PSE бағдарламасын жою
Бағдарламалық жасақтаманы жоюдың алдында барлық басқа бағдарламалардан шығыңыз.
Бағдарламалық жасақтаманы жояр алдында әкімші аккаунтымен жүйеге кіріңіз.
Компьютерде мәселелер пайда болмауы үшін, бағдарламалық жасақтаманы жойғаннан кейін компьютерді міндетті түрде өшіріп, қайта қосыңыз. Компьютерді өшіріп, қайта қоспастан бағдарламалық жасақтаманы қайта орнатуға әрекет жасалғанда да мәселелер туындауы мүмкін.
Windows
Операциялық жүйеңізге арналған стандартты жою әдісін орындаңыз.
macOS
[Canon Utilities/Canon утилиталары] қалтасын ашыңыз.
[Picture Style Editor] қалтасын қоқыс себетіне сүйреңіз.
Finder қолданбасы мәзірінен [Empty Trash/Қоқыс себетін босату] тармағын таңдаңыз.
Компьютерді қайта іске қосыңыз.
Ескерту
- [Empty Trash/Қоқыс себетін босату] пәрменімен жойылған деректерді қалпына келтіру мүмкін емес.
- Егер PSE бағдарламасын қайта орнатсаңыз, [Picture Style Editor] қалтасын жойып, [Empty Trash/Қоқыс себетін босату] тармағын пайдаланыңыз және алдымен компьютерді қайта іске қосыңыз.