HDR суреттерін жасау
Жарық аймақтар мен көлеңкелердегі детальдарды сақтап қалатын динамикалық ауқымдары бар суреттер, сонымен қатар қолмен салынған картиналарға ұқсайтын HDR* суреттерін жасауға болады.
HDR жоғары динамикалық ауқым дегенді білдіреді.
Ескертпе
- Идеал жағдайда HDR суретін жасау үшін бір көріністің төмен, қалыпты және жоғары экспозициямен түсірілген үш бастапқы суреті пайдаланылуы қажет.
- HDR суреттерін HEIF пішімінен басқа сурет пішімдерінің барлығынан жасауға болады.
- HDR суреттеріне ешқандай сурет ақпараты қосылмайды.
-
Суреттерді таңдаңыз.
-
[Tools/Құралдар] мәзірінен [Start HDR compositing tool/HDR құрастыру құралын іске қосу] тармағын таңдаңыз.
- Суреттерді құрал іске қосылғаннан кейін де таңдауға болады.
-
Қажет параметрлерді реттеңіз, одан кейін [Start HDR compositing/HDR құрастыруды бастау] түймесін басыңыз.
- Таңдалған суреттерді ауыстыру немесе тағы қосу үшін [Browse/Шолу] түймесін басыңыз, содан кейін сурет файлын таңдаңыз да, [Open/Ашу] түймесін басыңыз.
- Өлшемдері бірдей екі немесе одан көп файл таңдасаңыз, [Auto Align/Автотуралау] түймесін басып суреттерді автоматты түрде туралауға болады. Суреттерді автоматты түрде туралау функциясы өрнектелген суреттерде (мысалы, торы немесе жолақтары бар) немесе әдетте жазық немесе біртекті келетін суреттерде жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз.
- [Start HDR compositing/HDR құрастыруды бастау] түймесін басқаннан кейін [Adjust Image/Суретті реттеу] терезесі пайда болады.
Ескерту
- Суреттерді автоматты түрде туралау кейбір перифериялық сурет аймақтарын кетіріп тастайды.
-
Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
-
[Adjust Image/Суретті реттеу] жүгіргілері
[Tone/Color/Реңк/Түс]
-
[Brightness/Ашықтық]:
Суреттің жалпы ашықтығын реттейді. Суреттерді ашық немесе қараңғы ету үшін жүгіргілерді сүйреңіз.
-
[Saturation/Қанықтық]:
Жалпы түс қанықтығын реттейді. Түстердің қанықтығын арттыру үшін жүгіргіні оңға қарай, ал азайту үшін солға қарай сүйреңіз.
-
[Contrast/Контраст]:
Жалпы контрастты реттейді. Контрастты жоғарылату үшін жүгіргіні оңға, ал төмендету үшін солға сүйреңіз.
[Detail Enhancement/Бөлшекті жақсарту]
-
[Strength/Қарқындылық]:
Жалпы контрастты да, бөлшектерді контрастын да реттейді. Әсерді күшейту үшін жүгіргіні сүйреңіз.
-
[Smoothness/Тегістік]:
Жалпы тегістікті реттейді. Тегіс, табиғи көрініс жасау үшін жүгіргіні оңға сүйреңіз.
-
[Fineness/Дәлдік]:
Сурет детальдарының анықтығын реттейді. Сұлбаның айқындығын арттыру үшін жүгіргіні оңға сүйреңіз.
-
-
[Presets/Алдын ала орнатылған] әсерлері
Әр жүгіргіні реттеудің орнына, [Presets/Алдын ала орнатылған] ашылмалы мәзірінен төмендегі алдын ала орнатылған әсерлердің бірін таңдауға болады. Алдын ала орнатылған параметрді таңдағанда, жүгіргілер тиісінше жылжиды. Алдын ала орнатылған параметрді таңдағаннан кейін де жүгіргілерді реттей беруге болады.
-
[Natural/Табиғи] (әдепкі параметр):
Жарық аймақтарында немесе көлеңкелерінде деталь жиі жоғалатын жоғары контрастты көріністердің аймақтарында осы детальды көбірек сақтап қалу үшін рендерингті түзетеді.
-
[Art standard/Көркемсурет стандарты]:
Бояумен салынған суреттікіндей алуан реңктері бар әсерлі әрлеме.
-
[Art vivid/Ашық көркемөнер]:
[Art standard/Көркемсурет стандарты] параметрінен де жарқын.
-
[Art bold/Майлы бояу]:
Бұл да [Art standard/Көркемсурет стандарты] параметріне қарағанда жарқын; «сыртқа шығып тұратын» нысандарға арналған.
-
[Art embossed/Ойылған көркемөнер]:
[Art standard/Көркемсурет стандарты] параметрімен салыстырғанда реңктері солғын; ретро атмосферасын беруге арналған.
-
-
-
[Save As/Басқаша сақтау] түймесін басыңыз.
- [Save As/Басқаша сақтау] түймесін басыңыз, содан кейін қажет параметрлерді реттеп, [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.