Фокус брекетингі
Фокус брекетингі әр түсірілімнен кейін автоматты түрде өзгертілген фокстық қашықтықпен үздіксіз түсіруді қосады. Бұл суреттер терең айқындылық шегімен фокуста бір суретті жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Digital Photo Professional (EOS бағдарламалық жасақтамасы) сияқты тереңдікті құрастыруға қолдау көрсететін қолданба арқылы құрастыруға да болады.
-
[: Focus bracketing/: Фокус брекетингі] параметрін таңдаңыз.
-
[Focus bracketing/Фокус брекетингі] параметрін орнатыңыз.
- [Enable/Қосу] параметрін таңдаңыз.
-
[Number of shots/Түсірілімдер саны] параметрін орнатыңыз.
- Әр нүктеге түсірілген суреттер санын көрсетіңіз.
- [2]–[999] ауқымында орнатуға болады.
-
[Focus increment/Фокус артуы] параметрін орнатыңыз.
-
Фокусты жылжыту мөлшерін көрсетіңіз. Бұл мөлшер түсіру уақытында апертура мәніне сәйкестеу үшін автоматты түрде реттеледі.
Үлкенірек апертура мәндері фокус ауысуын арттырады және фокус брекетингіне бірдей фокус артуы мен түсірілімдер саны астында кең ауқымды қамтытқызады.
- Параметрлерді аяқтағаннан кейін түймесін басыңыз.
-
-
[Exposure smoothing/Экспозицияны тегістеу] параметрін орнатыңыз.
- [Enable/Қосу] опциясын таңдау арқылы фокус брекетингі кезінде сурет ашықтығындағы өзгерістерді қалпына келтіре аласыз, осылайша камера фокустық позицияға байланысты өзгеретін көрсетілген және нақты апертура мәнінің (тиімді ф/саны) арасындағы айырмашылықтардың негізінде түзетулер жасайды.
- Егер фокус брекетингі кезінде сурет ашықтығындағы өзгерістерді қалпына келтіргіңіз келмесе, онда [Disable/Өшіру] опциясын таңдаңыз. Осы опцияны DPP сияқты қолданбаларда түсірілген суреттердің тереңдігін құрастырудан басқа мақсаттар үшін пайдаланыңыз.
-
[Depth composite/Тереңдікті құрастыру] опциясын орнатыңыз.
- Камерадағы тереңдікті құрастыру үшін [Enable/Қосу] опциясын таңдаңыз. Тереңдігі құрастырылған сурет те, бастапқы суреттер де сақталады.
- Егер камерадағы тереңдікті құрастыруды орындағыңыз келмесе, онда [Disable/Өшіру] опциясын таңдаңыз. Тек түсірілген суреттер ғана сақталады.
-
[Crop depth comp./Тереңдікті құраст. қиып алу] опциясын орнатыңыз.
- Дұрыс көрініс бұрышына суреттерді қиып алу арқылы құрастыруды туралау үшін жеткіліксіз көрініс бұрышымен кез келген суреттерді дайындау мақсатында құрастырмас бұрын қиып алу үшін [Enable/Қосу] опциясын таңдаңыз.
- Егер осы суреттерді қиып алғыңыз келмесе, [Disable/Өшіру] опциясын таңдаңыз. Мұндай жағдайда, сақталған суреттерде көрініс бұрышы жеткіліксіз аймақтар қара жиекпен жабылады. Суреттерді қолмен қиып алуға немесе оларды қажетінше өңдеуге болады.
-
[Flash interval/Жарқыл аралығы] параметрін орнатыңыз.
- Фокус брекетингі үйлесімді Speedlite құрылғыларында жəне ДК ұясы арқылы іске қосылған Canon емес жарқыл құрылғыларында қолжетімді.
- [0] мəніне орнатылған кезде, үйлесімді Speedlite құрылғылары жанады жəне Speedlite құрылғылары толық зарядталған кезде камера түсіреді. Жарқылдың үздіксіз жануы кезіндегі сақтық шаралары үшін үйлесімді Speedlite құрылғыларының нұсқаулығын қараңыз. Сымсыз жарқылмен фотосуретке түсіру кезінде бірнеше үйлесімді Speedlite құрылғыларын пайдаланған кезде, ұзағырақ аралықты орнатыңыз.
- Canon емес жарқыл құрылғыларымен жарқылды қайта зарядтау уақыты мен беріктігі үшін қолайлы аралық уақытты орнатыңыз. Сондай-ақ, Canon шығармаған жарқыл құралдары бөлімін қараңыз.
-
Суретке түсіріңіз.
- Түсірілімдеріңізді жаңа қалтада сақтау үшін [] түймесін түртіңіз және [OK] параметрін таңдаңыз.
- Қалаған фокустық ауқымыңыздың соңына жақын фокустаңыз, одан кейін ысырма түймесін толық басыңыз.
- Түсіру басталғаннан кейін ысырма түймесін босатыңыз.
- Камера шексіздікке қарай фокустық орынды жылжыта отырып үздіксіз түсіреді.
- Түсіру суреттеріңіздің көрсетілген санынан кейін немесе фокустық ауқымның ең соңында аяқталады.
- Түсіруді болдырмау үшін ысырма түймесін толық қайта басыңыз.
Ескерту
- Фокус брекетингі мосыда фотосуреттер түсіруге арналған.
- Көріністің кеңірек бұрышымен түсіру ұсынылады. Тереңдікті құрастырудан кейін қажет болса, суретті қиып алуыңызға болады.
- Осы функциямен үйлесімді объективтер мен жарқыл құрылғылары туралы мәліметтер алу үшін Canon веб-сайтына кіріңіз ().
- Қолайлы [Focus increment/Фокус артуы] параметрлері нысан бойынша өзгереді. Қолайсыз [Focus increment/Фокус артуы] параметрі құрамдас суреттерде тегіс еместікті тудыруы мүмкін немесе түсіру көп уақыт алуы мүмкін, себебі көбірек түсірілімдер түсіріледі. Қолайлы [Focus increment/Фокус артуы] параметрі туралы шешім қабылдау үшін бірнеше сынақ түсірілімдерін түсіріңіз.
- Жыпылықтаған жарық астында түсіру тегіс емес суреттерді тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда ысырма жылдамдығын төмендету жақсырақ нәтижелер беруі мүмкін.
- Камера қолмен фокустауға орнатылған кезде фокус брекетингі қолжетімсіз болады ().
- Орындалып жатқан түсіруді болдырмау соңғы суретте экспозиция проблемаларын тудыруы мүмкін. Суреттерді Digital Photo Professional бағдарламасында біріктіру кезінде соңғы суретті пайдаланбаңыз.
- Фокус брекетингімен ең жоғарғы ысырма жылдамдығы — 1/8000 сек.
- Егер батарея бөлімін немесе карта ұяшығының қақпағын ашсаңыз немесе қалған батарея сыйымдылығы өте аз болса, тереңдікті құрастырудан бас тартылады. Бас тартылғаннан кейін, құрастырылған суреттер сақталмайды.
- Тереңдікті құрастыру өрнектелген суреттер (мысалы, тор немесе жолақтары бар) немесе әдетте тегіс және біркелкі болатын суреттер үшін сәтсіз болуы мүмкін.
- Бірнеше суретке түсіру кезінде жақынырақ фокустаудан бастап, сосын біртіндеп алысырақ фокустаңыз.
- Көптеген кадрлар арасындағы фокустық позицияны жылжыту кезіндегі өте үлкен қашықтық тереңдігі құрастырылған суреттерде бірқалыпсыздықты тудыруы мүмкін немесе құрастыру сәтсіз болуы мүмкін.
- Тереңдікті құрастыру қозғалмай тұрған нысандар үшін арналған. Осы себепке байланысты қозғалыстағы нысандарды түсіру тиімді құрастыруға кедергі келтіруі мүмкін.
- Мысалы, егер кадрларыңыз бір-бірінен алысырақ тұрған нысандардан құралған болса, онда көптеген нысандармен суреттердің тереңдігін құрастыру сәтсіз болуы мүмкін.
- Орындалып жатқан тереңдікті құрастырудан бас тарту үшін, түймесін басыңыз. Бас тартылған жағдайда құрастырылған сурет жойылады, бірақ барлық бастапқы суреттер сақталады.
- Тереңдікті құрастыру кезінде кадрлардан оңтайлы суреттер камера арқылы таңдалып, біріктіріледі. Құрастырылған суретті жасау үшін кадрлардың барлығы біріктірілмейді.
Ескертпе
- Мосыны, қашықтық ауыстырып-қосқышын (бөлек сатылады, ) немесе сымсыз қашықтан басқару құралын (бөлек сатылады, ) пайдалану ұсынылады.
- Үздік нәтижелер үшін түсірместен бұрын апертура мәнін f/5.6–11 ауқымында орнатыңыз.
- Ысырма жылдамдығы, апертура мәні және ISO көрсеткiшi сияқты мәліметтер бірінші түсірілімнің шарттары арқылы анықталады.
- Қуат қосқышы күйіне орнатылған кезде [: Focus bracketing/: Фокус брекетингі] параметрі [Disable/Өшіру] параметріне қайтады.
Тереңдікті құрастыру сурет сапасының параметрі және сақталған суреттер
-
[: Record func+card/folder sel./: Жазу функциясы+картаны/қалтаны таңдау.] бөліміндегі [ Rec options/ Жазу опциялары] [Rec. separately/Бөлек жазу] опциясынан басқа опцияға орнатылған кезде
Бастапқы суреттер*1 Құрастырылған сурет Сурет сапасы Тек () RAW JPEG/HEIF*2 Тек JPEG/HEIF*3 JPEG/HEIF JPEG/HEIF () + JPEG/HEIF*3 () + JPEG/HEIF JPEG/HEIF -
[: Record func+card/folder sel./: Жазу функциясы+картаны/қалтаны таңдау.] бөліміндегі [ Rec options/ Жазу опциялары] [Rec. separately/Бөлек жазу] мәніне орнатылған кезде
Сурет сапасы Ұяшық 1 Ұяшық 2 Бастапқы суреттер*1 Құрастырылған сурет Ұяшық 1 Ұяшық 2 Ұяшық 1 Ұяшық 2 () () JPEG/HEIF*2
()Тек JPEG/HEIF*3
()JPEG/HEIF JPEG/HEIF*2 JPEG/HEIF Тек JPEG/HEIF*3
()JPEG/HEIF
()JPEG/HEIF JPEG/HEIF*2 Тек JPEG/HEIF*3 JPEG/HEIF JPEG/HEIF
1 Бірнеше түсірілген сурет
2 () мәніне орнатылған кезде құрастырылған суреттердің сурет сапасы болады.
Ескертпе
- Құрастырылған суреттер JPEG немесе HEIF суреттері ретінде сақталады. RAW құрастырылған суреттері жасалмайды.