Топтама қалталары

Бірнеше қалтадағы суреттермен жұмыс істеу үшін суреттерді топтама қалтасына қосуға болады. Топтама қалталарындағы суреттерге енгізілген өзгерістердің барлығы бастапқы суреттерге қолданылатынын ескеріңіз.

Топтама қалтасына суреттер қосу

  1. Басты терезедегі [+Add collection/+Топтама қосу] түймесін басыңыз.

    • Топтама қалтасының атын енгізіңіз.
    • 20 топтама қалтасына дейін жасауға болады.
  2. [File/Файл] мәзірінен [Select collection/Топтаманы таңдау] тармағын таңдаңыз.

  3. Суреттер қосылатын топтама қалтасын таңдаңыз.

  4. Суреттерді немесе сурет қалталарын таңдаңыз, содан кейін [File/Файл] мәзірінен [Add to collection/Топтамаға қосу] тармағын таңдаңыз.

    • Суреттерді топтама қалтасына суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен (macOS жүйесінде) басып, [Add to collection/Топтамаға қосу] опциясын таңдау арқылы қосуға болады.
  5. [Collection/Топтама] аймағынан бір топтама қалтасын таңдаңыз.

    • Топтама қалталарына қосылған суреттермен жұмыс істеу үшін оларды таңдаңыз. Жасалған реттеулердің барлығы бастапқы суретке қолданылады.
    • Топтама қалталарының мазмұны DPP жабылғаннан кейін де сақталып қалады.

Суреттерді топтама қалталарынан жою

Топтама қалталары немесе олардың ішіндегі суреттер жойылса, бастапқы суреттер жойылмайды.

  • Топтамадан бір суретті жою үшін бір суретті тінтуірдің оң жақ түймесімен (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен (macOS жүйесінде) басыңыз да, [Remove from collection/Топтамадан жою] опциясын таңдаңыз, не болмаса бір суретті таңдап, [File/Файл] мәзірінен [Remove from collection/Топтамадан жою] тармағын таңдаңыз.
  • Топтама қалтасындағы суреттердің барлығын жою үшін [File/Файл] мәзірінен [Clear collection/Топтаманы тазарту] тармағын таңдаңыз.
  • Бір топтама қалтасын және оның ішіндегі суреттердің барлығын жою үшін қалтаны тінтуірдің оң жақ түймесімен (Windows жүйесінде) немесе Control-тінтуір түймесімен (macOS жүйесінде) басыңыз да, [Delete collection/Топтаманы жою] опциясын таңдаңыз.