Фильм жазу өлшемі
- 4K фильмін жазу
- Сурет аймағы
- Фильмдерді жаза алатын карталар
- 4 ГБ-тан асатын фильм файлдары
- Фильм жазудың жалпы уақыты және бір минуттағы файл өлшемі
Жазу өлшемін, кадр жиілігін және қысу әдісін [: Movie rec. size/: Фильм жазу өлшемі] терезесінде орнатуыңызға болады.
[Movie rec. size/Фильм жазу өлшемі] экранында көрсетілген кадр жиілігі [: Video system/: Видео жүйесі] параметріне байланысты автоматты түрде ауысады ().
Сурет өлшемі | Aspect Ratio (Пропорциялар) | |
---|---|---|
4096×2160 | 17:9 | |
3840×2160 | 16:9 | |
1920×1080 | 16:9 |
Ескерту
- [: Video system/: Видео жүйесі] параметрін өзгертсеңіз, [: Movie rec quality/: Фильм жазу сапасы] параметрін де қайтадан орнатыңыз.
- Басқа құрылғылар 4K, / фильмдерін және Кадр жиілігі жоғары фильмдерді әдеттегідей ойнатпауы мүмкін, себебі ойнату интенсивті өңдеуді талап етеді.
- Көрінетін ажыратымдылық пен шу фильм жазу сапасына, кесілген түсіру параметрлеріне және пайдаланылған объективке байланысты аздап өзгереді.
Ескертпе
4K фильмін жазу
- 4K фильмдерін жазу жазу жылдамдығы жылдам тұрақты картаны талап етеді. Мәліметтерді Фильмдерді жаза алатын карталар бөлімінен қараңыз.
- 4K немесе кадр жиілігі жоғары фильм жазу өңдеу жүгін қатты арттырады, ол ішкі камера температурасын қалыпты фильмдерге қарағанда жылдамырақ немесе жоғарырақ көтеруі мүмкін. [] немесе қызыл [] белгішесі фильм жазу кезінде пайда болса, карта ыстық болуы мүмкін, сондықтан фильм жазуды тоқтатыңыз және картаны салмастан бұрын камераның салқындауын күтіңіз. (Картаны бірден шығарып алмаңыз.)
- 4K фильмінен картаға JPEG суреті ретінде сақтау үшін кез келген кадрды таңдауыңызға болады ().
Сурет аймағы
Фильмнің сурет аймағы фильм жазу сапасы және кесілген түсіру параметрлері және пайдаланылған объектив сияқты факторларға байланысты әртүрлі болады.
-
RF немесе EF объективтері: [Disable/Өшіру] параметріне орнатылған [: Movie cropping/: Фильмді кесу] параметрімен
- (6K RAW) (6000×3164) / (4096×2160)
- (3840×2160)
- (уақыт үзілісі) / (1920×1080) / (уақыт үзілісі)
- RF немесе EF объективтері: [Enable/Қосу] параметріне орнатылған [: Movie cropping/: Фильмді кесу] параметрімен
-
RF-S немесе EF-S объективтері
- (4096×2160)
- (3840×2160)
- (уақыт үзілісі) / (1920×1080) / (уақыт үзілісі)
Кадр жиілігі (кадр/сек.: бір секундта жазылатын кадрлар)
-
[] 239,8 кадр/сек./[] 119,9 кадр/сек./[] 59,94 кадр/сек./[] 29,97 кадр/сек.
Теледидар жүйесі NTSC болатын аймақтар үшін (Солтүстік Америка, Жапония, Оңтүстік Корея, Мексика, т.б.). [] немесе [] үшін Жоғары кадр жиілігі бөлімін қараңыз.
-
[] 200,00 кадр/сек./[] 100,00 кадр/сек./[] 50,00 кадр/сек./[] 25,00 кадр/сек.
Теледидар жүйесі PAL болатын аймақтар үшін (Еуропа, Ресей, Қытай, Австралия, т.б.). [] немесе [] үшін Жоғары кадр жиілігі бөлімін қараңыз.
-
[] 24,00 кадр/сек./[] 23,98 кадр/сек.
Негізінен кинематоргафиялық мақсаттар үшін. (23,98 кадр/сек.) [: Video system/: Видео жүйесі] параметрі [For NTSC/NTSC үшін] мәніне орнатылған кезде қолжетімді болады.
Сығымдау әдісі
-
[] ALL-I (Өңдеу үшін/тек I)
Жазу үшін әрбір кадрды бір-бірлеп қысады. Файл өлшемдері IPB (Стандартты) параметріне қарағанда үлкенірек болғанымен, фильмдер өңдеу үшін қолайлырақ болады.
-
[] IPB (Стандартты)
Жазғанда ыңғайлы болу үшін бір ретте бірнеше кадрды сығымдайды. Файл өлшемі ALL-I (Өңдеу үшін) әдісіндегіден кішірек болады, бұл ұзақ мерзім бойы фильм жазуға мүмкіндік береді (сыйымдылығы бірдей картамен).
-
[] IPB (Жеңіл)
Фильм IPB (Стандартты) әдісіндегіге қарағанда төменірек бит жиілігімен жазылғандықтан файл өлшемі IPB (Стандартты) әдісіндегіге қарағанда кішірек болады және ойнату үйлесімділігі жоғары болады. Бұл қолжетімді жазу уақытын IPB (Стандартты) параметріне қарағанда ұзағырақ етеді (сыйымдылығы бірдей картамен).
Фильмдерді жаза алатын карталар
Фильм жазу сапасының әрбір деңгейінде жаза алатын CFexpress карталары туралы мәліметтерді Canon веб-сайтынан қараңыз ().
SD карталары туралы мәліметтерді Карта өнімділігінің талаптары бөлімінен қараңыз.
Карталар көрсеткен өлшеміңізде дұрыс жаза алатынын тексеру үшін оларды бірнеше фильм жазу арқылы тексеріңіз ().
Ескерту
- 4K фильмдерін жазбастан бұрын карталарды [: Format card/: Картаны пішімдеу] терезесінде [Low level format/Төмен деңгейлі пішімдеу] параметрін таңдау арқылы пішімеңіз ().
- Фильмдерді жазу кезінде баяу жазу картасын пайдалансаңыз, фильм дұрыс жазылмауы мүмкін. Сондай-ақ, картадағы фильмді баяу оқу жылдамдығымен ойнатсаңыз, фильм дұрыс ойнатылмауы мүмкін.
- Фильмдер жазу кезінде жазу жылдамдығы бит жиілігіне қарағанда жеткілікті түрде жоғары болатын жоғары өнімділікті карталарды пайдаланыңыз.
- Фильмдерді дұрыс жазу мүмкін болмағанда картаны пішімдеңіз және әрекетті қайталаңыз. Картаны пішімдеу проблеманы шешпесе, карта өндірушісінің веб-сайтын, т.б. қараңыз.
-
Қолдау көрсетілмейтін фильм жазу
-
Келесі файлдар SD карталарына жазылмайды. Фильм түсіру түймесін басу жазуды бастамайды.
- RAW фильмдері (6K RAW)
- 4K 119,9/100,0 кадр/сек. (Кадр жиілігі жоғары фильмдер)
- 4K 59,94/50,00 кадр/сек. ALL-I
4 ГБ-тан асатын фильм файлдары
- 4 ГБ-тан асатын жеке фильм файлдарын SD карталарына жазу мүмкін емес.
- SDHC карталарымен фильм файлының өлшемі 4 ГБ-қа жеткенде, жаңа фильм файлы автоматты түрде жасалады. Фильмді ойнатқан кезде әр фильм файлын жеке ойнату қажет болады. Фильм файлдарын реттілікпен автоматты түрде ойнатуға болмайды. Фильмді ойнату аяқталғанда, келесі фильмді таңдап, ойнатыңыз.
- CFexpress немесе SDXC карталарымен жеке фильмдер 4 ГБ-тан асса да, бір файл ретінде жазылады.
Ескерту
Фильм жазудың жалпы уақыты және бір минуттағы файл өлшемі
Мәліметтерді Фильм жазу бөлімінен қараңыз.