PQ сипаттамасына сай HDR суреттерін жасау
Төмендегі талаптарға сай келетін үш суреттен жарық аймақтары мен көлеңкелерінде детальдары азырақ жоғалған PQ сипаттамасына сай HDR суреттерін жасауға болады.
- Үйлесімді камералар: EOS R1, EOS R3, EOS R5 Mark II, EOS R6 Mark II, EOS R7, EOS R8, EOS R10 немесе EOS R50
- Сурет пішімі: HEIF суреттері, [HDR PQ] параметрі [Enable/Қосу] етіп орнатылған кезде түсірілген RAW суреттері немесе DPP бағдарламасында [HDR PQ settings/HDR PQ параметрлері] опциясы [On/Қосулы] етіп орнатылған RAW суреттері
Ескерту
- HDR суреті үшін пайдаланылатын бастапқы суреттердің ең жақсысы — бір көріністің төмен, қалыпты және жоғары экспозициялы суреттері.
- Ысырма жылдамдығы, апертура мәні немесе ISO көрсеткіші сияқты экспозицияға қатысты ақпараты жоқ HDR PQ суреттері үшін қолданылмайды.
-
Нәтижеде шығатын HDR суреттерінің сипаттамасы төмендегідей болады.
- Ешқандай сурет ақпараты қосылмайды.
- ALO, ашықтықты немесе гамманы реттеу, не болмаса Picture Style мәнерлері сияқты кейбір әдіс параметрлері қолданылмайды.
Ескертпе
- Нәтижеде шыққан HEIF суретін JPEG немесе TIFF суреті етіп сақтауға да болады.
-
Суретті таңдаңыз.
-
[Tools/Құралдар] мәзірінен [Start HDR PQ compositing tool/HDR PQ құрастыру құралын іске қосу] тармағын таңдаңыз.
-
Суреттерді қосыңыз.
- Алдын ала қарау панельдерін босатып, пайдаланылатын суреттерді қосу үшін [Browse/Шолу] түймесін басыңыз. HDR суретін жасау үшін үш сурет қажет.
- Қажет болған жағдайда [Browse/Шолу] түймесін басып, жаңа суретті таңдау арқылы суреттерді ауыстыруға болады.
-
Параметрлерді қажетінше реттеңіз.
- Өлшемдері бірдей файлдарды таңдасаңыз, [Auto Align/Автотуралау] түймесін басып суреттерді автоматты түрде туралауға болады. Суреттерді автоматты түрде туралау функциясы өрнектелген суреттерде (мысалы, торы немесе жолақтары бар) немесе әдетте жазық немесе біртекті келетін суреттерде жұмыс істемеуі мүмкін екенін ескеріңіз. Суреттерді туралау кейбір перифериялық сурет аймақтарын кетіріп тастайды.
-
Файлды сақтаңыз.
- Үш суретті таңдағаннан кейін, [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
- Келесі экранда суреттің пішімі мен мақсатты орны сияқты параметрлерді реттеңіз.
- Аяқтаған кезде, [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
- Енді HDR суреті жасалады.