Фильмдер түсіру
Фильмдерді қашықтан түсіруге болады.
- Түсірмес бұрын камерада карта болуын қамтамасыз етіңіз. Карта салынбаса, фильм түсіру мүмкін емес.
- Реттеуге болатын функциялар жалғанған камераға байланысты әртүрлі болады.
- Бейне стоп-кадрларын түсіріп алуға болады.
- Сақтық шаралары мен қолдануға болатын функциялар туралы егжей-тегжейлі мәліметті жалғанған камераның нұсқаулығынан қараңыз.
- EOS R5 C камерасында фильм түсіру мүмкін емес.
-
Түсіру терезесіндегі [] түймесін басыңыз.
- Live View арқылы түсіру/Фильм түсіру қосқышы бар камераларда қосқыш күйіне орнатылып, Қашықтағы Live View терезесі көрсетілгенде, EU фильм түсіру режимінде болады.
- [] түймесін басқаннан кейін, камераны әрі қарай қашықтан басқару мүмкін болмайды. Камераны тікелей пайдалану үшін [] түймесін тағы басыңыз немесе [Remote Live View window/Қашықтағы Live View терезесі] экранын жабыңыз.
-
[] түймесін басыңыз.
-
Параметрлерді орнату мәзірін реттеңіз.
-
Фильм түсіру өлшемі мен басқа параметрлерді реттеу үшін [Live View/Movie func. set./Live View режимі/Фильм функциясының параметрлері] тармағын басыңыз.
- EOS-1D X немесе 1D C камералары үшін [LV func. setting/Live View функциясының параметрі] опциясын [Movies/Фильмдер] күйіне орнатыңыз.
- Қажет болса, параметрлерді реттеңіз, одан кейін [OK] түймесін басыңыз.
-
Жалғанған камераға байланысты Қашықтағы Live View терезесіндегі сурет сапасын [LV quality settings/Live View сапасының параметрлері] тармағы көрсетіліп тұрған кезде сол тармақты басу арқылы орнатуға болады ().
- Қажет болса, параметрлерді реттеңіз, одан кейін [OK] түймесін басыңыз.
-
-
Түсіруді бастаңыз.
Қашықтағы Live View терезесі ішіндегі [] түймесін басыңыз. Түсіруді тоқтату үшін [] түймесін қайтадан басыңыз.
Ескерту
-
EOS 80D, 77D, 760D, 850D, 250D, 800D немесе 200D камерасында [Digital zoom/Цифрлық зум] орнатылған кезде, төмендегі операцияларды орындауға болады.
- Қашықтағы Live View дисплейі
- Автофокус
- Фотосурет түсіру
- Электр жетекті зум
- Сымсыз жалғанған кезде, EOS 6D камерасында фильм түсіру мүмкін емес.
Ескертпе
- Canon Log мүмкіндігімен жабдықталған камерасында осы функция орнатылған кезде, Қашықтағы Live View терезесінде [/] және [] көрсетіледі ().
- Canon Log бойынша егжей-тегжейлі мәліметті осындай функциямен жабдықталған EOS камераларының нұсқаулығынан қараңыз.
- [] көрсетіліп тұрған кезде осы опцияны басса, анығырақ дисплей қосылып, көріністің бұрышы мен басқа егжей-тегжейлі мәліметті тексеру оңайырақ болады. [] түймесін басқанда, оның түсіруге ешқандай әсері болмайтынын ескеріңіз.
- Егер Қашықтағы Live View терезесін жапқан кезде экранға [Download recorded movie files?/Түсірілген фильм файлдарын жүктеп алу керек пе?] хабарламасы шықса, [Download/Жүктеп алу] түймесін басып, мақсатты орынды көрсетіңіз де, компьютерге тасымалданатын файл үшін бір атау енгізіңіз, содан кейін [Download/Жүктеп алу] түймесін басыңыз.
-