Суреттерді басқа сурет өңдеу бағдарламалық жасақтамасына тасымалдау

Бірнеше суретті басқа сурет өңдеу бағдарламалық жасақтамасына тасымалдауға болады. RAW суреттерін Photoshop бағдарламасына тасымалдау функциясынан айырмашылығы — сіз түрлендіріліп, бөлек файлдар етіп сақталып қойған суреттерді тасымалдайсыз, сонда оларды сақтамастан екінші бағдарламалық жасақтамадан шыққан жағдайда суреттер автоматты түрде жойылып кетпейді. Мұндағы мысал ретінде пайдаланылған бағдарламалық жасақтама — Adobe Photoshop.

  1. Суреттерді таңдаңыз.

  2. [File/Файл] мәзірінен [Batch process/Топтап өңдеу] тармағын таңдаңыз.

  3. Қажет болған жағдайда файл пішімі мен басқа параметрлерді реттеңіз.

  4. [Open image using software/Суретті бағдарламалық жасақтамамен ашу] опциясын таңдаңыз.

  5. Photoshop бағдарламасын таңдаңыз.

    • Photoshop бағдарлама файлын, не болмаса оның таңбашасын (Windows) немесе белгішесін (macOS) таңдаңыз, содан кейін [Open/Ашу] түймесін басыңыз.
    • Диалог терезесі жабылады да, [Batch settings/Топтама параметрлері] терезесіндегі [Image transfer settings/Сурет тасымалдау параметрлері] опциясы Photoshop бағдарламасына орнатылады.
  6. [Execute/Орындау] түймесін басыңыз.

    • Бірінші сурет тасымалданғаннан кейін, Photoshop ашылады да, тасымалданған суреттерді қабылданған бойда көрсетіп отырады.

Ескертпе

  • Файлдарды ашу үшін басқа бағдарламалық жасақтаманы таңдау үшін [Image transfer settings/Сурет тасымалдау параметрлері] терезесіндегі [Browse/Шолу] түймесін басыңыз, содан кейін бағдарламалық жасақтаманы таңдаңыз да, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.
  • Бұл функцияны суретті өңдеу терезесінде де пайдалануға болады. Мұндай кезде таңдалған суреттер емес, терезедегі барлық суреттер тасымалданатынын ескеріңіз.