Карталарды салу/шығарып алу

Түсірілген суреттер картаға жазылады.

Салу

  1. Ашу үшін қақпақты сырғытыңыз.

  2. Картаны салыңыз.

    • Суретте көрсетілгендей карта жапсырмасы өз орнына сырт еткенше оны өзіңізге қарай бетімен қаратып енгізіңіз.

    Ескерту

    • Жазуды және өшіруді іске қосу үшін картаның жазудан қорғау қосқышының (1) жоғарыға қарай орнатылғанын тексерiңіз.
  3. Қақпақты жабыңыз.

    • Қақпақ сарт етіп жабылғанша көрсеткілермен көрсетілгендей оны жабыңыз және жылжытыңыз.

Картаны пішімдеу

Егер карта жаңа болса немесе алдында басқа камера немесе компьютер тарапынан пішімделген (баптандырылған) болса, картаны камера арқылы пішімдеңіз ().

Шығарып алу

  1. Қақпақты ашыңыз.

    • Қуат қосқышын Қуатты өшіру күйіне орнатыңыз.
    • Қатынасу шамының (1) өшірілгенін тексеріңіз, одан кейін қақпақты ашыңыз.
    • [Saving.../Сақталуда...] терезесі экранда көрсетілсе, қақпақты жабыңыз.
  2. Картаны алыңыз.

    • Картаны шығару үшін оны ақырындап итеріңіз және жіберіңіз.
    • Картаны тартып алып, одан кейін қақпақты жабыңыз.

Ескертпе

  • Қолжетімді түсірілімдер саны картаның қалған сыйымдылығына, сурет сапасының параметрлеріне, ISO көрсеткiшiне байланысты өзгереді.
  • [Түсіру: Release shutter without card/Түсіру:Ысырманы картасыз босату] параметрін [Disable/Өшіру] мәніне орнату картаны салуды ұмытуды болдырмайды ().

Ескерту

  • Қатынасу шамы жанса немесе жыпылықтаса, бұл суреттердің картаға жазылып немесе оқылып жатқандығын, өшіріліп немесе деректердің тасымалданып жатқандығын білдіреді. Осы уақытта карта ұяшығын ашпаңыз. Сурет деректерін бүлдіруді немесе карталарды немесе камераны зақымдауды болдырмау үшін қатынасу шамы жанып немесе жыпылықтап тұрғанда келесі әрекеттердің ешқайсысын ешқашан орындамаңыз.

  • Егер картада әлдеқашан жазылған суреттер бар болса, сурет нөмірі 0001 болып басталмауы мүмкін ().
  • Экранда картаға қатысты қате туралы хабар көрсетілетін болса, картаны шығарып алып, қайта салыңыз. Егер қате түзетілмесе басқа картаны пайдаланыңыз.

    Егер сіз картадағы суреттерді компьютерге тасымалдай алсаңыз, барлық суреттерді тасымалдаңыз және картаны камера арқылы пішімдеңіз (). Карта одан кейін қалыпты күйге оралуы мүмкін.

  • Картаның байланыстарына саусақтарыңызбен немесе металл заттармен тимеңіз. Байланыстарға шаң немесе судың тиюін болдырмаңыз. Байланыстарға кір жабысса, байланыстардың ақаулығы орын алуы мүмкін.
  • Мультимедиа карталарын (MMC) пайдалану мүмкін емес. (Карта қатесі көрсетіледі.)