Камера мен смартфонды жалғау

Камера мен смартфонды төмендегі әдістердің бірімен жалғаңыз.

Сымсыз қосылым үшін

  • Камера мен смартфонды бірдей кіру нүктесіне (кіру нүктесінің қосылымы) жалғау.
  • Модем байланысы орнатылған (байланыстырылған қосылым) смартфонмен жалғау

Мәліметтер алу үшін Сымсыз қосылымдар бөлімін қараңыз.

Сымды қосылым үшін

  • USB кабелін пайдалану
  • Бөлек сатылатын AD-P1 смартфонды байланыстыруға арналған мульти функцияның тікелей қосу байланысының адаптерін пайдалану (тек Android)

Мәліметтер алу үшін Сымды қосылымдар бөлімін қараңыз.

Сымсыз қосылымдар

Қолданба параметрлері

Камера мен Android смартфонын жалғаған кезде, жалғаудан бұрын қосылым параметрлерін конфигурациялау үшін осы қолданбаны пайдаланыңыз.

  1. Негізгі экранның жоғарғы оң жағындағы [Параметрлер] тармағын () түртіңіз.

  2. [Settings/Параметлер] экранындағы [Connection mode/Байланыс режимі] тармағын түртіңіз.

  3. [Connection mode/Байланыс режимі] таңдаңыз.

  4. Негізгі экранға кері қайту үшін [Settings/Параметрлер] экранының жоғарғы сол жағындағы [Кері қайту] белгішесін түртіңіз.

Смартфон параметрлері (тек байланысты қосылымдар)

Байланыстырылған қосылым пайдаланған кезде төмендегі параметрлерді пайдаланыңыз.

Android

Android құрылғыларына арналған байланыстырылған қосылым параметрлері өндіруші және үлгіге байланысты өзгеруі мүмкін. Смартфоныңыздың нұсқаулығын қараңыз.

iOS

  1. Қолданбадағы [Settings/Параметрлер] ашыңыз, одан кейін [General/Жалпы] → [About/Туралы] → [Name/Атауы] тармағын түртіңіз.

  2. [Name/Атауы] экранында желі атауын орнатыңыз.

    • Желіге қосылу кезінде желі атауы көрсетіледі.
  3. [Settings/Параметрлер] → [Personal Hotspot/Жеке кіру орны] тармағын түртіңіз.

  4. [Allow Others to Join/Басқалардың қосылуына рұқсат ету] опциясын ҚОСУЛЫ күйіне орнатыңыз.

    • [OK] түймесін түртіңіз.
  5. [Wi-Fi Password/Wi-Fi құпиясөзі] тармағын таңдаңыз да, құпиясөзді орнатыңыз.

    • Көрсетілген құпиясөз байланыстырылған қосылымды пайдалану кезінде енгізіледі.

Ескерту

  • Бұл қолданбаны пайдаланбаған кезде, [Allow Others to Join/Басқалардың қосылуына рұқсат ету] опциясын ӨШІРУЛІ күйіне орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Байланыс жұмысы

Камераның байланыс параметрлері мәзіріндегі байланыс жұмысын орындаңыз. Мәліметтер алу үшін камераның нұсқаулығындағы байланыс функциялары туралы сипаттамаларды қараңыз.

Байланыс процедурасы

  1. Қосылу үшін құрылғыға арналған смартфонды таңдаңыз.

    • EOS R1 немесе EOS R5 Mark II камерасында, [Connect to smartphone(tablet)/Смартфонға(планшетке) қосылу] экранындағы [Content Transfer Professional] тармағын таңдаңыз.
    • EOS R3, EOS-1D X Mark III немесе EOS-1D X Mark II камерасында, [Select communication function/Байланыс функциясын таңдау] экранындағы [Smartphone/Смартфон] тармағын таңдаңыз.
    • EOS R5, EOS R5 C немесе EOS R6 камерасында, [Сымсыз мүмкіндіктер:Wi-Fi/Bluetooth connection/Wi-Fi/Bluetooth байланысы] тармағынан [СмартфонConnect to smartphone/Смартфонға қосылу] тармағын таңдаңыз.
    • EOS R6 Mark II камерасында, [Advanced connection/Кеңейтілген байланыс] экранындағы [Connect to smartphone(tablet)/Смартфонға(планшетке) қосылу] тармағын таңдаңыз.
    • XF сериялы камераларында немесе EOS C400 камерасында, [Network/Желі] тармағын [Enable/Қосу] күйіне орнатыңыз және [New Conn. Setting (Wizard)/Жаңа байл. Параметрі (Шебер)] мәзірі ішінен [Canon App/Canon қолданбасы] тармағын таңдаңыз.
  2. [Select a network/Желіні таңдау] экранында қосылатын желіні таңдаңыз.

  3. [Password/Құпиясөз] экранында құпиясөзді енгізіңіз.

  4. Қосылым параметрлерін аяқтау үшін экранда көрсетілген бағыттарды орындаңыз.

    • Байланыстырылған қосылымды пайдаланған кезде, [Waiting to connect/Қосылу үшін күту] экранында көрсетілген IP мекенжайын текеріңіз.
  5. CTP іске қосыңыз.

    Байланыстырылған қосылымдар

    • [Connect/Қосылу] тармағын түртіңіз.
    • IP мекенжайын енгізу экранында [Waiting to connect/Қосылу үшін күту] экранында көрсетілген IP мекенжайын енгізіңіз.

    Кіру нүктесінің қосылымдары

    • Көрсетілген камера тізімінен қосылу үшін камераны түртіңіз.
  6. Камераны падалану үшін хабардағы бағыттарды орындаңыз.

Сымды қосылымдар

Сымды қосылыммен үйлесімді камералар үшін Үйлесімді камералар бөлімін қараңыз.

Камера параметрлері

USB кабелін пайдалану

  1. Төмендегі параметрлерді реттеңіз.

    • EOS R серияларында, байланыс мәзіріндегі немесе параметрлер мәзіріндегі [Choose USB connection app/USB байланыс қолданбасын таңдау] ішінен [Photo Import/Remote Control/Фотосуретті импорттау/Қашықтан басқару құралы] (Android) немесе [Canon app(s) for iPhone/iPhone-ға арналған Canon қолданбалары] (iOS) тармағын таңдаңыз.
    • XF серияларындағы камераларда немесе EOS C400 камерасында, жүйе параметрлері мәзірінен [PTP Connection/GP-E2/PTP байланысы/GP-E2] (Android) немесе [Canon app(s) for iPhone/iPhone-ға арналған Canon қолданбалары] (iOS) таңдаңыз.
  2. Камера мен смартфонды USB кабелімен жалғаңыз.

    • Android немесе iOS (USB-TypeC): Біз сізге түпнұсқа Canon өнімдерін (IFC-100U немесе IFC-400U интерфейс кабелі) пайдалануды ұсынамыз.
    • iOS (Lightning connector): Anker 514 Lightning - USB-C қосалқы кабелін (0,9 м, Камера үшін) пайдаланыңыз.

Ескерту

  • IFC-400U интерфейс кабелі XF605 үшін пайдаланылмайды.

AD-P1 пайдалану (EOS R сериялары және тек Android)

Төмендегі параметрлерді реттеңіз, одан кейін бөлек сатылатын AD-P1 смартфонды байланыстыруға арналған мульти функцияның тікелей қосу байланысының адаптері мен смартфонды камераға тағыңыз. AD-P1 пайдалану әдісін қарау үшін AD-P1 бірге берілген нұсқаулықты қараңыз.

  • Байланыс мәзірі немесе параметрлер мәзіріндегі [Choose USB connection app/USB байланыс қолданбасын таңдау] ішінен [Photo Import/Remote Control/Фотосуретті импорттау/Қашықтан басқару құралы] таңдаңыз.