Қолданбаны пайдалану

Қолданбаны пайдалану алдында өңдейтін суреттерді компьютерге көшіріңіз.

  1. Қолданбаны іске қосыңыз.

    • Жұмыс үстеліндегі [Neural network Upscaling Tool] белгішесін екі рет басыңыз.
  2. Суретті таңдаңыз.

    • Қолданбамен өңдейтін суретті [File/Файл] мәзіріндегі [Open file/Файлды ашу] опциясын таңдау немесе [Add/Қосу] түймесін басу арқылы таңдаңыз.
    • Суретті терезеге сүйреу арқылы да қосуға болады.
    • Суретті тізімнен жою үшін оны таңдаңыз да, [Delete/Жою] түймесін басыңыз.
    • [Destination folder/Мақсатты қалта] ішінде қолданба арқылы жасалған суреттерді сақтайтын қалтаны көрсетіңіз.
  3. [Execute/Орындау] түймесін басыңыз.

    • [Please note that image processing takes time./Суретті өңдеу үшін уақыт кететінін ескеріңіз.] хабары көрсетілгеннен кейін [OK] түймесін басыңыз.
    • Суретті өңдеу аяқталғаннан кейін [Exit/Шығу] түймесін басыңыз.
    • Қолданба арқылы жасалған суреттер файл атауына “_Up” қосылып сақталады. Бұл файлдар түпнұсқа файлдар сияқты бірдей сурет пішімінде сақталады.

Ескертпе

  • Қолданба арқылы жасалған суреттердің түстік кеңістігі төменде берілген.
    • Түпнұсқа суреттер sRGB немесе AdobeRGB түстік кеңістікте: Бірдей түстік кеңістік қолданылады
    • sRGB немесе AdobeRGB түстік кеңістіктен басқа түстік кеңістіктегі түпнұсқа суреттер: sRGB түстік кеңістігі қолданылады