Бірнеше суретті құрастыру

Екі суретті біріктіріп, бір сурет жасауға болады. Сондай-ақ құрастырылған суретке тағы бір сурет қосу арқылы құрастыруды жалғастыруға болады.

Құрастырылған сурет бөлек сурет болып сақталатындықтан, бастапқы суреттер өзгеріске ұшырамайтынын ескеріңіз.

Ескертпе

  • Фондық суреттің түс кеңістігі құрастырылған суреттердің түс кеңістігін анықтайды.
  • Құрастырылған суреттерге ешқандай сурет ақпараты қосылмайды.
  1. Бір фондық суретті таңдаңыз.

  2. [Tools/Құралдар] мәзірінен [Start Compositing tool/Құрастыру құралын іске қосу] тармағын таңдаңыз.

  3. Біріктіру үшін бір суретті таңдаңыз.

    • Біріктіретін суретті [Foreground Image/Алдыңғы сурет] тізім терезесінен таңдаңыз.
    • [Foreground Image/Алдыңғы сурет] терезесінде таңдалған суреттің нобайы көрсетіледі.
    • Біріктіруді алдын ала қарау терезесінде біріктірілген артқы суретті алдын ала қарау нұсқасы және [Foreground Image/Алдыңғы сурет] көрсетіледі.
    • Төмендегі суреттерді біріктіруге болады.

      • Фон ретінде басты терезе таңдалғанда: фондық сурет қалтасындағы суреттер
      • Фон ретінде [Collection/Топтама] суреті таңдалғанда: [Collection/Топтама] суреттері
      • Фон ретінде суретті өңдеу терезесіндегі сурет таңдалғанда: нобайлар түрінде көрсетілген суреттер
    • Әртүрлі өлшемді суреттерді де біріктіруге болады.
  4. Құрастыру әдісін таңдаңыз.

    • [Composite Method/Құрастыру әдісі] тізім терезесінен бір біріктіру әдісін таңдаңыз.
    • Таңдалған құрастыру әдісі құрастыруды алдын ала қарау нұсқасына қолданылады.
    • Бес құрастыру әдісін таңдауға болады: қосу, орташа, өлшенген, ашық ету және күңгірттету. Әр әдіс туралы егжей-тегжейлі мәліметті Құрастыру әдістері бөлімінен қараңыз.
    • [Weighted/Өлшенген] опциясы таңдалса, қосылған суреттің өлшенуін орнатуға болады. Өлшеуді [Composite Method/Құрастыру әдісі] тізім терезесінің астындағы [Weight/Салмақ] жүгіргісімен немесе мәнді енгізу арқылы орнатыңыз.
    • Суретті іс жүзіндегі пиксельдерімен 100% масштабта көру үшін [100% view/100% көрініс] опциясын басыңыз.
  5. Суреттерді туралаңыз.

    1. 50 пиксельге ығыстыру
    2. 1 пиксельге ығыстыру
    3. Суреттердің ортасын туралау
    4. Сондай-ақ алдыңғы суретті координаталарды енгізу арқылы да туралауға болады.
    • Әдепкі жағдайда артқы және алдыңғы фон екі суреттің де ортасына тураланып көрсетіледі.
    • Қажет болған жағдайда [Compose in RAW Format/RAW пішімінде құрастыру] опциясын таңдаңыз.

    Ескерту

    • Төмендегі функциялар [Compose in RAW Format/RAW пішімінде құрастыру] арқылы жасалған суреттер үшін қолданылмайды.

      • Auto Lighting Optimizer (Автоматты жарықтықты оңтайландырғыш) ()
      • «Автоматты» Picture Style (автоматты түрде «Стандартты» етіп орнатылады) ()

    Ескертпе

    • [Compose in RAW Format/RAW пішімінде құрастыру] талаптары төменде берілген.

      Артқы фон да, алдыңғы фон да RAW суреттері болып, төмендегі шарттардың барлығы орындалуы керек.

      • Бұл суреттер бір камерадан болуы керек
      • Екі сурет те бірдей ISO көрсеткішімен түсірілген болуы шарт
      • Бірдей ашық реңк басымдығы параметрі пайдаланылуы керек
      • Екі суреттің де бастапқы өлшемдері бірдей болуы керек
  6. [Save As/Басқаша сақтау] түймесін басыңыз.

    • Қажет параметрлерді реттеңіз, одан кейін [Save/Сақтау] түймесін басыңыз.
    • Суреттерді тағы бір алдыңғы сурет қосуға дайын жаңа фондық суретте біріктіру үшін [Continue/Жалғастыру] түймесін басыңыз.
    • Шығу үшін [Close/Жабу] түймесін басыңыз.

Құрастыру әдістері

  • Add (Қосу)

    Алдыңғы фон мен артқы фонды қосады және біріктіреді.

  • Average (Орташа)

    Алдыңғы фон мен артқы фонды нәтижеде шығатын суретте әрқайсысынан 50% көрсетілетін етіп біріктіреді.

    Алдыңғы фонның пропорциясын өзгерту үшін [Weighted/Өлшенген] опциясын таңдаңыз.

  • Weighted (Өлшенген)

    Алдыңғы фон мен артқы фонды сіз алдыңғы сурет үшін анықтаған өлшемге сәйкес біріктіреді.

  • Lighten (Ашық ету)

    Алдыңғы фон мен артқы фонды салыстырып, алдыңғы фонның ашық бөліктерін ғана біріктіреді.

  • Darken (Күңгірттету)

    Алдыңғы фон мен артқы фонды салыстырып, алдыңғы фонның күңгірт бөліктерін ғана біріктіреді.

Ескертпе

  • Басты терезедегі құралдар тақтасына бұл функция үшін түйме қосып қоюға болады ().