Батареяларды салу/шығарып алу
Толығымен зарядталған LP-E17 батарея жинағын камераға салыңыз.
Көріністапқыш ашықтығы батарея салынған кезде артады, ал шығарып алынған кезде азаяды. Батареясыз көріністапқыш дисплейі бұлыңғыр болады және фокустау мүмкін болмайды.
Салу
-
Батарея бөлімі қақпағының құлпын сырғытыңыз және қақпақты ашыңыз.

-
Батареяны салыңыз.

- Электрлік түйіспелері бар жағымен салыңыз.
- Батареяны өз орнында құлыпталғанша енгізіңіз.
-
Қақпақты жабыңыз.

- Қақпақты сарт етіп жабылғанша басыңыз.
Ескерту
- LP-E17 батарея жинағынан басқа батареяларды пайдалануға болмайды.

