Үй электр қуаты розеткасының қосалқы құралы
Камераны үй электр желісінің розеткасымен DR-E18 тұрақты ток жалғастырғышын және AC-E6N айнымалы ток адаптерін (әрқайсысы бөлек сатылады) пайдалану арқылы қуаттандыруға болады.
-
Тұрақты ток жалғастырғышының қуат ашасын қосыңыз.
- Тұрақты ток жалғастырғышының қуат ашасын желілік қуат розеткасына қосыңыз.
-
Қуат сымын жалғаңыз.
- Қуат сымын суретте көрсетілгендей жалғаңыз.
- Камераны пайдаланғаннан кейін қуат ашасын қуат розеткасынан шығарыңыз.
-
Тұрақты ток жалғастырғышын енгізіңіз.
- Батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз және Тұрақты ток жалғастырғышты орнына түскенше мықтап салыңыз.
-
Тұрақты ток сымын тесік арқылы тартыңыз.
- Тұрақты ток сымының саңылау қақпағын ашыңыз және сымды көрсетілгендей өткізіңіз.
- Батарея бөлімінің қақпағын жабыңыз.
Абайлаңыз
- Камераның қуат қосқышы күйіне орнатылған болса, қуат сымын қоспаңыз немесе ажыратпаңыз.