Батареяны зарядтау

  1. Батареямен берілген қорғаныс қақпағын ажыратыңыз.

  2. Батареяны зарядтау құрылғысына толығымен салыңыз.

    • Батареяны шығарып алу үшін керісінше орындаңыз.
  3. Батареяны зарядтаңыз.

    LC-E17

    • Көрсеткімен көрсетілгендей зарядтау құрылғысының айырын қайырыңыз және айырды розеткаға қосыңыз.

    LC-E17E

    • Қуат сымын зарядтау құрылғысына жалғаңыз және айырды розеткаға қосыңыз.
    • Зарядтау автоматты түрде басталады және зарядтау шамы (1) қызғылт сары болып жанады.
    • Батарея толығымен зарядталған кезде, толық зарядталу шамы (2) жасыл болып жанады.
    • Заряды толық таусылған батареяны бөлме температурасында (23°C) толығымен зарядтауға шамамен 2 сағат кетеді.

      Батареяны зарядтауға жұмсалатын уақыт орта температурасына және батареяның қалған зарядына байланысты әр түрлі болады.

    • Қауіпсіздік себебінен төмен температураларда (5–10°C) зарядтау көбірек уақыт алады (шамамен 4 сағатқа дейін).
  • Сатып алынған кезде батарея толығымен зарядталмаған болады.

    Пайдалану алдында батареяны зарядтаңыз.

  • Батареяны пайдаланудан бір күн бұрын немесе пайдаланылатын күні зарядтаңыз.

    Зарядталған батареялар өздерінің зарядын олар пайдаланылмаған кезде де біртіндеп жоғалтады.

  • Батареяны зарядтағаннан кейін оны шығарып алыңыз және зарядтау құралын розеткадан алыңыз.

  • Камераны пайдаланбаған кезде батареяны алып тастаңыз.

    Егер батарея камера ішінде ұзақ уақытқа қалса, қуат тогының аз бөлігі босатылады және ол зарядтың жылдам таусылуына және батареяның жарамдылық мерзімінің қысқаруына себеп болады. Батареяның қорғаныс қақпағын бекітіп сақтаңыз. Батареяны толығымен зарядтап сақтау оның өнімділігін нашарлатуы мүмкін.

  • Сондай-ақ, зарядтау құрылғысын басқа елдерде де пайдалануға болады.

    Зарядтау құрылғысы 100 В АТ - 240 В АТ 50/60 Гц қуат көзімен үйлесімді болып табылады. Қажет болса, тиісті ел немесе аймақ үшін сатып алуға болатын аша адаптерін жалғаңыз. Зарядтау құрылғысына ешқандай тасымалды кернеу трансформаторын жалғамаңыз. Осылай істеу зарядтау құрылғысын зақымдауы мүмкін.

  • Егер батарея толығымен зарядталғаннан кейін де жылдам таусылатын болса, ол батареяның қызмет көрсету мерзімінің аяқталғандығын білдіреді.

    Батареяның қайта зарядтау өнімділігін () тексеріңіз және жаңа батарея сатып алыңыз.

Ескерту

  • Зарядтау құрылғысының қуат ашасын ажыратқаннан кейін айырға шамамен 5 сек. тимеңіз.
  • Берілген зарядтау құрылғысы LP-E17 батарея жинағынан басқа ешқандай батареяны зарядтай алмайды.