Сөз тізбек

RAW суреті
EOS камерасындағы RAW суреттері қысылмаған 14 биттік немесе 12 биттік пішімде жазылады.
RAW суреттерін қарау үшін DPP сияқты суреттерді өңдеу функциялары бар бағдарламалық жасақтама қажет. RAW суреттерінің артықшылығы — оларды жалпы сурет сапасын жоғалтпастан өңдеуге болады.
«RAW» ұғымы «табиғи жағдайда» немесе «өңделмеген немесе әрленбеген» дегенді білдіреді.
JPEG суреті
Қайтарымсыз қысылған 8 биттік пішімдегі ең жиі қолданылатын сурет түрі.
Артықшылығы — жоғары қысу дәрежесінің арқасында файл көлемі шағын болады (тіпті пиксельдерінің саны жоғары суреттерде де), бірақ сақтау және қысу кезінде файлдардың шағын көлемін сақтау үшін біраз дерек азаятындықтан, қайта-қайта өңдеу немесе сақтау салдарынан суреттің сапасы біртіндеп нашарлайды.
DPP бағдарламасында тіпті қайталап өңдегеннің немесе сақтағанның өзінде әдіс деректері ғана алмастырусыз немесе қысусыз өзгеріп, бастапқы сурет сапасы сақталады.
JPEG — «Joint Photographic Experts Group» (Біріккен фотосурет шеберлерінің тобы) мағынасын беретін аббревиатура.
TIFF суреті
8 биттік немесе 16 биттік пішімде қысусыз жазылатын растрлық сурет.
Бұл қысылмаған пішімнің арқасында TIFF суреттері бастапқы жоғары сурет сапасын жоғалтпастан суреттерді сақтауға жарайды.
TIFF қысқартуы «Tagged Image File Format» (Тегпен белгіленген сурет файлы пішімі) дегенді білдіреді.
HEIF суреті
JPEG суреттерінікінен де жоғары қысу дәрежесінде қайтарымсыз қысылған сурет.
DPP бағдарламасында HEIF суреттерін JPEG немесе TIFF етіп сақтауға болады.
HEIF қысқартуы «High Efficiency Image File Format» (Тиімділігі жоғары файл пішімі) дегенді білдіреді.
Әдіс
RAW суретін өңдеу жағдайлары туралы DPP бағдарламасында өңдеуге болатын ақпарат «әдіс» деп аталады.
RAW суреттерімен қатар, DPP бағдарламасы JPEG және TIFF суреттерін де әдістермен өңдеуге мүмкіндік береді.
бит
Сурет түсінің көлемі туралы ақпаратты сипаттайтын екілік бірлік; бір пиксельдегі биттер саны түрінде өрнектеледі.
Бит саны көп болған сайын түстер саны көбірек және градация біркелкірек болады. Бір биттік сурет ақ-қара түсті болады.
Түсті басқару жүйесі (түстерді сәйкестендіру)
Суреттерді түсіретін сандық камералар, суреттерді көрсететін мониторлар мен суреттерді басып шығаратын принтерлердің әрқайсысында түсті жасаудың түрлі жолы бар. Сол себептен мониторда көрінген және басып шығарылған суреттің түстерінде айырмашылықтар болуы мүмкін.
Түсті басқару жүйелері бұл түстердің сәйкестігін арттырады. DPP бағдарламасында әртүрлі құрылғылардың түстерінің арасындағы ұқсастықты жақынырақ қылу үшін ICC профильдерін пайдалануға болады.
ICC профилі
ICC профильдері — ICC (International Color Consortium; Халықаралық түс консорциумы) стандарттары бойынша әртүрлі құрылғылардың түс сипаттамасы мен түс кеңістігі сияқты түс ақпаратын қамтитын файлдар. Құрылғылардың көпшілігінің, соның ішінде суреттерді көруге арналған мониторлардың немесе суреттерді басып шығаруға арналған принтерлердің түстерін осы ICC профильдерімен реттеп, құрылғылардың арасындағы түстердің ұқсастығын жақынырақ сәйкестендіруге болады.
DPP бағдарламасында түстерді басқару ICC профильдерін қолданады.
Реңктің қисық сызығы
Реңктің қисық сызығы сызбадағы көлденең ось сияқты реттеу алдындағы (кіріс) мәндерді және тік ось сияқты реттеуден кейінгі (шығыс) мәндерді көрсетеді. Реттеу алдында реттеуден бұрынғы және кейінгі мәндер бірдей болып, реңк қисық сызығы төменгі сол жақтан жоғарғы оң жаққа дейін түзу сызық түрінде болады және осы реңк қисық сызығын реттеу арқылы суреттің ашықтығы, контрасты мен түстілігін дәл етіп реттеуге болады. Сызық көлденең осьте ұзарған немесе тік осьте биіктеген сайын мән арта береді.
Түс кеңістігі

Түс кеңістігі дегеніміз — жаңғыртылатын түстер ауқымы (түс гаммасының сипаттамалары). DPP бағдарламасы төмендегі түс кеңістіктерін қолдайды.

  • sRGB:

    Windows жүйесіндегі стандартты түс кеңістігі. Мониторлар, сандық камералар мен сканерлердің көпшілігіндегі стандартты түс кеңістігі.

  • Adobe RGB:

    sRGB кеңістігіне қарағанда кеңірек түс кеңістігі. Негізінен коммерциялық баспа сияқты салаларда қолданылады.

  • Apple RGB:

    Macintosh жүйесіндегі стандартты түс кеңістігі. sRGB кеңістігінен сәл кеңірек.

  • ColorMatch RGB:

    sRGB кеңістігінен сәл кеңірек түс кеңістігі; негізінен коммерциялық баспа сияқты салаларда қолданылады.

  • Кең гаммалы RGB:

    Adobe RGB кеңістігіне қарағанда кеңірек түс кеңістігі.

Әр түс кеңістігі қолданылатын салалар төмендегі түстілік диаграммасында көрсетілген.

DPP бағдарламасымен үйлесімді түс кеңістіктерінің түстілік диаграммасы

  1. Адам көзі қабылдай алатын түстер ауқымы
Гамма мәні Ақ нүкте (түс темп.)
RGB 2,2 6500 K (D65)
Adobe RGB 2,2 6500 K (D65)
Apple RGB 1,8 6500 K (D65)
ColorMatch RGB 1,8 5000 K (D50)
Кең гаммалы RGB 2,2 5000 K (D50)
CMYK үлгілеу профилі

Баспа станоктары мен басқа жабдықтар CMYK палитрасымен басып шығарған кезде пайдаланатын түстерді үлгілейтін профиль. DPP төмендегідей түстерді үлгілеу профильдерін ұсынады.

  • Euro Standard:

    Профиль әдетте Еуропада кітап басып шығару үшін пайдаланылады; стандартты еуропалық баспа әдісі үшін үлгілеуге қолайлы.

  • JMPA:

    Профиль әдетте Жапонияда кітаптарды басып шығаруға және басқа мақсаттарға пайдаланылады; Жапония журнал баспагерлері қауымдастығының (Japan Magazine Publishers Association) нұсқауларына сәйкес басып шығару үшін үлгілеуге қолайлы.

  • U.S. Web Coated:

    Профиль әдетте Солтүстік Америкада кітап басып шығару үшін пайдаланылады; Солтүстік Америкадағы стандартты баспа әдісі үшін үлгілеуге қолайлы.

  • Japan Color 2001 Type 3:

    Профиль жапондық баспа саласында стандартқа айналып келе жатыр; стандартты Japan Color баспа әдісі үшін үлгілеуге қолайлы.

Түстерді көрсету схемасы

Түстерді көрсету схемалары — суреттерді басып шығарған кезде қолданылатын түстерді түрлендіру әдістері.

  • Перцепциялық:

    Түстердің барлығы түрлендіруден бұрынғы және кейінгі түстердің арасындағы қатынасты сақтайтын етіп түрлендіреді. Тіпті түстер ұқсаңқырамаса да, бұл әдіс градацияны сақтай отырып табиғи көрінетін суреттер басып шығаруға мүмкіндік береді. Кей суреттердің жалпы қанықтығы өзгеруі мүмкін екенін ескеріңіз.

  • Салыстырмалы колориметриялық:

    Гаммадағы түстердің көп бөлігі өзгеріссіз қалады, ал гаммадан тыс түстер тиісінше түрлендіріледі. Суреттердегі түстердің көбі қатты өзгермейтіндіктен, бұл әдіс қанықтықты айтарлықтай өзгертпестен табиғи көрінетін суреттерді басып шығаруға мүмкіндік береді. Кейбір суреттердің реңктері жарық аймақтар мен гаммадан тыс түстерге енгізілген өзгерістерге байланысты сәл басқаша көрінуі мүмкін екенін ескеріңіз.