Толық авто түсіру (Интеллектуалды авто көрініс)
- Түсірілімдерді қайта ұйымдастыру
- Жылжымалы нысандарды түсіру
- Көрініс белгішелері
- Параметрлерді реттеу
- Әсерлерді қолданып түсіру (Шығармашылық көмекші)
— толық автоматты режим. Камера көріністі талдап, оңтайлы параметрлерді автоматты түрде орнатады. Сондай-ақ, ол нысанның қимылын анықтау арқылы тұрақты немесе жылжыған нысанға фокусты автоматты түрде реттей алады ().
-
Режим дискісін күйіне орнатыңыз.
-
түймесін басыңыз.
- Хабарды оқыңыз және [OK] тармағын таңдаңыз.
-
Камераны түсіретін нәрсеңізге бағыттаңыз (нысан).
- Негізінен, камера ең жақын нысанға фокустайды.
- Көріністапқышпен түсіруде фокустауға нысан үстінде AF аймағы жақтауын (1) ортасы бойынша туралау арқылы көмектесе аласыз.
- Live View арқылы түсіруде жақтау (AF нүктесі) экранда пайда болған кезде оны нысанға бағыттаңыз.
-
Нысанға фокустаңыз.
-
Фокустау үшін ысырма түймесін жартылай басыңыз.
жыпылықтаса, кірістірілген жарқылды қолмен көтеріңіз.
Көріністапқышпен түсіруде
-
Фокусқа қол жеткізу кезінде фокусқа қол жеткізген AF нүктесі көрсетіледі. Сол мезетте бипер дыбыстайды және көріністапқыштағы фокустау көрсеткіші жанады. Төмен жарықта AF нүкте(лер)сі аз уақытқа қызыл түспен жанады.
- Көмескі жарықта AF көмекші сәулесі (үздіксіз жарқыл) кірістірілген жарқыл шығарылғанда автоматты түрде қажетінше жанады.
Live View арқылы түсіруде
- Нысан фокусқа алынғаннан кейін сол AF нүктесі жасыл түске айналады және камера дыбыстық сигнал шығарады.
- Қозғалған нысанда фокусқа алынған AF нүктесі көк түске айналады және нысан қозғалысын бақылайды.
-
-
Суретке түсіріңіз.
- Суретке түсіру үшін, ысырма түймесін толығымен басыңыз.
- Жаға түсірілген сурет экранда шамамен 2 сек. бойы көрсетіледі.
- Кірістірілген жарқылды ішіне кіргізу үшін оны саусақтарыңызбен басыңыз.
Ескерту
- Нысан қозғалысы (нысандар тұрақты немесе қозғалатын болса да) кейбір нысан немесе түсіру жағдайлары үшін дұрыс анықталмауы мүмкін.
Ескертпе
Бұлыңғырланған фотосуреттерді азайту
- Қолмен ұстап түсіргенде камераның шайқалуынан абай болыңыз. Камераның шайқалуын болдырмау үшін мосыны пайдалану ұсынылады. Түсіру жабдығының салмағын көтере алатын мықты мосыны пайдаланыңыз. Камераны мосыға мықтап бекітіңіз.
- Қашықтық ауыстырып-қосқышын (бөлек сатылады, ) немесе сымсыз басқару құралын (бөлек сатылады, ) пайдалану ұсынылады.
ЖҚС
-
Фокустау мүмкін емес (көріністапқышта, көріністапқышпен түсіруде жыпылықтаған арқылы немесе Live View арқылы түсіруде сарғылт AF нүктесі арқылы көрсетілген).
AF нүктесін жақсы контрасты бар аймаққа көздеңіз де, ысырма түймесін жартылай басыңыз (). Нысанға тым жақын болсаңыз, алыстау тұрып, қайтадан түсіріңіз.
-
Бірнеше AF нүктелері бір уақытта көрсетіледі.
Фокус осы нүктелердің барлығында алынған.
-
Ысырма түймесін жартылай басу арқылы нысан фокусқа алынбайды.
Егер объективтегі фокустау режимінің қосқышы күйіне орнатылса, оны күйіне орнатыңыз.
-
Ысырма жылдамдығының көрінісі жыпылықтауда.
Тым қараңғы болғандықтан суретке түсіру камераның шайқалуына байланысты нысанның бұлыңғырлауына әкелуі мүмкін. Мосыны, кірістірілген жарқылды немесе сыртқы жарқылды () пайдалану ұсынылады.
-
Суреттер тым қараңғы.
Нысандар күндізгі уақыт түсірілімдерінде арты жарықтандырылған жағдайда немесе көмескі жарықта түсіру кезінде кірістірілген жарқылды автоматты жарқыл жануын қосу үшін алдын ала көтеріңіз.
-
Кірістірілген жарқыл көмескі жарықта түсіру кезінде қосылғанда қайталап жанған кірістірілген жарқыл.
Автофокустауды оңайлату үшін ысырма түймесін жартылай басқан кезіңізде кірістірілген жарқыл қайталап жануы мүмкін ().
-
Жарқылман түсірілген суреттер тым ашық.
Жарқылмен суретке түсіруде нысандарды жақын ауқымда түсірсеңіз, суреттер ашық (жеткіліксіз экспозицияланған) болуы мүмкін. Нысаннан алыс тұрып қайтадан түсіріңіз.
-
Жарқылмен түсірілген суреттердің төменгі бөлігі қалыптан тыс қараңғы.
Тым жақын нысандарды түсіру түсірілімдеріңізде объектив көлеңкесін көрінетін етуі мүмкін. Нысаннан алыс тұрып қайтадан түсіріңіз. Объектив блендасын пайдаланып отырсаңыз, оны түсірместен бұрын алып тастап көріңіз.
Ескертпе
Кірістірілген жарқылды пайдаланбаған жағдайда келесілерді ескеріңіз.
- Төмен жарықтылықта камера шайқалуы мүмкін болған орында көріністапқыштың ысырма жылдамдығының көрінісі жыпылықтайды. Камераны қозғалмастан ұстап тұрыңыз немесе мосы пайдаланыңыз. Үлкейту объективін пайдалану кезінде камераның шайқалуынан туындаған бұлыңғырды объективті кең бұрышты жағына орнату арқылы азайтуыңызға болады.
- Көмескі жарықта портреттер түсіру кезінде нысандарға түсіруді аяқтамайынша қозғалмай тұруларын айтыңыз. Түсіріп жатқан кезіңіздегі кез келген қозғалыс адамды суретте бұлыңғыр көріндіреді.
Түсірілімдерді қайта ұйымдастыру
Көрініске байланысты теңестірілген фонды қосу мақсатында нысанды солға немесе оңға қарай орналастыру жақсы перспективті сурет түсіруге көмектеседі.
Тұрақты нысанды фокустау үшін ысырма түймесін жартылай басқанда фокус сол нысанда құлыпталады. Ысырма түймесін жартылай басып тұрған кезде, түсірілімді қайта ұйымдастырыңыз және одан кейін суретке түсіру үшін ысырма түймесін толық басыңыз. Бұл «фокустау құлпы» деп аталады.
Ескертпе
- Live View арқылы түсіруде түсірілімді қайта ұйымдастырсаңыз да, камера бастапқыда анықталған және фокусталған барлық беттерге фокустауын жалғастырады.
Жылжымалы нысандарды түсіру
Ысырма түймесін жартылай басу қозғалған нысандарды фокуста ұстау үшін оларды бақылайды.
Ысырма түймесін жартылай басып тұрып нысанды AF аймағы жақтауында (көріністапқышпен түсіруде) немесе экранда (Live View арқылы түсіруде) ұстаңыз және шешуші сәтте ысырма түймесін толық басыңыз.
Көрініс белгішелері
Камера көрініс түрін анықтап, оған сәйкес келу үшін барлығын автоматты түрде орнатады. Live View арқылы түсіруде анықталған көрініс түрін білдіретін белгіше экранның жоғарғы сол жағында пайда болады ().
Параметрлерді реттеу
Көріністапқышпен түсіруде жетек режимін, кірістірілген жарқылдың жануын және Шығармашылық көмекші параметрлерін түймесін басу арқылы реттеуіңізге болады.
Live View арқылы түсіруде кірістірілген жарқылды, жетек режимін, сурет сапасын, Сенсорлы ысырманы және Шығармашылық көмекші параметрлерін белгішелерді түрту арқылы реттеуіңізге болады.
Әсерлерді қолданып түсіру (Шығармашылық көмекші)
-
түймесін басыңыз.
- Көріністапқышпен түсіруде [Creative Assist/Шығармашылық көмекші] параметрін таңдау үшін пернелерін пайдаланыңыз.
Ескертпе
- Көріністапқышпен түсіруде түймесін басуыңызға және [Creative Assist/Шығармашылық көмекші] параметрін таңдауыңызға да болады.
- Live View арқылы түсіруде хабарды оқыңыз және [OK] тармағын таңдаңыз.
-
Әсерді таңдаңыз.
- Әсерді таңдау үшін немесе пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін түймесін басыңыз.
-
Әсер деңгейі мен басқа мәліметтерді таңдаңыз.
- Оны орнату үшін немесе дискісін бұраңыз, одан кейін түймесін басыңыз.
- Параметрді қайта орнату үшін түймесін басыңыз, одан кейін [OK] тармағын таңдаңыз.
Шығармашылық көмекші әсерлері
-
[] Preset (Алдын ала орнату)
Алдын ала орнатылған әсерлердің біреуін таңдаңыз.
[Saturation/Қанықтық], [Color tone 1/Түс реңкі 1] және [Color tone 2/Түс реңкі 2] параметрлерінің [B&W/Қара және ақ] режимімен қолжетімді емес екенін ескеріңіз.
-
[] Background blur (Өң бұлыңғырлығы)
Өң бұлыңғырлығын реттеңіз. Өңді анығырақ ету үшін жоғарылау мәндерді таңдаңыз. Өңді бұлыңғырлату үшін төмендеу мәндерді таңдаңыз. [Auto/Авто] өңдік бұлыңғырлануды ашықтыққа сәйкестендіру үшін реттейді. Объектив ашықтығына (f/сан) байланысты кейбір позициялар қолжетімді болмауы мүмкін.
-
[] Brightness (Ашықтық)
Сурет ашықтығын реттеңіз.
-
[] Contrast (Контраст)
Контрастты реттеңіз.
-
[] Saturation (Қанықтық)
Түстердің ашықтығын реттеңіз.
-
[] Color tone 1 (Түс реңкі 1)
Сары/көк түс реңкін реттеңіз.
-
[] Color tone 2 (Түс реңкі 2)
Жасыл/қызыл түс реңкін реттеңіз.
-
[] Monochrome (Монохромды)
Монохромды түсіру үшін реңк беру әсерін орнатыңыз.
Ескертпе
- [Background blur/Өң бұлыңғырлығы] параметрі жарқыл пайдаланылған кезде қолжетімді болмайды.
- Бұл параметрлер түсіру режимдерін ауыстырған немесе қуат қосқышын күйіне орнатқан кезіңізде қайта орнатылады. Параметрлерді сақтау үшін [: Retain Creative Assist data/:Шығармашылық көмекші деректерін сақтау] параметрін [Enable/Қосу] мәніне орнатыңыз.
Әсерлерді сақтау
Ағымдағы параметрді камераға сақтау үшін [Creative Assist/Шығармашылық көмекші] параметрі экранындағы түймесін басыңыз, одан кейін [OK] тармағын таңдаңыз. Үш алдын ала орнатуға дейін [USER*/ПАЙДАЛАНУШЫ*] ретінде сақтауға болады. Үшеуі сақталғаннан кейін бар [USER*/ПАЙДАЛАНУШЫ*] алдын ала орнатуы жаңасын сақтау үшін қайта жазылуы тиіс.