Көп бөлімді орналасу

Көп бөлімді дисплей

Басты терезені көп бөлімді орналасу көрінісіне ауыстыру арқылы алдын ала қарау басқару тақтасын суреттерді егжей-тегжейлі тексеру үшін пайдалануға болады.

Басты терезеде орналасу көрінісін (A) өзгерту үшін түймелердің бірін басыңыз.

  • Толық өлшемді суреттің бір бөлігін іс жүзіндегі пиксельдермен көру үшін алдын ала қарау көрінісінде сол аймақты басыңыз. Бүкіл суретті көрсету үшін қайтадан басыңыз.
  1. (1)Орналасу көрінісін ауыстыру түймелері
  2. (2)Көлденең нобайлар
  3. (3)Тік нобайлар
  1. (4)Алдын ала қарауды көрсету аймағы
  2. (5)Нобай дисплейінің аймағы

Алдын ала қарау басқару тақтасын пайдалану

Алдын ала қарау басқару тақтасымен суретті егжей-тегжейлі тексеруге болады. Фильмдер таңдалған кезде, басқару панелінің басқа функциялары көрсетілетінін ескеріңіз. Егжей-тегжейлі мәліметті Фильмді ойнату және кадрды түсіріп алу бөлімінен қараңыз.

Ескертпе

  • Алдын ала қарау басқару тақтасы көрсетілмей тұрса, оны экранға шығару үшін [Thumbnails/Нобайлар] мәзірінен [Preview control panel/Алдын ала қарау басқару тақтасы] тармағын таңдаңыз.

Үлкейтуді өзгерту

  1. Бүкіл суретті көрсету
  2. Іс жүзіндегі пискельдермен толық өлшемде көрсету
  3. [Ашылмалы мәзір] түймесін басу арқылы үлкейтіп көрсету орнатылады
  4. Суреттің көрінісін үлкейту немесе кішірейту

Бекітілген суретпен салыстыру

Суреттерді салыстырған кезде, бір суретті сол жаққа бекітіп қойса, оң жақта басқа суреттерді шолу оңайырақ болады.

  • Бір суретті таңдаңыз да, [Мозаикамен көрсету] түймесін басыңыз.

    • Таңдалған сурет бекітіліп, терезелер көлденеңінен мозаикаға тізіледі.
    • Суретті бекітіп қойып шолса, оң жақта сурет ауысып жатқан кезде сурет сол жақта (1) бекітіліп тұрады. Бұл суреттерді таңдаған кезде қолайлы.
    • Басқа бір суретті бекіту үшін суретті тінтуірдің оң жақ түймесін басыңыз да, [Pin/Бекіту] опциясын таңдаңыз.
    • Сурет бекітілгеннен кейін, [Мозаикамен көрсету] түймесін басу арқылы көлденең және тік мозаика көріністері арасында ауысуға болады.

Бір уақытта бірнеше суретті көрсету

  • Бірнеше суретті таңдаңыз да, [Бірнеше суретті көрсету] түймесін басыңыз.

    • Бұл әдіспен сегіз суретке дейін көрсетуге болады.

Тор сызықтарын көрсету

  1. [Тор] опциясының жанындағы [Ашылмалы мәзір] түймесін басыңыз да, тор сызықтарының арасындағы аралықты орнатыңыз.

    • Аралықты орнату үшін мәндерді енгізіңіз немесе жүгіргіні жылжытыңыз.
    • Параметр реттелгеннен кейін, [Close/Жабу] түймесін басыңыз.
  2. Бір суретті таңдаңыз да, [Тор] түймесін басыңыз.

AF нүктелерін көрсету

  1. [AF нүктелері] опциясын жанындағы [Ашылмалы мәзір] түймесін басыңыз да, бір көрсету опциясын таңдаңыз.

    • [Show only AF points in focus/Фокуста тек AF нүктелерін көрсету] немесе [Show all AF points/Барлық AF нүктелерін көрсету] опциясын таңдаңыз.
  2. Бір суретті таңдаңыз да, [AF нүктелері] түймесін басыңыз.

Ескерту

  • AF нүктелері мына суреттерде көрсетілмейді:
    • Өлшемі өзгертіліп, басқа пішімге түрлендірілгеннен кейін сақталған суреттер
    • «Балықкөз» объективінің бұрмалануын түзету параметрлері [Shot settings/Түсіру параметрлері] опциясынан басқа әсерге орнатылған суреттер
    • Камерадағы RAW суретін өңдеу параметрлері бұрмалануды түзетуге немесе хроматикалық аберрацияны түзетуге орнатылған суреттер
    • Бірнеше экспозициялы суреттер
    • HDR суреттері

Шек мәндерінен тыс аймақтардағы жарық/көлеңке ескертулерін көрсету

Көрсетілген шек мәндерінен тыс сурет аймақтарында суреттің жарық аймақтары қызыл, көлеңке аймақтары көк түсті болып көрсетіліп, қиылған жарық аймақтар немесе көлеңкелер бар-жоғын тексеріп, тым артық реттеудің алдын алуға көмектеседі.

  1. [Жарық аймақ] опциясының жанындағы [Ашылмалы мәзір] түймесін басыңыз да, көрсетілген диалог терезесінде параметрлерді реттеңіз.

    • [Show highlight warnings/Жарық аймақ ескертулерін көрсету] және [Show shadow warnings/Көлеңке ескертулерін көрсету] опцияларын таңдап, ескерту шегінің мәндерін енгізіңіз.
      Басқа ескерту түстерін таңдау үшін [Таңдау] (Windows жүйесінде) немесе [Warning color/Ескерту түсі] (macOS жүйесінде) ұяларын таңдаңыз.
    • Параметр реттелгеннен кейін, [Close/Жабу] түймесін басыңыз, содан кейін диалог терезесін жабыңыз.
  2. Бір суретті таңдаңыз да, [Жарық аймақ] түймесін басыңыз.

    • Суреттің 1-қадамда енгізілген шектік мәндерден асатын аймақтарының барлығы жарық аймақтарда қызыл түсті, ал көлеңкелерде көк түсті болып көрсетіледі. Қажет болса, өзіңіз орнатқан ескерту түстерін пайдалануға болады.

Реттеуден бұрынғы және кейінгі суреттерді салыстыру: Нобайларды бір-бірлеп көрсету

  • Реттеліп жатқан бір суретті таңдаңыз, содан кейін салыстыру үшін [Салыстыру] түймесін қайта-қайта баса беріңіз.

    • [Салыстыру] түймесі әр басылған сайын ағымдағы өңделген сурет және бастапқы өңделмеген сурет кезекпен ауысып көрсетіледі.

Реттеуден бұрынғы және кейінгі суреттерді салыстыру: Мозаикамен/бөліп көрсету

Реттеліп жатқан нұсқаның жанында бастапқы суретті көрсету арқылы реттеу нәтижелерін тексеруге болады.

  1. Реттеліп жатқан бір суретті таңдаңыз, содан кейін [Мозаикамен көрсету] түймесін басыңыз.

    • Бастапқы сурет сол жақта, ал реттеліп жатқан сурет оң жақта көрсетіледі.
  2. Суреттердің қалай көрсетілетінін қажетінше ауыстырыңыз.

    • Суретті көрсету опцияларын кезекпен ауыстырып отыру үшін [Мозаикамен көрсету] түймесін қайта-қайта баса беріңіз. Көлденеңінен реттеу (сол/оң жақ) → Тігінен реттеу (үсті/асты) → Тігінен бөлу (сол/оң жақ) → Көлденеңінен бөлу (үсті/асты)

Сурет сипаттарын көрсету

Сурет сипаттарында түсіру және әдіс туралы ақпарат көрсетіледі.

  1. [Сипаттар] опциясының жанындағы [Ашылмалы мәзір] түймесін басыңыз.

  2. Сипаттардың көрсетілу параметрлерін реттеңіз.

    1. [Properties to display/Көрсетілетін сипаттар] ашылмалы мәзірінен [Display settings for preview properties/Алдын ала қарау сипаттарын көрсету параметрлері] тармағын таңдаңыз.
    2. Көрсетілетін элементтерді анықтау үшін [Add >>/Қосу >>] және [<< Remove/<< Шығару] түймелерін басыңыз. Таңдауға болатын элементтер сол жақтағы, ал ағымдағы элементтер оң жақтағы тізімде көрсетіледі. Сондай-ақ көрсету ретін [Move Up/Жоғары жылжыту] немесе [Move Down/Төмен жылжыту] түймесін басу арқылы өзгертуге болады.

      Параметр реттелгеннен кейін, [OK] түймесін басыңыз.

    • [Preview properties font/Алдын ала қарау сипаттарының қарпі] опциясымен алдын ала қарау терезесінде көрсетілетін ақпарат үшін қолданылатын қаріпті анықтауға болады.
  3. Бір суретті таңдаңыз да, [Сипаттар] түймесін басыңыз.

    • Егер әдіс мәліметтері реттеуден өзгеріске ұшыраса, олар реттеліп жатқан суреттерде бұрынғы/кейінгі көріністері салыстырыла отырып (мозаикалық/бөлінген көрініс) қызыл түспен көрсетіледі.

Ескертпе

  • Терезенің тіркесіміне, алдын ала қарау терезесіне немесе нобайлар өлшеміне байланысты сипат элементтерінің барлығы көрсетіле бермеуі мүмкін.