Ақауларды жою

Мәселелерді төменде сипатталған жолдармен анықтаңыз және жойыңыз.

Орнату дұрыс орындалмаған болуы мүмкін

Windows

  • Қолданбаны әкімші аккаунтынан (мысалы, ағымдағы пайдаланушыны [Computer administrator/Компьютер әкімшісі] немесе [Administrator/Әкімші] етіп орнатып алып) орнатыңыз. Әкімші құқықтарынсыз орнату мүмкін емес. Әкімші аккаунттарын пайдалану туралы егжей-тегжейлі мәліметті компьютердің құжаттарынан қараңыз.

macOS

  • Әкімші аккаунты пайдаланылмаса, орнату мүмкін емес. Әкімші аккаунтымен жүйеге қайтадан кіріңіз. Әкімші аккаунттарымен жүйеге кіру және оларды пайдалану туралы егжей-тегжейлі мәліметті macOS құжаттарынан қараңыз.

EU іске қосылмайды

  • EOS 6D, 760D, 750D, 2000D, 1300D, M6, M5, M3, M10 немесе M100 камерасы компьютерге интерфейс кабелі арқылы жалғанған және камераның Wi-Fi параметрі қосылған кезде, EU іске қосыла алмайды. Wi-Fi параметрін ажыратыңыз да, камера мен компьютерді қайта жалғаңыз.
  • [Параметрлерді орнату: Choose USB connection app/USB арқылы жалғану қолданбасын таңдау] мәзірі бар камера компьютерге интерфейс кабелі арқылы жалғанып тұрып, [Canon app(s) for iPhone/iPhone-ға арналған Canon қолданбалары] режимінде тұрса, EU бағдарламасы қосыла алмайды. Интерфейс кабелін ажыратып, параметрді [Photo Import/Remote Control/Фотосурет импорттау/Пульт] етіп өзгертіңіз, содан соң камера мен компьютерді кері жалғаңыз.

Карта оқу құралы SD картасын анықтамайды

  • Пайдаланылатын карта оқу құралына байланысты SDXC карталары дұрыс анықталмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, камераны компьютерге интерфейс кабелімен жалғаңыз, одан кейін суреттерді компьютерге EOS Utility арқылы импорттаңыз.

EU мен камера байланыспайды

Windows

  • EU бағдарламасын іске қосу үшін тапсырмалар тақтасындағы [EOS Utility] белгішесін басып, [Quit/Шығу] түймесін басыңыз, одан кейін жұмыс үстеліндегі [EOS Utility] белгішесін басыңыз.

Windows/macOS

  • Компьютер жүйеге қойылатын талаптарға сай болмаса, EU дұрыс жұмыс істемейді. EU бағдарламасын жүйеге қойылатын талаптарға сай компьютерде пайдаланыңыз ().
  • Интерфейс кабелін портқа дұрыс жағымен қаратып толық енгізіңіз. Дұрыс жалғамау салдарынан камерада немесе компьютерде қателер туындауы немесе олар зақымдануы мүмкін ().
  • Камераның қосулы екеніне көз жеткізіңіз ().
  • EOS камераларына арналған түпнұсқа Canon интерфейс кабельдерінен басқа кабельдер арқылы жалғанғанда, EU және камера арасында байланыс дұрыс орнамауы мүмкін ().
  • Камераны компьютерге тікелей интерфейс кабелі арқылы жалғаңыз. Хаб арқылы жалғамаңыз, себебі ол EU және камера арасында қалыпты байланыс орнатуға кедергі келтіруі мүмкін.
  • Компьютерге жалғанған тінтуір мен пернетақтадан басқа бірнеше USB құрылғысымен қалыпты байланыс орнамауы мүмкін. Егер камераның байланысы қалыпты болмаса, тінтуір мен пернетақтадан басқа USB құрылғыларын ажыратыңыз.
  • Бір компьютерге бірден көп камераны қоспаңыз. Бұл камераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
  • Сымсыз файл жіберу құрылғысының (бөлек сатылады) көмегімен «байланысқан түсіру» операциясын орындағанда, камераны компьютерге жалғамаңыз. Бұл камераның қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіруі мүмкін.
  • Батарея жеткілікті зарядталмаса, камера EU бағдарламасымен байланыс орната алмайды. Толық зарядталған батареямен ауыстырыңыз. Кей камералар қосалқы құрал (бөлек сатылады) арқылы үйдегі қуат көзінен қуат ала алады. Егжей-тегжейлі мәліметті камераның нұсқаулығынан қараңыз. Компьютер интерфейс кабелі арқылы камераға қуат бермейді.

EU және камера арасындағы байланыс аяқталады

  • Кей компьютер орталарында камера мен компьютер жалғанып тұрған кезде ешқандай операция жасалмаған жағдайда камерамен байланысты жалғастыру керектігін сұрайтын растау хабарламасы экранға шығуы мүмкін. Бұл хабарлама шыққаннан кейін жүйе әрі қарай бос тұра берсе, камерамен байланыс автоматты түрде аяқталып, EU жабылады. Мұндай жағдайда камераның қуат қосқышын OFF/Өшірулі күйіне, одан кейін ON/Қосулы күйіне орнатыңыз да, EU бағдарламасын іске қосыңыз.
  • Компьютер камераға жалғанып тұрған кезде компьютердің ұйқы режиміне өтуіне жол бермеңіз. Егер компьютер ұйқы режиміне өтіп кетсе, ешқашан интерфейс кабелін ажыратпаңыз және әрқашан компьютерді камера жалғанып тұрған күйінде оятыңыз. Кей компьютерлер ұйқы режимінде тұрған кезде интерфейс кабелі ажыратылған жағдайда ұйқы режимінен дұрыс қалпына келмеуі мүмкін. Ұйқы режимі туралы егжей-тегжейлі мәліметті компьютердің құжаттарынан қараңыз.

Қашықтан Live View арқылы түсіру кезінде Canon шығармаған жарқыл құрылғылары жанбайды

  • Қашықтан Live View арқылы түсіру үшін камераға Canon шығармаған жарқыл құрылғысы орнатылғанда, камерадағы [Soft LV shooting/Жұмсақ Live View арқылы түсіру] немесе [Silent LV shoot./Тыныш Live View арқылы түсіру] функциясын [Disable/Өшіру] күйіне орнатыңыз.