HEVC пішімінде сақталған файлдармен жұмыс істеу
Камераңызда HDR PQ параметрлері бар болса немесе EOS R, EOS Ra немесе EOS 5D Mark IV камерасын пайдаланып жатсаңыз, HEVC пішімінде сақталған файлдармен төмендегідей жұмыс істеуге болады. Файлдарды HEIF пішімінде сақтауға да болады.
HDR PQ параметрлері бар камераларда
-
Суретті таңдаңыз.
-
[Help/Анықтама] мәзірінен [Activate HEVC codec/HEVC кодегін белсендіру] тармағын таңдаңыз.
-
Белсендіру нұсқауларын орындаңыз.
-
Белсендіргеннен кейін, DPP бағдарламасын қайта іске қосыңыз.
EOS R, EOS Ra немесе EOS 5D Mark IV камерасында
-
Canon веб-сайтынан Canon HEVC Codec файлын жүктеп алыңыз.
-
Canon HEVC Codec файлын компьютеріңізге орнатыңыз.
-
DPP бағдарламасын іске қосыңыз.
HDR PQ режимінде көрсетілген суреттерді HEIF пішімінде сақтау
- Суреттерді сақтау жөніндегі нұсқауларды Өңдеу нәтижелерін сақтау бөлімінің Түрлендіру және сақтау тармағынан қараңыз. 3-қадамда суреттің түрін таңдаған кезде, суретті сақтау алдында [Save as type/Басқаша сақтау түрі] тізімінен [HEIF (*.HIF)] тармағын таңдаңыз.
- HEIF пішімінде сақтаған кезде сурет сапасы мен қысу дәрежесін таңдау мүмкін емес.
- HEIF суреттері үшін [Save/Сақтау] (Windows), [Save/Сақтау] (macOS), [Save As/Басқаша сақтау], [Convert and save/түрлендіру және сақтау] және [Batch process/Топтап өңдеу] пәрмендерін қолдануға болады.
-
HEIF суреттерін JPEG немесе TIFF суреттері етіп сақтауға болады. (Суреттер SDR суреттері етіп сақталады.)
Бұлай өңдеген кезде көрініс HDR мониторларындағы HDR PQ көрінісіне өте ұқсас, дегенмен түс пен градация HDR PQ режимінде көрсетілгеннен аздап басқаша көрінетін болады.
Ескерту
- JPEG немесе TIFF етіп сақталған суреттердің жұмыс түс кеңістігі sRGB етіп орнатылып, оны өзгерту мүмкін болмайды.
-
DPP қолданбасынан басқа бағдарламалық жасақтамамен жасалған HEIF файлдары DPP қолданбасымен сақталған HEIF файлдарымен үйлесімді емес. DPP қолданбасында төмендегі файлдарды ғана ашуға болады.
- Камералардағы HEIF файлдары
- DPP қолданбасында сақталған HEIF файлдары
- HEIF пішімінде сақталған суреттерді Canon сиялы принтерлеріне арналған Print Studio Pro бағдарламалық жасақтамасымен басып шығару мүмкін емес.