Камераны компьютерге қосу

Камерадан суреттерді тасымалдау немесе қашықтан түсіру үшін камера мен компьютерді интерфейс кабелімен немесе LAN қосылымы арқылы жалғайсыз.

  • Интерфейс кабелі арқылы жалғау туралы егжей-тегжейлі мәліметті камераның нұсқаулығынан қараңыз.
  • Түпнұсқа Canon интерфейс кабелін пайдалану ұсынылады.
  • LAN қосылымдары туралы егжей-тегжейлі мәліметті камераның немесе таратқыштың нұсқаулығынан қараңыз.

Компьютер параметрлерін растау

EU бағдарламасын іске қоспай тұрып, компьютер параметрлерін төмендегідей тексеріңіз.

  1. Камераны компьютерге интерфейс кабелі арқылы жалғаңыз.

  2. Камераны қосыңыз.

  3. Қосылым параметрін тексеріңіз.

    Windows 10

    • Бастау мәзірінен [Параметрлер] тармағын таңдап, [Құрылғылар] бөлімінен [Автоматты түрде іске қосу] тармағын таңдаңыз, содан кейін жалғанған камераның астындағы ашылмалы мәзір [Еш әрекет жасамаңыз] күйіне орнатылғанын тексеріңіз.

    macOS

    • [Applications/Қолданбалар] қалтасындағы [Image Capture/Сурет түсіру] қолданбасында компьютерге жалғанған камераның белгішесін екі рет басыңыз.
    • Экранға шыққан терезедегі [Connecting this camera opens/Осы камераға жалғанған кезде ашылатын қолданба] опциясы [No application/Ешқандай қолданба] параметріне орнатылғанын тексеріңіз.
    • Ағымдағы параметр басқа болса, параметрді қажетінше өзгертіңіз.
    • Параметрді тексергеннен немесе реттегеннен кейін, камераны өшіріңіз.

LAN қосылымдарына дайындау

Камера мен компьютерді LAN арқылы жалғаудан бұрын төмендегілерді тексеріңіз.

  1. Камера мен компьютерді қосу алдында EU бағдарламасын іске қосыңыз.

  2. [Pairing over Wi-Fi/LAN/Wi-Fi/LAN арқылы жұптау] түймесін басыңыз.

    • Төмендегілерді орындаңыз.
    • Windows

      • Мына хабарлама шыққаннан кейін [Yes/Иә] жауабын таңдаңыз: [To connect to the camera via LAN, some Windows Firewall settings must be changed. Do you want to make these changes?/Камераға LAN арқылы жалғау үшін Windows брандмауэрінің кей параметрлерін өзгерту керек. Бұл өзгерістерді енгізу керек пе?].

      macOS

      • Мына хабарлама шыққаннан кейін [Pairing over Wi-Fi/LAN/Wi-Fi/LAN арқылы жұптау] түймесін басыңыз, одан кейін [Yes/Иә] жауабын таңдаңыз: [To connect to the camera via LAN, some Windows Firewall settings must be changed. Do you want to make these changes?/Камераға LAN арқылы жалғау үшін Windows брандмауэрінің кей параметрлерін өзгерту керек. Бұл өзгерістерді енгізу керек пе?].