Түсіруді қашықтан басқару

Bluetooth арқылы жұпталатын қосымша BR-E1 сымсыз қашықтан басқару құралын пайдалану арқылы қашықтан түсіруіңізге болады.

BR-E1 сымсыз қашықтан басқару құралы

Камерадан шамамен 5 метрге дейін қашықтан түсіре аласыз. Камера мен BR-E1 құралын () жұптағаннан кейін жетек режимін [10 сек. өздігінен түсіруді реттейтін таймер/қашықтан басқару құралы] параметріне орнатыңыз ().

Операция процедуралары үшін BR-E1 құралының нұсқаулығын қараңыз.

Ескертпе

  • Автоматты қуат өшіру уақыты камера түсіруді қашықтан басқаруға орнатылған кезде ұзаруы мүмкін.
  • Қашықтан басқару құралын фильм жазу үшін де пайдалануға болады ().

RS-60E3 қашықтық ауыстырып-қосқышы

Камераға қосылғаннан кейін қосқыш сымды қосылымда қашықтан түсіруіңізге мүмкіндік береді.

Операция процедуралары үшін RS-60E3 құралының нұсқаулығын қараңыз.

  1. Ұя қақпағын ашыңыз.

  2. Ашаны қашықтан басқару ұясына қосып жалғаңыз.