Ақауларды жою

DPP дұрыс жұмыс істемей тұрса, төмендегі ақауларды жою бойынша кеңестерді қараңыз.

Орнату дұрыс орындалмаған болуы мүмкін

Windows

  • Қолданбаны әкімші аккаунтынан (мысалы, ағымдағы пайдаланушыны [Computer administrator/Компьютер әкімшісі] немесе [Administrator/Әкімші] етіп орнатып алып) орнатыңыз. Әкімші құқықтарынсыз орнату мүмкін емес. Әкімші аккаунттарын пайдалану туралы егжей-тегжейлі мәліметті компьютердің құжаттарынан қараңыз.

macOS

  • Әкімші аккаунты пайдаланылмаса, орнату мүмкін емес. Әкімші аккаунтымен жүйеге қайтадан кіріңіз. Әкімші аккаунттарымен жүйеге кіру және оларды пайдалану туралы егжей-тегжейлі мәліметті Macintosh және macOS құжаттарынан қараңыз.

DPP жұмыс істемейді

  • Компьютер жүйеге қойылатын талаптарға сай болмаса, DPP дұрыс жұмыс істемейді. DPP бағдарламасын жүйеге қойылатын талаптарға сай компьютерде пайдаланыңыз ().
  • Басқа бағдарламалық жасақтама жұмыс істеп тұрса, DPP дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Ондай жағдайда басқа қолданбалардың барлығынан шығыңыз.

Карта оқу құралы SD картасын анықтамайды

  • Карта оқу құралына және пайдаланылған компьютердің операциялық жүйесіне байланысты SDXC карталары дұрыс анықталмауы мүмкін. Мұндай жағдайда, камераны компьютерге интерфейс кабелімен жалғаңыз, одан кейін суреттерді компьютерге EOS Utility арқылы импорттаңыз.

Суреттер дұрыс көрсетілмейді

  • DPP қолдамайтын суреттер көрсетілмейді. (Нобайлар [?] түрінде көрсетіледі.) Жалпы JPEG және TIFF суреттерінің алуан түрі пайдаланылатындықтан, Exif 2.2, 2.21, немесе 2.3 талаптарына сай JPEG және Exif талаптарына сай TIFF суреттерінен басқалары дұрыс көрсетілмеуі мүмкін ().

Өңдеу әдісін басқа суретке жапсыру (қолдану) мүмкін болмады

  • RAW суреттері мен JPEG/TIFF суреттеріне арналған әдістерді бір-бірінің орнына қолдануға болмайды.

Басқа бағдарламалық жасақтама арқылы көргенде, суретте түстер әлсіз көрінеді

  • RAW түс кеңістігін sRGB нұсқасынан басқа опцияға орнатқаннан кейін RAW суреттерінен түрлендіріліп (, ), кейіннен тек sRGB түс кеңістігін қолдайтын бағдарламалық жасақтамадан қараған кезде, JPEG немесе TIFF суреттері әлсіз көрінеді. Мұндай жағдайда RAW суретін JPEG немесе TIFF етіп түрлендірместен бұрын оның түс кеңістігін sRGB етіп орнатып көріңіз.

Дисплейде көрсетілген сурет түстері басып шығарылған түстермен сәйкеспейді

  • Монитор дұрыс калибрленбеген немесе басып шығару профилі орнатылмаған болуы мүмкін. Мониторды дұрыс калибрлеу мен принтер профилінің параметрлерін реттеудің () пайдасы дисплей мен басып шығару түстерін сәйкестендірген кезде тиюі мүмкін. Canon принтерлерінде монитор калибрленгенде, принтер профилінің параметрлері автоматты түрде реттеледі.

Суреттер үлкен көлемде топтап басып шығарылмайды

  • Үлкен көлемде топтап басып шығару орта жолда тоқтап қалуы немесе суреттер басып шығарылмауы мүмкін. Басып шығарылатын суреттер санын азайтыңыз немесе компьютердегі ЖЖҚ (жадты) көбейтіңіз.