [Rotate Left/Солға бұру] немесе [Rotate Right/Оңға бұру] опциясын таңдаңыз.

Ескерту
- Суреттегі шу кеңейтілген ISO көрсеткіштерімен түсірілген суреттердің детальдарын тексеруді қиындатуы мүмкін.
Ескертпе
- Өзгерістерді болдырмау үшін [
] (1) түймесін басыңыз немесе Өңдеуді болдырмау бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.
- Қиылатын суреттер қиып алынатын аймақты білдіретін сызықтармен көрсетіледі.
- Нобайлар қиып алу мен бұрышты реттеуді көрсетеді.
- Суреттерді қиып алған кезде, «Preview/Алдын ала қарау» және «Edit Image/Суретті өңдеу» терезелері көрсетіледі.
- Қиылған RAW суретін JPEG немесе TIFF етіп түрлендіріп, сақтаған кезде (), нәтижедегі сурет қиылып шығады.
- [Copy/Көшіру] (10) опциясын басып, екінші суретті экранға шығарып, [Paste/Қою] (11) опциясын басу арқылы қию туралы ақпаратты басқа суретке қолдануға болады. Сондай-ақ [Paste/Қою] опциясын басу арқылы қию туралы ақпаратты бірнеше таңдалған суретке де қолдануға болады.
- Қию жақтауындағы реттеулердің барлығын өшіру үшін [Clear/Тазалау] (12) опциясын басыңыз.
Объективті түзету құралдар палитрасы
- Объектив аберрациясын түзету
- Түзетулер енгізу
- Түсіру қашықтығының ақпараттық жүгіргісі
- Бірнеше суретті бір уақытта түзету
- Сандық объективті оңтайландырғыш
- Айқындық және бұлдыр маска
Осы функциялар мен Сандық объектив оңтайландырғыштың көмегімен объектив аберрациясын түзетіп, суреттердің айқындығын жақсартуға болады. Бұл палитраны қолдану үшін EOS Lens Registration Tool (EOS объективін тіркеу құралы) (1.4.20 немесе одан кейінгі нұсқасы) бағдарламасын орнату қажет.

- Ұлғайтылған көрініс
- Қашықтық туралы ақпарат
- Сандық объективті оңтайландырғыш
- Объектив аберрациясын түзету
- Әсер
- Айқындық
Объектив аберрациясын түзету
Объективтің оптикалық сипаттамасымен байланысты аберрацияның төмендегі бес түрін бөлек-бөлек немесе барлығын бір уақытта түзетуге болады.
- Дифракция
- Хроматикалық аберрация (нысандардың айналасындағы түспен көмкерілу)
- Түстің көмескіленуі (суреттің жарық аймағында пайда болатын көк немесе қызыл түспен көмескіленуі)
- Төмен перифериялық жарық
- Бұрмалану аберрациясы
Объектив аберрациясын түзету үшін осы функциямен және [Add or Remove lens data/Объектив деректерін қосу немесе жою] терезесіндегі тізімде берілген объективтермен жабдықталған камерадағы RAW суреттері қажет ().
Ескерту
-
Мына суреттерге қолданылмайды:
- Бірнеше экспозициялы RAW суреттері
- EF Cinema (CN-E) объективтерімен түсірілген суреттер (камераның үлгісіне қарай)
Түзетулер енгізу
-
Суретті таңдаңыз.
-
Түзетілетін элементтерді таңдаңыз.
- Басты терезеде объектив аберрациясы түзетілген суреттердің нобайлары [
] таңбасымен белгіленеді ().
- Түзетуді азайту үшін жүгіргіні солға сүйреңіз.
- Қызыл және көк түс хроматикалық аберрациясын түзету үшін [Chromatic aberration/Хроматикалық аберрация] опциясының астындағы [R] және [B] жүгіргілерін қолданыңыз.
- Егер ұзартқышты таңдауды сұрайтын тізім терезесі экранға шықса, түсіру кезінде қолданылған ұзартқышты таңдаңыз.
- EF8–15mm f/4L USM Fisheye немесе EF15mm f/2.8 Fisheye объективтерімен түсірілген суреттердің бұрмалануын түзету үшін [Shot settings/Түсіру параметрлері] опциясының жанындағы [Effect/Әсер] тізім терезесінде берілген опцияларды таңдауға болады. Әсерлерді [Distortion/Бұрмалану] опциясының астындағы жүгіргімен реттеуге болады.
- EF8–15mm f/4L USM Fisheye объективімен түсірілген суреттер үшін [Effect/Әсер] тізім терезесінен [Emphasize Linearity/Бірізділікті ерекшелеу] тармағын таңдағанда дәлдеп реттеу жүгіргісін пайдалануға болады. Басты жүгіргі жеткілікті реттеу мүмкіндігін бермесе, дәлдеп реттеу жүгіргісін пайдаланыңыз.
- Басты терезеде объектив аберрациясы түзетілген суреттердің нобайлары [
Түзету нәтижелерін тексеру
-
Периферия жарықтылық және бұрмалану аберрациясы
Тексеру үшін толық экранды дисплейді қолданыңыз.
-
Хроматикалық аберрация және түстің көмескіленуі
Суреттегі керек аймақты басып, оны үлкейтілген көріністе зерделеу арқылы тексеріңіз.
Түзету нәтижелерін реттеу
- [Peripheral illumination/Перифериялық жарық] функциясынан шыққан перифериялық шуды жарық немесе түстілік шуын азайту арқылы азайтуға болады (). Алайда түнде немесе жоғары ISO көрсеткіштерімен түсірілген суреттерде перифериялық жарық айтарлықтай түзетіліп қойған жағдайда бұл шуды азайтпауы мүмкін.
- [Distortion/Бұрмалану] түзетуінен кейін бұлдырап кеткен суреттердің айқындығын қалпына келтіру үшін айқындықты реттеу арқылы айқындығын арттырып көріңіз ().
- [Color blur/Түстің көмескіленуі] параметрі түзетілгеннен кейін солғын тартқан суреттердің жарқындығын қалпына келтіру үшін қанықтықты ( немесе ) арттырып көріңіз. [Color blur/Түстің көмескіленуі] функциясы суреттің жарық аймақтарының шеттеріндегі көк немесе қызыл түспен көмескіленуді түзеткен кезде нәтижелі болатынын ескеріңіз. Түзету төмендегі жағдайларда нәтиже бермейді.
Ескерту
- Дифракцияны түзету тек дифракцияны түзетумен жабдықталған камералардағы суреттерге қолданылады. Бұл функцияны Сандық объектив оңтайландырғышпен бір уақытта қолдану мүмкін емес екенін ескеріңіз.
- Бұрмалануды түзету кейбір перифериялық сурет деталін жоюы мүмкін.
Ескертпе
- Бұрмалануды түзетудің реттеу ауқымы пайдаланылған камераға қарай әртүрлі болады.
Fisheye объективтеріне арналған бұрмалану аберрациясын түзету
-
Түсіру параметрлері
Бұрмалануды түзету тек оптикалық бұрмаланудың компенсациясымен шектеледі.
-
Сызықтықты ерекшелеу
Суреттерге объективтердің көбі шығаратын «орталық проекцияға» ұқсайтын көрініс береді. Кең, панорамалық суреттер жасауға мүмкіндік бергенімен, перифериялық созу айқындықты азайтады.
-
Қашықтықты ерекшелеу
Суреттерге салыстырмалы қашықтықтарды сақтайтын «тең аралықты проекцияға» ұқсайтын көрініс береді.
Бұл проекцияда суреттегі нүктелердің барлығы орталыққа қатысты пропорция тұрғысынан дұрыс қашықтықтарда және бұрыштарда болады. Көк күмбезінде астрофототүсірілімдер жасау үшін (жұлдыз карталары немесе күннің қозғалу схемалары сияқты қолданбаларда) қолданылатын бұл функция нысандардың көкжиектен немесе еңістен бірдей биіктікте тең аралықты проекциясын жасауға мүмкіндік береді.
-
Периферияны ерекшелеу
Суреттерге «стереографиялық проекция» көрінісін береді. Перифериялық созу айқындықты азайтуы мүмкін.
Дүние жүзі карталары немесе бақылау камераларымен түсірілген суреттер үшін қолданылады, себебі ол сфера тәрізді беттердегі қатысты позицияларды дәл суретке түсіруге мүмкіндік береді.
-
Орталықты ерекшелеу
Суреттерге «тікбұрышты проекция» көрінісін береді. Ортадан созу айқындықты азайтуы мүмкін.
Жұлдыздардың жарығының таралуын және жануарлардың «балықкөз» суреттерін түсіру үшін қолданылады, себебі жарықтығы бірдей заттар суретте бірдей мөлшерде орын алып тұрғандай етіп суретке түсіріледі.
Ескерту
- [Emphasize Linearity/Сызықтықты ерекшелеу], [Emphasize Distance/Қашықтықты ерекшелеу], [Emphasize Periphery/Периферияны ерекшелеу] және [Emphasize Center/Орталықты ерекшелеу] функцияларын пайдаланып өңделген суреттер осы проекция әдістеріне ұқсайды. Алайда олар ғылыми немесе академиялық мақсаттарда пайдалануға жарамайды.
Түсіру қашықтығының ақпараттық жүгіргісі
- Бұл жүгіргі өңделіп жатқан RAW суреттеріне сақталған кез келген түсіру қашықтығы туралы ақпаратқа автоматты түрде сәйкестенетін етіп орнатылған. Оны түсіру қашықтығы шексіздікке орнатылмаған суреттердің түсіру қашықтығын дәлдеп реттеу үшін пайдалануға болады.
- Түсіру қашықтығы туралы ақпараты жоқ RAW суреттерде жүгіргінің жоғарғы жағында [<!>] көрсетіліп, оның оң жақ шеті автоматты түрде шексіздікке орнатылады.
-
Төмендегі камералардағы RAW суреттерін өңдеген кезде, жүгіргінің оң жақ шеті автоматты түрде шексіздікке орнатылады.
- EOS-1D Mark II N, EOS-1Ds Mark II, EOS-1D Mark II, EOS-1D, EOS-1Ds, EOS 5D, EOS 30D және EOS 400D
- Жүгіргінің индикаторы MP-E65mm f/2.8 1-5x Macro Photo объективтерімен немесе Life-Size Converter EF ұзартқышы бар EF50mm f/2.5 Compact Macro объективтерімен түсірілген RAW суреттері үшін [Magnification Factor/Үлкейту коэффициенті] болып өзгереді.
- [Shooting distance information/Түсіру қашықтығы туралы ақпарат] жүгіргісінің орнатылған параметрі таңдалған реттелетін элементтердің барлығына қолданылады.
- Жүгіргімен реттеуді қажет етпейтін объективтермен түсірілген RAW суреттер үшін [Shooting distance information/Түсіру қашықтығы туралы ақпарат] жүгіргісін қолдану мүмкін емес.
Бірнеше суретті бір уақытта түзету
Түзетулер енгізер алдында бірнеше суретті таңдау () арқылы бірдей түзетулерді суреттердің барлығына бірден қолдануға болады. Сондай-ақ бірдей түзетулерді түзетілген суреттің әдісін көшіріп алып, оны бірнеше суретке қою арқылы да қолдануға болады ().
Сандық объективті оңтайландырғыш
Объективтің оптикалық сипаттамаларынан түрлі аберрацияларды, сонымен қатар бұрмалану мен төменгі жиіліктер сүзгісінен туындаған ажыратымдылықтың жоғалуын түзетуге болады.
Сандық объективті оңтайландырғыш үшін [Add or Remove lens data/Объектив деректерін қосу немесе жою] терезесіндегі тізімде берілген объективтермен түсірілген RAW суреттері қажет екенін ескеріңіз.
Үздік нәтижелерге қол жеткізу үшін Digital Lens Optimizer (Сандық объектив оңтайландырғыш) құралымен өңделетін RAW суреттерінің [Unsharp mask/Бұлдыр маска] параметрі үшін [Sharpness/Айқындық] немесе [Strength/Күштілік] опциясын 0 мәніне орнатыңыз.
Ескерту
- Бұл функцияны қолдану үшін EOS Lens Registration Tool (EOS объективін тіркеу құралы) (1.4.20 немесе одан кейінгі нұсқасы) бағдарламасын орнату қажет.
-
Сандық объективті оңтайландырғыш төмендегі суреттер үшін қолданылмайды.
- EOS 20D/20Da, EOS 10D, EOS D2000, EOS D30, EOS D60, EOS 350D немесе EOS 300D камерасындағы суреттер
- EF Cinema (CN-E) объективтерімен түсірілген суреттер
- Камерада жасалған бірнеше экспозициялы RAW суреттері
Ескертпе
- Сандық объективті оңтайландырғышты микробағдарламаның 1.1.1 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған EOS 5D камерасындағы және микробағдарламаның 1.0.6 немесе одан кейінгі нұсқасы орнатылған EOS 30D камерасындағы суреттерге қолдануға болады.
-
Суретті таңдаңыз.
-
Объектив деректерін жүктеп алыңыз.
- Егер [Lens data: Yes/Объектив деректері: Иә] көрсетілсе, 4-қадамға өтіңіз.
- Егер [Lens data: No/Объектив деректері: Жоқ] көрсетілсе, [
] түймесін басыңыз.
-
Түсіру кезінде пайдаланылған объективті таңдаңыз.
- [Start/Бастау] түймесін басыңыз.
Ескерту
- Егер [Not Available/Жоқ] опциясы көрсетілсе, Сандық объективті оңтайландырғышты қолдану мүмкін емес.
- Компьютердің күйіне қарай объектив деректерін жүктеп ала алмауыңыз мүмкін. Қайтадан жүктеп алып көрерден бұрын біраз күте тұрыңыз.
- Егер объектив деректері сақталатын орынды өзгертсеңіз және объектив деректерін жүктеп алып қойған болсаңыз, жүктеп алынған объектив деректерін бастапқы қалтадан жаңа қалтаға қолмен жылжытыңыз.
Ескертпе
- Объектив деректерін жою үшін объектив атауының жанындағы құсбелгіні алыңыз да, [Start/Бастау] түймесін басыңыз.
-
[Digital Lens Optimizer/Сандық объективті оңтайландырғыш] опциясын таңдаңыз.
- Әсерді реттеу үшін слайдерді сүйреңіз. Бұл өзгерістен бас тарту үшін (1) түймесін басыңыз.
- Нобай енді [
] таңбасымен белгіленеді.
Ескерту
- Digital Photo Professional 4 бағдарламалық жасақтамасынан бұрын шыққан нұсқалармен жүктеп алынған объектив деректерін пайдалану мүмкін емес. Digital Photo Professional 4 бағдарламасымен жүктеп алынған объектив деректерін пайдаланыңыз.
- Сандық объективті оңтайландырғышты [Diffraction correction/Дифракцияны түзету] функциясымен бір уақытта қолдану мүмкін емес.
- Digital Lens Optimizer (Сандық объектив оңтайландырғыш) қолданылған болса, суретті Объективті түзету құралдар палитрасындағы [Chromatic aberration/Хроматикалық аберрация] функциясымен түзету мүмкін емес.
Ескертпе
- [Sharpness/Айқындық] немесе [Unsharp mask/Бұлдыр маска] параметрлері Digital Lens Optimizer (Сандық объектив оңтайландырғыш) қолданылғаннан кейін реттелуі қажет.
Айқындық және бұлдыр маска
Суреттің айқындығын реттеу бөлімін қараңыз.

Жартылай реттеу құралдар палитрасы
- Суреттерге жартылай реттеулер жасау: [Brightness/Жарықтық], [Contrast/Контраст], [Hue/Реңк], [Saturation/Қанықтық]
- Суреттерге жартылай реттеулер жасау: [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту]
- Реттеу топтары
Жартылай реттеу құралдар палитрасында таңдалған сурет аймақтарындағы жарықтықты, контрастты, реңкті, қанықтықты реттеуге және түстің ауытқуын азайтуға болады. Мүмкіндіктің болу-болмауы суреттің пішіміне байланысты екенін ескеріңіз.
Суреттерге жартылай реттеулер жасау: [Brightness/Жарықтық], [Contrast/Контраст], [Hue/Реңк], [Saturation/Қанықтық]
-
[Adjustment group/Реттеу тобы] тақтасынан бір опцияны таңдаңыз.
-
Бір реттеу тобын таңдаңыз.
Реттеу топтары туралы ақпаратты Реттеу топтары бөлімінен қараңыз.
-
-
[Set Adjustment Area/Реттеу аймағын орнату] түймесін басыңыз.
-
Терезеде дөңгелек курсор (1) пайда болады.
-
-
Дөңгелек шеңбердің [Size/Өлшем] және [Blur radius/Бұлыңғырлық радиусы] параметрлерін реттеу үшін жүгіргілерді сүйреңіз.
- [Size/Өлшем] параметрі таңдалған аймақтың өлшемін белгілейді.
- [Blur radius/Бұлыңғырлық радиусы] параметрі таңдалған аймақтың жиегіндегі бұлыңғырлықты белгілейді.
-
Реттелетін аймақты таңдау үшін дөңгелек курсорды басыңыз немесе сүйреңіз.
-
Деңгейлерді орнату үшін [Adjustment items/Реттеу элементтері] жүгіргілерін сүйреңіз.
- Дөңгелек курсормен таңдалған аймақтардағы реттеулерді қарап шығу үшін [
] (Барлығын болдырмау), [
] (Болдырмау), [
] (Қайталау) және [
] (Барлығын қайталау) түймелерін басыңыз.
- Дөңгелек курсормен таңдалған аймақтардағы реттеулерді қарап шығу үшін [
Ескерту
-
Бұл реттеулер төмендегі суреттерде көрсетілмейді.
- Нобайлық суреттер
- Шарлағыш палитрасындағы суреттер
- HDR суреттерін жасау кезінде [Select Images/Суреттерді таңдау] терезесінде көрсетілетін суреттер ( бөліміндегі 3-қадамды қараңыз)
-
Нобайлар тізімін басып шығару үшін [Contact sheet/Контраст парағы] терезесінде көрсетілетін суреттер ( бөліміндегі 3-қадамды қараңыз)
Алайда төрт JPEG немесе TIFF суретіне дейін таңдалған кезде реттеулер көрсетіледі.
- Бұл палитрамен жасалған реттеулер DPP гистограмма дисплейінде көрсетілмейді.
Суреттерге жартылай реттеулер жасау: [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту]
Таңдалған сурет аймақтарында түстің ауытқуын азайтуға болады.
Түстің ауытқуын азайту туралы егжей-тегжейлі мәліметті Суреттерде түс ауытқуын азайту бөлімінен қараңыз.
-
[Adjustment group/Реттеу тобы] терезесіндегі [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту] түймесін басыңыз.
- [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту] панелі пайда болады.
-
Дөңгелек курсордың параметрлерін реттеу үшін [Set Adjustment Area/Реттеу аймағын орнату] түймесін басыңыз да, [Size/Өлшем] және [Blur radius/Бұлыңғырлық радиусы] жүгіргілерін сүйреңіз.
-
Реттелетін аймақты таңдау үшін суреттің үстінде дөңгелек курсормен басыңыз немесе оны сүйреңіз.
-
Деңгейді орнату үшін [Adjustment items/Реттеу элементтері] терезесіндегі [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту] жүгіргісін сүйреңіз.
- 5-қадамда таңдалған аймақ тиісінше реттеледі.
- Дөңгелек курсормен таңдалған орындарды қарап шығу үшін [Adjustment items/Реттеу элементтері] бөлімінің астындағы [
], [
], [
] және [
] түймелерін басыңыз. Қолжетімді түймелер мынадай (сол жақтан бастап) — [Undo All/Барлығын болдырмау], [Undo/Болдырмау], [Redo/Қайталау] және [Redo All/Барлығын қайталау].
Ескерту
-
Бұл реттеулер төмендегі суреттерде көрсетілмейді.
- Нобайлар
- Шарлағыш палитрасындағы суреттер
- HDR суреттерін жасау кезінде [Select Images/Суреттерді таңдау] терезесінде көрсетілетін суреттер ( бөліміндегі 3-қадамды қараңыз)
-
Нобайлар тізімін басып шығару үшін [Contact sheet/Контраст парағы] терезесінде көрсетілетін суреттер ( бөліміндегі 3-қадамды қараңыз)
Алайда төрт JPEG немесе TIFF суретіне дейін таңдалған кезде реттеулер көрсетіледі.
- Бұл палитрамен жасалған реттеулер DPP гистограмма дисплейінде көрсетілмейді.
Реттеу топтары

-
Жартылай реттеу құралдар палитрасында таңдалған сурет аймақтарының бес бөлек тобының [Brightness/Ашықтық], [Contrast/Контраст], [Hue/Реңк] және [Saturation/Қанықтық] параметрлерін реттеуге болады, ал [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту] реттеулері басқа бір топқа қолданылады.
- Реттеулер тек ағымдағы топ үшін таңдалған аймақтарға қолданылады.
- Тіпті бір реттеу элементінің өзіне [
], [
], [
], [
] және [
] реттеу топтары үшін әртүрлі мәндер орнатуға болады.
- Әдепкі жағдайда суретке реттеу топтарының барлығына жасалатын реттеулер қолданылады, бірақ жекелеген топтардан реттеулерді іріктеп алып қолдану үшін [
] түймесін басуға болады.
- Дөңгелек курсормен әр тор үшін таңдалған аймақтарды қарап шығу үшін [Adjustment items/Реттеу элементтері] бөлімінің астындағы [
], [
], [
] және [
] түймелерін басыңыз.
- [Reduce color moiré/Түс ауытқуын азайту] реттеулері алдымен суретке қолданылады, одан кейін [
], [
], [
], [
] және [
] топтарына жасалған реттеулер осы тәртіппен қолданылады.
Шаңды жою/көшірме мөрі құралдар палитрасы
Бұл суретті өңдеу әдісі шаңды өшіруге және ұқсас кемшіліктерді түзетуге мүмкіндік береді.
Шаңды жою/көшірме мөрі құралдар палитрасы

Шаңды автоматты түрде өшіру
Бұл дақтарды автоматты түрде өшіру үшін камералар суреттерге қосқан Шаңды жою деректерін пайдалануға болады.
-
Шаңды жою деректері қосылған суретті таңдаңыз.
-
[Apply Dust Delete Data/Шаңды жою деректерін қолдану] түймесін басыңыз.
Ескертпе
- Шаңды жою деректері қосылған жағдайда, бірнеше таңдалған суреттен шаңды автоматты түрде кетіруге болады.
- Өзгерістерді болдырмау үшін [
] түймесін басыңыз немесе Өңдеуді болдырмау бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.
- Автоматты түрде өшірілмеген жекелеген кемшіліктерді жөндеу () немесе көшірме мөрі () функцияларымен түзетуге болады.
- Басқа суреттердің дәл осындай орнындағы шаңды түзетілетін аймақтың үстінде [Copy/Өшіру] опциясын басып, суреттерді ауыстыру, содан кейін [Paste/Қою] опциясын басу арқылы өшіруге болады.
- Шаңы өшірілген суреттерді басып шығару үшін басты терезедегі [
] түймесін басыңыз.
- RAW суреттерінен өшірілген шаң түрлендіруден кейін сақталған JPEG немесе TIFF суреттерінің барлығынан өшіріледі ().
Шаңды қолмен өшіру
Суреттегі шаң дақтарын бірінен соң бірін таңдау арқылы өшіруге болады. Бірізді нүктелерді өшіру үшін Керексіз сурет аймақтарын өшіру бөлімін қараңыз.
-
Шаңы өшірілетін аймақты басыңыз (1).
- Сурет толық өлшемде көрсетіліп, басылған аймақ ортаға келтіріледі.
- Дисплей орнын сүйреп жылжыту арқылы өзгертуге болады.
-
Өшіру әдісін таңдаңыз.
- Күңгірт дақтар үшін [
] немесе ашық дақтар үшін [
] түймесін басыңыз.
- Курсорды жылжытқанда, [
] таңбасымен көрсетілген өшірілетін аймақ бөлектеледі.
- Күңгірт дақтар үшін [
-
[
] (2) курсорымен дақты таңдаңыз.
- [
] курсорымен қоршап сызылған дақтар өшіріледі.
- Дақтарды әрі қарай өшіре беру үшін суреттің басқа бір бөлігін басыңыз.
- Басқа аймақтардағы дақтарды өшіру үшін тінтуірдің оң жақ түймесін басу немесе 2-қадамда басылған түймені басу арқылы өшіруден бірден бас тартыңыз, содан кейін бұл қадамдарды басынан бастап орындаңыз.
- Шаң дағын өшіру мүмкін болмаса, [
] көрсетіледі. Қайталап баса берсе, бірінші рет басқаннан кейін өшірілмеген дақтар өшірілуі мүмкін екенін ескеріңіз.
- [
Ескерту
- Бұл функцияны кеңейтілген ISO көрсеткіштерімен түсірілген суреттерге қолданбаған жөн, себебі суреттегі көзге түсетін шу бұл терезеден дақтарды табуды қиындатуы мүмкін.
Ескертпе
- Өзгерістерді болдырмау үшін [
] түймесін басыңыз немесе Өңдеуді болдырмау бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.
- Шаңы өшірілген суреттерді басып шығару үшін басты терезедегі [
] түймесін басыңыз.
- RAW суреттерінен өшірілген шаң түрлендіруден кейін сақталған JPEG немесе TIFF суреттерінің барлығынан өшіріледі ().
Керексіз сурет аймақтарын өшіру
Бұл өңдеу әдісі суреттің керексіз аймақтарын басқа аймақтардан көшіріп алынған суреттің бөлімдерімен жабуға мүмкіндік береді.
-
Көшіріп алынатын бөлімді анықтаңыз.
- [Select Copy Source/Көшірме көзін таңдау] опциясын, одан кейін көшіріп алынатын суреттің бөлімін басыңыз.
- Басқа бір аймақтан көшіріп алғыңыз келсе, осы қадамды қайталаңыз.
- Мақсатты орында басқан немесе сүйреген кезде көшірме көзі жылжып кетпеуі үшін [Fix Copy Source position/Көшірме көзінің орнын бекіту] опциясын таңдаңыз.
-
Суретті түзетіңіз.
- Өзгертілетін суреттің бөлігін басыңыз немесе оның үстінде курсорды сүйреңіз. Терезедегі [+] көшірме көзін, ал [
] мақсатты орнын білдіреді.
- Көшіріп алынған бөлім сүйреп апарылған жерге қойылады.
- Қылшақ тәрізді сұлбамен қою үшін [Pen type/Қалам түрі] тізімінен [Brush/Қылшақ] тармағын немесе айқынырақ жиектермен қою үшін [Pencil/Қарындаш] тармағын таңдаңыз.
- Өзгертілетін суреттің бөлігін басыңыз немесе оның үстінде курсорды сүйреңіз. Терезедегі [+] көшірме көзін, ал [
-
Басты терезеге қайтыңыз.
Ескертпе
- Өзгерістерді болдырмау үшін [
] түймесін басыңыз немесе Өңдеуді болдырмау бөліміндегі қадамдарды орындаңыз.
- Өңделген суреттерді басып шығару үшін басты терезедегі [
] түймесін басыңыз.
- RAW суретін өңдеу түрлендіруден кейін сақталған JPEG немесе TIFF суреттерінің барлығына қолданылады ().
Параметрлер құралдар палитрасы
- Жұмыс түс кеңістігін орнату
- Үлгі кескін түстері
- RAW суреттерін ашу кезінде өлшемді көрсету
- RAW суреттерін қарау және сақтау
Жұмыс түс кеңістігін орнату
[Work color space/Жұмыс түс кеңістігі] тізіміндегі әр суретке жұмыс істеу үшін әртүрлі түс кеңістігін орнатуға болады.

Ескертпе
- Тіпті [Color management/Түсті басқару] мәзірінде әдепкі параметрді өзгертсеңіз де, жекелеп орнатылған түс кеңістігі әрқашан қолданылады.
- RAW суреттерінің түс кеңістігін қажетінше жиі ауыстыруға болады.
Үлгі кескін түстері
[Soft-proof colors/Үлгі кескін түстері] опциясы таңдалса, ағымдағы басып шығару немесе CMYK үлгілеу профилін көрсетілген суретке қолдануға болады.
-
[Settings/Параметрлер] түймесін басыңыз.
-
Қолданылатын профильді таңдаңыз.
-
[Printing profile/Басып шығару профилі] немесе [CMYK simulation profile/CMYK үлгілеу профилі] тізім терезесінен бір опцияны таңдаңыз.
- Таңдағаннан кейін, [OK] түймесін басыңыз.
-
-
Үлгі кескін түстерінде пайдаланылатын профильді таңдаңыз, содан кейін [Soft-proof colors/Үлгі кескін түстері] опциясын таңдаңыз.
Ескертпе
- Үлгі кескін түстерінің дәлдігі монитордың сапасына, монитор және принтер профильдеріне, сіз жұмыс істеп отырған жарық жағдайларына және басқа факторларға байланысты.
- Профиль Жылдам тексеру терезесіндегі суреттердің көрсетілуіне қолданылмайды.
RAW суреттерін ашу кезінде өлшемді көрсету
[] режимінде .CR3 файл кеңейтімімен түсірілген RAW суреттерін ашқан кезде DPP пайдаланатын өлшемді орнатыңыз.

- Параметр жекелеген суреттерге қолданылып, әдістің бөлігі ретінде сақталады.
- Бұл өлшем RAW суретінен түрлендірілген JPEG немесе TIFF суреттерін сақтаған кезде де пайдаланылады.
Ескерту
- Dual Pixel RAW режимінде түсірілген суреттерге қолданылмайды.
- EOS R1, EOS R5 Mark II, EOS R6 Mark II, EOS R8, EOS R50 немесе EOS R100 камерасымен түсірілген
суреттер үшін қолжетімсіз.
RAW суреттерін қарау және сақтау
Төмендегі камералардағы RAW суреттеріне қолданылады.
- EOS-1D X Mark III, EOS R1, EOS R3, EOS R5, EOS R5 Mark II, EOS R5 C, EOS R6, EOS R6 Mark II, EOS R7, EOS R8, EOS R10, EOS R50
-
Суретті таңдаңыз.
-
Параметрді таңдаңыз.
- [Prioritize image quality (recommended)/Сурет сапасына басымдық беру (ұсынылады)]: суреттерді қалыпты DPP сапасында көрсетеді және сақтайды.
- [Prioritize speed/Жылдамдыққа басымдық беру]: RAW суретін жылдамырақ көрсетуге және сақтауға мүмкіндік береді. Кей суреттерде шу байқалуы мүмкін екенін ескеріңіз.
Ескерту
- [Prioritize speed/Жылдамдыққа басымдық беру] опциясы таңдалса, RAW суреттерін ашу кезінде өлшемді көрсету функциясын қолдану мүмкін болмайды.