Сурет өңдеу терезесі

Бір қалтадан бірнеше суретті таңдап, оларды салыстырып және өңдеп жатқан кезде алдын ала көріністердің арасында ауысуға болады.

  1. Суреттерді таңдаңыз.

  2. [Edit Image/Суретті өңдеу] опциясын басыңыз.

    1. Өңделетін суретті таңдаңыз, сонда ол терезенің ортасында үлкейтіп көрсетіледі
    2. Дисплей үлкейтуін өзгерту
    3. Құрал, шарлағыш және гистограмма палитралары
    • Нобайлардың айналасында көрсетілетін белгішелер туралы егжей-тегжейлі мәліметті Басты және суретті өңдеу терезелеріндегі сурет кадры туралы мәлімет бөлімінен қараңыз.
    • Құралдар палитрасындағы соңғы әрекетті болдырмау үшін:

      Windows

      [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Undo/Болдырмау] тармағын таңдаңыз немесе Ctrl+Z пернелерін басыңыз.

      macOS

      [Edit/Өңдеу] мәзірінен [Undo/Болдырмау] тармағын таңдаңыз немесе Command+Z пернелерін басыңыз.

  3. Үлкейтілетін аймақты (4) басыңыз.

    • Сіз басқан жердің айналасында дисплей 100% үлкейіп, іс жүзіндегі пискельдер көрсетіледі.
    • Көрсету орнын жылжыту үшін не суретті сүйреңіз, не шарлағыш палитрасында ұлғайтылған аймақтың орнын сүйреңіз ().
    • Бүкіл суретті көрсету үшін қайтадан басыңыз ([Fit to window/Терезеге шақтау]).
    • Басты терезеге қайту үшін [Кері қайту] түймесін басыңыз.

Ескертпе

  • Сурет өңдеу терезесінде бірнеше қалтадағы суреттерді көрсету үшін Топтама қалталары бөлімін қараңыз.