Құпиясөзді басқару
Қуат қосқышы күйіне орнатылғанда немесе камера автоматты қуат өшіруден жұмысын жалғастырған кезде енгізілген құпиясөзді басқару үшін осы параметрлерді пайдаланыңыз. Камераны іске қосуға қажетті құпиясөзді орнату нұсқаулары үшін Құпиясөзді орнату бөлімін қараңыз.
Құпиясөзді сұрау
Қуат қосқышы күйіне орнатылғанда немесе камера автоматты қуат өшіруден жұмысын жалғастырған кезде құпиясөзді енгізу қажеттілігін таңдай аласыз.
Құпиясөзді өзгерту
Қуат қосқышы күйіне орнатылғанда немесе камера автоматты қуат өшіруден жұмысын жалғастырған кезде енгізетін құпиясөзді өзгертуге болады.
-
[Change password/Құпиясөзді өзгерту] параметрін таңдаңыз.

-
Бастапқыда орнатылған құпиясөзді енгізіңіз.

-
Жаңа құпиясөзді енгізіңіз.


- Алты санды нөмірді енгізіңіз, одан кейін [OK] түймесін таңдаңыз.
-
[OK] түймесін таңдаңыз.

-
Құпиясөзді қайта енгізіп, [OK] түймесін таңдаңыз.

Енгізілген ақпаратты тазалау
Камераға енгізілген құпиясөзді және басқа ақпаратты тазалауға аласыз.
-
[Clear entered information/Енгізілген ақпаратты тазалау] параметрін таңдаңыз.

-
[OK] түймесін таңдаңыз.



