Ұзақ (Шам) экспозициялар
Бұл режимде, ысырма түймесін толық басып тұрған кезде ысырма ашық күйінде тұрады және ысырма түймесін жібергенде жабылады. Шам экспозицияларын түнгі көріністер, отшашулар, астрофотография және ұзақ экспозицияны талап ететін басқа нысандар үшін пайдаланыңыз.
-
Режим дискісін күйіне орнатыңыз.
-
Ысырма жылдамдығын [BULB/ШАМ] параметріне орнатыңыз.
- [BULB/ШАМ] параметрін орнату үшін дискісін бұраңыз.
-
Суретке түсіріңіз.
- Экспозиция ысырма түймесін толық басып ұстап жібергенше жалғасады.
- Экспозицияның өткен уақыты экранда көрсетіледі.
Ескерту
- Камераны шуақты ауа райындағы жасанды жарық көзі сияқты қатты жарық көздеріне бағыттамаңыз. Ол сурет сенсорын немесе камераның ішкі құрамдастарын зақымдауы мүмкін.
- Ұзақ шам экспозициялары суретте әдеттегіден көбірек шу шығарады.
- ISO авто орнатылса, ISO 400 мәні орнатылады ().
- Өздігінен түсіруді реттейтін таймер мен айнаны блоктау мүмкіндігінің екеуімен шам экспозицияларымен түсіру кезінде ысырма түймесін түсіру аяқталғанша толығымен басуды жалғастырыңыз (өздігінен түсіруді реттейтін таймер мен шам экспозициясының уақыты өткенде). Өздігінен түсіруді реттейтін таймер кері санауы кезінде ысырма түймесін босатсаңыз, ысырманы босату дыбысы ойнатылса да ешқандай түсірілім түсірілмейді.
Ескертпе
- [: Long exp. noise reduction/:Ұзақ экспозиция шуын азайту] параметрімен ұзақ экспозициялар барысында шығатын шуды азайтуға болады ().
- Шам экспозициялары үшін мосыны пайдалану ұсынылады. Сондай-ақ, айнаны блоктау мүмкіндігін () пайдалана аласыз.
- Шам экспозицияларын RS-60E3 қашықтық ауыстырып-қосқышын (бөлек сатылады, ) пайдалану арқылы түсіруіңізге болады.
- Шам экспозицияларын BR-E1 қашықтық ауыстырып-қосқышын (бөлек сатылады, ) пайдалану арқылы түсіруіңізге де болады. Қашықтан басқару құралының босату (тасымалдау) түймесін басқан кезде шам экспозициясы дереу не 2 сек. соң басталады. Шам экспозициясын тоқтату үшін түймені қайта басыңыз.