A+: Толық авто түсіру (Интеллектуалды авто көрініс)

Интеллектуалды авто көрініс — толық автоматты режим. Камера көріністі талдап, оңтайлы параметрлерді автоматты түрде орнатады. Ол нысан қозғалысын анықтау арқылы тұрақты немесе қозғалатын нысанда автоматты түрде фокустай алады.

  1. Режим дискісін Интеллектуалды авто көрініс күйіне орнатыңыз.

  2. Камераны түсіретін нәрсеңізге бағыттаңыз (нысан).

    • Бақылау жақтауы (1) кейбір түсіру жағдайларында нысанда көрсетілуі мүмкін.

  3. Нысанға фокустаңыз.

    • Фокустау үшін ысырма түймесін жартылай басыңыз.
    • Сондай-ақ, экрандағы адамның бетін немесе басқа нысанды түрту арқылы фокустауыңызға болады (Түртуді AF).
    • Көмескі жарықта AF көмекші сәулесі () қажет болған жағдайда автоматты түрде белсендіріледі.
    • Нысан фокусқа алынғаннан кейін сол AF нүктесі жасыл түске айналады және камера дыбыстық сигнал шығарады (Бір түсірілім AF).
    • Қозғалмалы нысанда фокусқа алынған AF нүктесі көк түске айналады және нысан қозғалысын бақылайды (Servo AF).
  4. Суретке түсіріңіз.

    • Суретке түсіру үшін ысырма түймесін толығымен басыңыз.
    • Жаға түсірілген сурет экранда шамамен 2 сек. бойы көрсетіледі.

Ескерту

  • Нысан қозғалысы (нысандар тұрақты немесе қозғалатын болса да) кейбір нысан немесе түсіру жағдайлары үшін дұрыс анықталмауы мүмкін.

Ескертпе

  • AF операциясы (Бір түсірілім AF немесе Servo AF) ысырма түймесін жартылай басқан кезіңізде автоматты түрде орнатылады. Тіпті Бір түсірілім AF режиміне орнатылған кезде де, егер ысырма түймесін жартылай басып тұрғанда немесе үздіксіз түсіру кезінде нысан қозғалысы анықталса, камера Servo AF режиміне ауысады.
  • Интеллектуалды авто көрініс режимі түстерді табиғатта, сыртта және күннің батуы көріністерінде әсерлірек көрінетін етеді. Басқа түстерді қаласаңыз, Режим дискісін Fv, P, Tv, Av немесе M режиміне бұраңыз, [Авто] опциясынан басқа Picture Style опциясын таңдаңыз, одан кейін қайтадан түсіріңіз ().

КеңестерБұлыңғырланған фотосуреттерді азайту

  • Қолмен ұстап түсіргенде камераның шайқалуынан абай болыңыз. Камераның шайқалуын болдырмау үшін мосыны пайдалану ұсынылады. Түсіру жабдығының салмағын көтере алатын мықты мосыны пайдаланыңыз. Камераны мосыға мықтап бекітіңіз.
  • Қашықтық ауыстырып-қосқышын (бөлек сатылады, ) немесе сымсыз қашықтан басқару құралын (бөлек сатылады, ) пайдалану мүмкіндігін қарастырыңыз.

Ақаулықтарды жоюЖҚС

  • Фокустау мүмкін емес (қызғылт сары AF нүктесі арқылы көрсетілген).

    AF нүктесін контрасты жақсы аймақ үстіне бағыттаңыз, одан кейін ысырма түймесін жартылай басыңыз (). Нысанға тым жақын болсаңыз, алыстау тұрып, қайтадан түсіріңіз.

  • Фокустаудан кейін бірнеше AF нүктелері бір уақытта көрсетіледі.

    Фокус осы нүктелердің барлығында алынған.

  • Ысырма жылдамдығының көрінісі жыпылықтауда.

    Тым қараңғы болғандықтан суретке түсіру камераның шайқалуына байланысты нысанның бұлыңғырлауына әкелуі мүмкін. Мосыдан түсіру ұсынылады.

Жылжымалы нысандарды түсіру

Ысырма түймесін жартылай басу қозғалған нысандарды фокуста ұстау үшін оларды бақылайды.

Ысырма түймесін жартылай басып тұрғанда нысанды экранда ұстаңыз және шешуші сәтте ысырма түймесін толық басыңыз.

Көрініс белгішелері

Камера көрініс түрін анықтап, оған сәйкес келу үшін барлығын автоматты түрде орнатады. Анықталған көрініс түрі экранның жоғарғы сол жағында көрсетіледі. Белгіше туралы мәліметтерді Көрініс белгішелері бөлімінен қараңыз.

Параметрлерді реттеу

Экрандағы белгішелерді түрту арқылы жетек режимі, сурет сапасы, Сенсорлы ысырма және Шығармашылық көмекші параметрлерін реттеуіңізге болады.

Шығармашылық көмекші

Қалаған әсерлерлеріңізді қолданып түсіруіңізге болады.

  1. Q (Жылдам басқару) түймесін басыңыз.

    • Хабарды оқыңыз және [OK] тармағын таңдаңыз.
  2. Әсерді таңдаңыз.

    • Негізгі диск Дискісімен әсерді таңдаңыз, одан кейін SET түймесін басыңыз.
  3. Әсер деңгейі мен басқа мәліметтерді таңдаңыз.

    • Негізгі диск Дискісімен орнатыңыз және SET түймесін басыңыз.
    • Параметрді қайта орнату үшін AE құлпы түймесін басыңыз, одан кейін [OK] тармағын таңдаңыз.

Шығармашылық көмекші әсерлері

  • Алдын ала орнату: Preset (Алдын ала орнату)

    Алдын ала орнатылған әсерлердің біреуін таңдаңыз.

    [Saturation/Қанықтық], [Color tone 1/Түс реңкі 1] және [Color tone 2/Түс реңкі 2] параметрлерінің [B&W/Қара және ақ] режимімен қолжетімді емес екенін ескеріңіз.

  • Өң бұлыңғырлығы: Background blur (Өң бұлыңғырлығы)

    Өң бұлыңғырлығын реттеңіз. Өңді анығырақ ету үшін жоғарылау мәндерді таңдаңыз. Өңді бұлыңғырлату үшін төмендеу мәндерді таңдаңыз. [AUTO/Авто] өңдік бұлыңғырлануды ашықтыққа сәйкестендіру үшін реттейді. Объектив ашықтығына (f/сан) байланысты кейбір позициялар қолжетімді болмауы мүмкін.

  • Brightness (Ашықтық): Brightness (Ашықтық)

    Сурет ашықтығын реттеңіз.

  • Contrast (Контраст): Contrast (Контраст)

    Контрастты реттеңіз.

  • Saturation (Қанықтық): Saturation (Қанықтық)

    Түстердің ашықтығын реттеңіз.

  • Color tone 1 (Түс реңкі 1): Color tone 1 (Түс реңкі 1)

    Сары/көк түс реңкін реттеңіз.

  • Color tone 2 (Түс реңкі 2): Color tone 2 (Түс реңкі 2)

    Жасыл/қызыл түс реңкін реттеңіз.

  • Монохромды: Monochrome (Монохромды)

    Монохромды түсіру үшін реңк беру әсерін орнатыңыз.

Ескертпе

  • Бұл параметрлер түсіру режимдерін ауыстырған немесе қуат қосқышын Қуатты өшіру күйіне орнатқан кезіңізде қайта орнатылады. Параметрлерді сақтау үшін [Түсіру: Retain Creative Assist data/Түсіру: Шығармашылық көмекші деректерін сақтау] опциясын [Enable/Қосу] мәніне орнатыңыз.

Әсерлерді сақтау

Ағымдағы параметрді камераға сақтау үшін [Creative Assist/Шығармашылық көмекші] параметрі экранында [INFOАлдын ала орнатуRegister/INFOАлдын ала орнатуТіркеу] түймесін түртіп, [OK] опциясын таңдаңыз. Үш алдын ала орнатылған мәнге дейін [USER*/ПАЙДАЛАНУШЫ*] ретінде сақтауға болады. Үшеуі сақталғаннан кейін, бар [USER*/ПАЙДАЛАНУШЫ*] алдын ала орнатылған мәні жаңасын сақтау үшін қайта жазылуы тиіс.